оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бӛлінетін топтар немесе
сарапшы топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ. Топтық жұмысты орындау
үшін бір топта қандай оқушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда
мұғалім ӛзі қалаған әдіспен оқушыларды шағын топқа біріктіреді. Топтың
мүшелері кездейсоқ бірігеді. Бұл жағдайда мұғалімге сыныптағы оқушылардың
бір-бірімен мейлінше араласқаны маңызды.
Екіншіден, аралас топ. Мұғалім мақсатты түрде шағын топқа әртүрлі
деңгейлі оқушыларды біріктіреді. Себебі бұл топтық жұмыс жаңа оқу
мақсатына жету үшін қажетті алдыңғы білімдері мен біліктерін қайталап, бір-
бірінің есіне түсіру мақсатында ұйымдастырылған.
Үшіншіден деңгейлі топ. Мұғалім ерекшеліктеріне қарай топтарға
біріктіреді. Қызығушылығы бір оқушылар бір топта немесе жоғары деңгейлі,
орта және тӛмен деңгейлі оқушылар. Оларға арнайы тапсырмалар
дайындалады. Бұл топтық жұмысты жоспарлау кезінде мұғалім неліктен
оқушыларды дәл осылай біріктіретінін және неліктен тапсырмаларды беретінін
нақты түсінеді.
Тӛртіншіден, қалаулы топ. Мұғалім оқушыларға ӛз қалаулары бойынша
отыруға мүмкіндік береді. Сыныпта қандай да бір топтық жоба жұмыстарын
жасау керек болған кезде бұл әдісті қолдану тиімді.
Бесіншіден, қыз-ұл деп бӛлуге болады. Бұл әдіспен оқушыларды біріктіру
мұғалімге қыз балалар мен ер балалардың оқудағы ерекшеліктерін терең
зерттеуге мүмкіндік туындайды.
Рӛлдер. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ олардың әрқайсысы
әртүрлі рӛл атқарады.
Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген
оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет
болуы мүмкін.
Диалог\Сұрақтарды пайдалану. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай
ӛзінің қоятын сұрақтарын және оқушылардың берген жауаптарын саралайды.
Кез келген білім алушы үшін маңызды ресурс – қағаз емес, электронды құрал
емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы
арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі
аспектілері бар.
Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың
нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер
оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму
аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін
икемді үдеріс.
Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет
пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі
түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға
қарай ілгерілей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: