Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет23/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. 
2. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, 
таңдаукурстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы. 
3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, 
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Білім жәнеғылым министрінің 2018 жылғы 10 
мамырдағы № 199 бұйрығы. 
4. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, 
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 
жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығы. 
 
 
 


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ РӚЛІ 
Жаркеева Гулназ Бекетовна, 
Қарағанды облысы бойынша 
ББД ОӘО әдіскері
 
 
Бүгінгі оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ӛзгертуге 
бағытталған білімнің кең қолданыс тапқаны белгілі. Ал бұл ӛзгермелі қоғам тек 
сауаттылықты ғана талап етеді. Кез келген тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытып, білімін 
жетілдірудегі басты құралы – оқу сауаттылығы десек, мұғалімнің мақсаты – 
оқушылардың мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру болып 
табылады.
Білім алушылардың берілген мәтінді түсініп оқып, оны мазмұндап, ол 
бойынша жоспар құрып, негізгі сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлерге 
мінездеме беру сияқты тапсырмалармен шектеліп келген оқу әрекеті олардың 
функционалды сауаттылықтарын қалыптастыра алмайды. Сондықтан кез 
келген білім алушы ӛзін қоршаған әлемнің кешегісін, бүгіні мен болашағы 
туралы біліп қана қоймай, ойлап, талдау жүргізіп үйренеді, шығармашылық 
тұрғыда дамиды, оның тұлға ретіндегі адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Ал қазақ тілі пәні мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсат – оқушылардың 
мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту десек, оқушылардың мәтінмен 
жұмыс істеу дағдыларын қалай жетілдіріп жүрміз деген сауал кімді де болса 
мазалары анық. Ол үшін алдымызға мынадай міндеттер қойғанымыз дұрыс: 
- мәтінді оқып, түсініп, ӛз тұжырымдарын жасауға үйрету; 
- шешім қабылдай алуға үйрету; 
- шығармашылық тұрғыда ойлай алуға үйрету. 
Осы міндеттерді орындай отырып, білім алушылардың ілгерілеуін, 
меңгеру деңгейін ӛлшеу үшін, әрине, қалыптастырушы бағалаудың түрлерін 
қолданған жӛн. Оқыған мәтін бойынша білім алушыны ынталандырып отыру 
арқылы оның ішкі уәжі қалыптасып, қызығушылығы артады. Сонымен қатар 
оқу дағдылары дамып, оның уәжі күрделене түседі. Ал мұндай нәтижеге жету 
үшін кез келген мұғалімнен зор дайындық талап етілетіні анық. Тіпті мәтін 
бойынша құрастырылған сұрақтар мен тапсырмалардың ӛзі білім алушылардың 
білім-білік дағдыларын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Осы орайда мәтінмен жұмыс істеудің мынадай қадамдарын ұсынған болар едім: 
-
Мәтіннің мазмұнын болжау және оның мағынасын түсіну; 
-
Мәтіннен берілген ақпаратты таба білу; 
-
Мәтінді түсіну, талдау; 
-
Мәтінді қорытындылау және бағалау. 
Алдымен оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін мәтіндерді таңдап алу 
керек. Нұсқаулық, мақала, кӛркем шығармадан үзінді, диаграмма, жарнама 
түріндегі мәтіндермен танысу барысында білім алушы мәтінді ой елегінен 
ӛткізе отырып, кері байланыс жасай алу мүмкіндігіне ие болады. Берілген 
мәтіндерге кері байланыс жасау арқылы оқушы нені жақсарту керек екенін 
жақсы түсінеді. Яғни оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру, 


жақсарту үшін күнделікті оқу нәтижелеріне қалыптастырушы бағалау арқылы 
мониторинг жасалады. Ал оның ерекшелігі сол – оқушының күнделікті білім 
алудағы олқылықтарын түзете отырып, қиындық тудыратын сұрақтарын 
анықтап, оны жоюдың жолдарын қарастырады. Сонымен қатар сол бағалаудың 
нәтижесін талдауды тұрақты жүргізіп отыру керек. Мысалы, күнделікті оқу 
нәтижелерін талдау арқылы біз ӛзіміздің оқытудың нәтижелілігінің 
қаншалықты дұрыс болғандығына баға береміз. Сондай-ақ алдағы уақыттағы 
іс-әрекетімізді жоспарлауға бағыт-бағдар аламыз. Ӛзіміздің іс-әрекетіміз 
туралы кәсіби педагогикалық рефлексия жасаймыз, сондай-ақ, оқу мен 
оқытудағы қандай да бір қиындықтарды, кедергілерді анықтауға жағдай 
жасайтын боламыз. Осы оқу мен оқытудағы қиындықтарды анықтау арқылы 
дер кезінде қандай іс-шараларды қолдануға болатындығына қандай да бір 
бағыт-бағдар алатын боламыз.

Осы аталған бағалау түрлерінің ӛзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, 


оларға ортақ бір мақсат бар.
 
Ол – оқу мақсаты.Оқу мақсаты оқу сапасын 
жақсартатынын, оқудың тиімділігін қамтамасыз ететіндігін ескерсек, бағалау 
жүйесі оқушыларды білім мен дағдыны алу үдерісінің құндылығына 
бағытталуы қажет. Осындағы бағалау Мағжан ақынның мына идеяларымен 
үндесіп жатқанын да байқауға болады: «Балада жақсы оқысам молдадан 
мақтау, сый аламын, жаман болсам молдадан таяқ жеймін, ұрыс естимін деген 
ой болмасын. Мұндай болса, баланың іскерлігі соған жұмсалып, мұғалімнің 
беріп отырған сабағын білейін деген шын ынтамен тыңдамайды». Яғни, бұдан 
шығатын қорытынды баланың жұмысының кемшілігін емес, оның әрі қарай 
дамуына ықпал етуіміз керек. 
[1].
Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің түрі – 
ӛзін-ӛзі бағалау мен ӛзара бағалау екені белгілі. Мәтінді оқып, берілген 
тапсырмаларды орындай отырып, білім алушы ӛзін бақылап, ӛзінің 
нәтижелерін ӛзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша білім алушы 
мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін 
жинақтау арқылы ӛзінің құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың 
қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп алып, қандай да бір 
қателіктер кеткен жағдайда мұғалім білім алушының жұмысын жақсартуға 
байланысты нақты ұсыныстар беріп отырғаны дұрыс. Егер мұндай бағалаулар 
болмаса, білім алушы ӛз білімін терең де жан-жақты әрі дұрыс бағалай 
алмайды. Ӛз тәжірибемде үнемі «Температураны ӛлшеу», «Екі жұлдыз, бір 
тілек», «Бір минуттық эссе» т.б. қалыптастырушы бағалауларды қолданып 
отырамын. Ал кейбір оқушылар ӛзін-ӛзі бағалағанды жақсы кӛреді. Бұл, яғни 
ӛзіне деген сенімділікті нығайып, оқу сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. 
Сонымен қатар, бірін-бірі бағалау да үлкен рӛл атқарады. Мәтінді оқып, 
тапсырмаларын орындағаннан кейін білім алушылар бір-бірінің жауаптарымен 
алмаса отырып, қажеттіліктеріне қарай туындаған сұрақтарды бірігіп 
талқылайды. 
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін 
қалыптастырушы бағалаудың құралдарын ӛз бетінше дайындауға мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар ол оқу мәнмәтінін, білім алушылардың жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды, олардың дескрипторларын 


құрастырады. Сол арқылы олардың ата-аналарына кері байланыс береді. Кез 
келген мәтінді оқып, оның тапсырмасын оқымастан бұрын критерийлермен 
таныстырып немесе ӛздеріне құрғызған жӛн. Мұғалім әр тапсырма орындалып 
болған соң «Сен мұндай қатені жібермеу үшін не істейсің?» деп, білім 
алушылардың ішкі сенімін арттырып отырады.
Сондықтан қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын мүмкіндігінше
қызықты болса, соғұрлым баланың шығармашылық қабілеті, логикалық ойлау 
жүйесі, оның ӛмірге деген кӛзқарасы дұрыс қалыптасып, бойында адами 
құндылықтар қалыптасады, ӛздігінен білім алуға ынталанады.
Қорыта айтқанда, оқу сауаттылығын арттыруда қалыптастырушы 
бағалаудың рӛлі ӛте зор. Ӛйткені мұғалім мен білім алушы арасындағы кері 
байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, ӛсуіне тікелей әсер 
ететін үдерістің бірі – қалыптастырушы бағалау болғандықтан, оқу сапасының 
қалай жүріп жатқандығын анықтауға мүмкіндік береді [2]. Сӛздер бұлтына 
назар аударып қарайтын болсақ, оқу сауаттылығы деген кең ұғым: мәтінді 
түсіну, ақпаратты ықшамдау, қорытынды жасай білу, білім, білік дағдыларын 
қолдана білу т.б. Сондықтан оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды 
үздіксіз жүргізу керек. Сонда ғана білім алушы мен мұғалімнің арасында 
байланыс орнап, оқу сауаттылығы, ӛмірге деген құлшынысы артып, алған 
білімін ӛмірде қолдана алуға мүмкіндік туады. 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Мағжан Жұмабаев шығармалары, Алматы - 2002ж. 
2.
Кемешова А.М. «Критериалды бағалау технологиясы» Астана- 2018 ж. 
16-б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет