Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Концепция дифференциации обучения в средней общеобразовательной
школе / Под ред. В.М.Монахова, В.А. Орловой. –М.1990.-195с.
2.
Новикова Л.И.Дифференцированный подход к учащимся в процессе
обучения //Начальная школа. -2002. -№1.-С. 48-51 с.
Түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру. Астана, НЗМ.2016.-40б
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢАШЫЛ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Ефремова Валентина Николаевна,
Жуалы ауданы білім бӛлімінің әдіскері
Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сӛздің тұлға, мағына,
қисын жағын тану түрде үйрету керек.Сӛздің тұлға, мағына
жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі таңда білім беру ісіне ерекше кӛңіл бӛлініп, қолға алынып отыр.
Соған сәйкес білім саласына заман ағымына сай жаңа бағдарламалар, жаңа
технология әдіс-тәсілдері енгізілуде .Осы идеялардан оқытудың және
тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы жаңа кӛзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге
бағытталған білім беруді кӛздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, оқушыларға
қазіргі заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің ең ӛзекті мәселесі.
Қазіргі кезде сабақта жаңа технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.
Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің
жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу
керек» – деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген,
табандылығын, шыдамдылығын кӛрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Заманауи жаңашыл технологиялар ұғымының пайда болуы білім беру
саласында компьютерлік сабақтар ӛткізумен тығыз байланысты. Кӛптеген
электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу
бағдарламалары жасалуда және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда
қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың
ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа
дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі
арқылы қызықты мәліметтер, кӛрнекіліктер таба аламыз.
Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
• – оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей
алады;
• – оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
• – орындаған жұмыстарының қателерін бірден кӛруге мүмкіншілік тудырады;
• – интерактивті тақтаны еркін қолданады;
• – ақпараттық мәдениетін дамытады;
• – зерттеу дағдылары дамиды;
• – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
• – әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып,
оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде кеңінен 243 пайдаланылып,оң
нәтижелер беруде. Олар – В.Фирсовтың саралай оқыту, П.Эрдниевтің
дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, Ш.Амонашвилидің ізгілікті –
тұлғалық, В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау, М.Жанпейісованың модульдік
оқыту, Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту, Г.Селевконың ӛзін- ӛзі дамыта
оқыту және т.б.технологиялары. Аталған технологиялардың қазақ тілін басқа
ұлт ӛкілдеріне оқытудағы маңызы ерекше.
Осындай ізденістен туындаған технологиялардың бірі – тірек сызбалар
арқылы оқыту әдістемесі . Әдістеменің ерекшелігі мен маңызы неде ?
Бірінші ерекшелігі – нақты, дәл есептелген тұтас оқу процесін құра білу.
Виктор Федорович Шаталов бұл құрылымды былай түсіндіреді: «Тірек сызба
дегеніміз – ойынның элементі, уақыт 29 үнемділігі және оқушы психологиясын
қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты
логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі және ұзақ уақыт есте
сақтауы».
Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тарауды
түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір -екі тірек
сызбасына сыйдыруға болады.
Ал ең негізгі ерекшелігі -тірек сызбасын қолдану. Бұл әдістеме қазіргі
күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Тірек
сызбалар оқушылардың сӛйлеу тілін арттыру мақсатында
пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл
түсінуге, есте сақтап қалуға кӛмектеседі.Орыс топтарында қазақ тілін оқытуда
ең қолайлы жолдардың бірі-тірек сызбаларын пайдалану: себебі олар тірек
сызбалар арқылы сӛйлем құрастырып, ӛз ойларын айтып жеткізуге үйренеді,
сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.Тірек сызбасын сабақта кеңінен
пайдалану- мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды ӛткізуіне
әсер етеді.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды ӛткізе білуді, кӛп
шығармашылық
ізденісті,
білімділікті,
тапқырлықты
қажет
етеді.
Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке
кӛзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын
талап етеді.
Грамматикалық тақырып бойынша ережені жаттау түрде бермей, тірек
сызбалар арқылы үйрету, кӛп есте қалатын болады. Оқушылар ережені тірек
сызбалар арқылы ұғып алса, оларды сабақта жиі пайдаланып отырса, оқу
жүйесін жақсы түсінетін болады. Берілген тірек сызбаларды пайдалана отырып,
оқушыларға грамматиканы кеңінен және керекті ережені қолдануларына
мүмкіншілік туғызуға болады. Сабақ барысында кӛп сӛйлемей-ақ сабақ
негіздерін қысқа да нұсқа ұсынып, шығармашылық ой-ӛріс жүйесін арттыруға
жағдай жасалады. Оқушылар аудару жұмысын орындағанда грамматиканы
оңай түрде қолдана алатын болады.
Постермен жұмыс – тақырыпты ашудың тиімді тәсілі. Постермен жұмыс
барысында оқушылар түрлі идея тастап, оны дәлелдеу үшін еңбек етеді.
Оқушының ойлануы, ол ойын жеткізуі тілді меңгеру үшін ӛте тиімді. Постерді
қорғау – шешендік ӛнерді қажет етеді.
Сын тұрғысынан ойлауға арналған әртүрлі қызықты тапсырмалар беру, топтық
жұмыста белсенділігін арттыру мақсатында постерлер жасату арқылы баланың
қызығушылығы артады. Әрбір сабақ соңында оқушылармен кеңесу барысында
оларға зерттеушілік қабілетті арттыру үшін интернет желісіне кіріп, іздену
керектігін және кітапханаларға барып тіл байлықтарын арттыру үшін әдеби
оқулықтар алып оқуды түсіндіремін. Оқушының сыни тұрғысынан ойлануына
оң ықпалын тигізетін әңгіме түрі зерттеушілік әңгімесі болып саналады. Осы
зерттеушілік әңгімені ӛз сабақтарымда жиі қолданамын. Сонда ғана оқушы
білімді, саналы, ойлау қабілеті мен сӛйлеу шеберлігі дамитындығын, ӛмірге
кӛзқарасы қалыптасып, белгілі бір шешімді қабылдай алатынын, есте сақтау
қабілеті дамитындығын, алған білімін кез-келген жерді пайдалана алатын тұлға
қалыптасатынына сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |