Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет105/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование в 
современной школе» - Алматы; 2009 г. 


2.
А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева ХХІ 
ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық әдістемелік 
дайджест. Алматы, 2009 ж.
3.
Кӛкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын
басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛАР
 
Исманова Розия Эрмековна 
№72 С.Нҧрмағамбетов атындағы ЖОББМ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 

Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, 


Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт 
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі ӛзгерістерге 
байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы ӛзгерді, білім берудің 
мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін 
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең 
негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық 
қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз ӛзінің дамуының 
ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен 
мазмұнын айқындап берді. 
Қазіргі таңдағы білім саласының маманы еңбек нарығында бәсекеге 
қабілетті, кәсібі жоғары мәдениетті, оқытудың инновациялық, ақпараттық және 
денсаулық сақтау технологияларын жетік меңгеруі тиіс. Қай елдің болсын ӛсіп 
- ӛркендеуі, әлемдік ортада ӛзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің 
қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы әлемдік оқу үрдісінің ӛзегі-жаңа 
технологияларды жетік меңгеруіне тікелей байланысты болмақ. «Білім – теңіз, 
мектеп – кеме», - деген қанатты сӛз кез-келген азаматтың саналы ӛмірін 
қалыптастыратын алғашқы алтын босағасы, білім ордасы- мектептің қоғамдағы 
орны мен ролін айқындап тұрса, Н.Ә.Назарбаев: «Бәрі де мектептен 
басталады» - деп мектептің қоғамдағы орнын ерекше бағалады.
Ұстаз мамандығы- киелі мамандық, олай болса, мамандық таңдау 
барысында болашақ ұстаздық мамандығына жүрек қалауымен, ӛзіндік қабілеті 
мен биімділігіне қарай таңдаса ғана ӛзіне жүктеген жауапкершілік биігінен 
кӛрінері хақ. Қазіргі замандағы ұстаз алдындағы басты міндет XXI ғасыр- 
білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, 
ұлттық тӛл мәдениетті қастерлей білетін, рухани жан – дүниесі бай, ой-ӛрісі 
дамыған жоғары білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. 
Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және ӛзінің біліміңе 
ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы 
мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларда ӛз шырақтарын 
жағып алардай жағдай туғыз» - деген қағидалары қазіргі уақытта да маңызды 


болып отыр. Бүгінгі таңда білім берудін озық технологияларың меңгермейінше, 
сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес. 
Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан, тез ӛзгеріп тұратын әлеуметтік – 
экономикалық, педагогикалық, ғылыми ӛзгерістерге тез тӛселгіш, жаңаша 
ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез 
ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей 
алатын, шәкіртінің жанына нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты 
тұлғасы, яғни, «Жаңа формация мұғалімі» деуге болады.
«Білім негізі - бастауышта» демекші, білім берудін алғашқы сатысы - 
бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, 
ӛз бетіне шешім қабылдай алуға, практикалык әрекеттерге дайын болуға, 
оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты 
талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздін 
саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. 
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге 
еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі 
жаңару үрдістерін қызу қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды 
практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда. Мысалы: Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдовтың «Дамыта окыту», Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» 
технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту», С.Н.Лысенкова 
«Түсіндіре басқарып – оза оқыту», «Тәй-тәй» бағдарламасы, Монтессори 
педагогикасы, Н.Зайцевтің әдістемесі, ӚТШТ т.б 
Дегенмен қазіргі кездегі негізгі талап – білімді адамды әлемнің бүтіндей 
бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай 
алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналу.
Белгілі кеңес педагогы М.Н.Скаткин 70-жылдардың басында былай деп 
жазған болатын: «Негізінен мұғалімді ӛздерін қалай оқытса, олар басқаларды 
солай оқытады. Сондықтан егер біз мектеп практикасына оқытудың қандай да 
бір жаңа әдістерін енгізетін болсақ, ең жақсы жол - бұл әдістерді ең алдымен 
мұғалімдерді оқыту барысында, яғни олармен ӛткізілетін сабақтарда қолдану 
болып табылады».
Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде мектепке дейінгі 
білім беру ұйымдары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жоғары 
оқу орнының қабырғасында белгілі бағдарламалау арқылы іске асырылады. 
Инновациялық педагогикалық технологиялар кез-келген пәнді оқыту 
барысында мұғалімдердің ой-ӛрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін кӛтеріп, 
шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді 
кеңінен пайдалануға және білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдердің кәсіби даярлығын 
жетілдіруде инновациялық педагогикалық технологиялардың орны ерекше.
Мұғалімдер 
арасында 
«Мектепте 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар негізінде оқытудың тиімділігі», «Интерактивті белсенді 
сабақтар», «Ақпараттық технологияны қолдану аркылы оқушылардың 
құзыреттілігін дамыту», «Жан-жақты коммуникативті оқыту технологиясы» 
және т.б. практикалық семинарлар ұйымдастырылуы керек. 


Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап ӛсуде. ХІХ ғасырдың екінші 
жартысына дейін негізгі ақпараттық технология құрамына қағаз, қауырсын, 
сия, статистикалық есеп кітаптары кірді. Коммуникация құжаттарды мекен-
жайға бағыттау, жіберу арқылы жасалды. Қазіргі кезде оқу процесінде 
ақпараттық технологияларды қолданудың мәні кӛптеген факторлармен 
айқындалады: 
оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау; 

оқу материалының кӛлемін арттыруға мүмкідік жасау; 

оқу 
процесіне 
ақпараттық 
технологияларды, 
қазіргі 
телекоммуникациялық құралдарды енгізу. 
Қазіргі мектептерде ӛзінің жұмысын жаңашыл тұрғыда жасап,тек ақпарат 
беру кӛзі болып қана қалмай, оқу процесін ұйымдастыруды толықтай ӛз 
мойынына алып және шығармашылық жолында ӛзінің жеке идеяларын ұстана 
алатын жаңашыл мұғалімге деген қажеттілік туындады. 
Мұғалімге ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны 
жаңа сатыға жеткізу қажеттілімен қатар білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін 
жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, 
рухани бай, ӛз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру ӛз шешімін 
қажет ететін іс жүзінде жүзеге асыратын басты мәселе болуы қажет. 
Әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы 
сапасын қамтамасыз ету, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге, дамытуға, шығармашыл тұлғаны 
қалыптастыруда білім беру кеңістігін интеграциялау үшін, жаңашылдыққа 
үйренуге мүмкіндік болуы үшін, мұғалімдердің кәсіби даярлығын шыңдауда 
инновациялық технологияларды қолданудың маңызы ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет