Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет22/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
«Білімді Ел» газеті, 15.09.2021 
2.
Құдайбергенева К.С. «Құзырлылық амалының негізгі ұгымдары». 
Алматы,2007. 
3.
ҚР «Білім туралы» заңы 
4.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте». Алматы, 2019
5.
«Қазақстан мұғалімі». Алматы, 2020 
6.
https://bilimainasy.kz/мұғалімнің-кәсіби-құзіреттілігі-нә/
 
https://infourok.ru/malimni-ksibi-zirettiligi-bayandama-1764779.html
 
САБАҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Сергазина Зинегуль Джумадиловна 
 «Қостанай қаласы білім бӛлімінің №18 мектеп-гимназиясы» КММ, 
 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі, 
педагогика ғылымдарының магистрі 
Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының кӛзге кӛрінетін 
негізгі бір бӛлігі. Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға 
бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған 
алғашқы дайындықтан басталады және сабақ жоспарын дайындау – табысты 
сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 
бойынша оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы, оқу мақсаттарының 
жүйесі туралы болмақ. Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде бастауыш білім 
беру деңгейінде «Қазақ тілі» пәні ретінде, негізгі орта және жалпы білім беру 
деңгейлерінде «Қазақ тілі» мен «Әдебиеті» пәндері «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
кіріктірілген пәні ретінде оқытылады. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» 
пәндерін біріктіріп оқытудың басты себебі – кӛркем шығарманы түсіну 
қиындығын жеңілдету. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушының 
коммуникативтік дағдыларын дамытып, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық 


мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, осы тілде еркін сӛйлесуге әрі сауатты 
жазуға үйрету «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәні – ӛзге тілде білім 
беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды бӛлігі болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиетінің тақырыптық және тілдік ортақтығы арасындағы 
ӛзара байланыстың күшейтілуі арқылы оқушылардың қазақ тілінің түрлі 
стильдерін бір оқу бағдарламасы аясында меңгеруіне ықпал етеді. Ӛйткені 
ортақ тақырып қазақ тілінен мен әдебиеттен алынатын білімдердің ерекше 
синтезін жасайды. Оны меңгерту үшін жаңа деңгейдегі оқу - танымдық 
процесті Ұйымдастыратын әдістер мен тәсілдер жүйесі де айқындалуы керек. 
Оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және 
жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру, анализ, салыстыру және 
бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге оларды ӛмірде тиімді қолдана 
білуді үйренеді. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа ӛзгерістерге бейім, 
жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға ықпал 
етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқыту қазақ тілінде 
жүргізілмейтін мектептерде «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 
бойынша қолданылатын құжаттар:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарты;
- Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламалары (қосымшасы: ұзақ мерзімді жоспар) 
- Пән бойынша оқу жоспары (орта мерзімді жоспар);
- Күнделікті сабақ жоспары (қысқа мерзімді жоспар) Пәнінің үлгілік оқу 
бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандартына сәйкес әзірленді.
Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны ӛзін-ӛзі оқыту 
субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде 
нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру 
құндылықтарының ӛзара байланысы мен ӛзара шарттылығына негізделген 
тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту 
мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске 
асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке 
ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына 
бағытталғаны оның ерекше ӛзгешелігі болып табылады.
Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық 
және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын 
жүргізу, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым 
қатынас жасаудың түрлітәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей 
алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды 
дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының 
мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де 
жетістігінің кепілі болып табылады. Үлгілік оқу бағдарламасы пәннің 
мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымдарын бағыттайтын 
педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. 
Оқу пәнінің мазмұны бӛлімдер бойынша берілген. Бӛлімдер бӛлімшелерге 
бӛлініп, әр бӛлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер: 


дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер түрінде оқу мақсаттары 
жүйесінде кӛрсетілген. Тоқсандағы бӛлімдер және бӛлімдер ішіндегі 
тақырыптар бойынша сағат сандарын бӛлу мұғалімнің еркіне қалдырылады Оқу 
бағдарламасының негізі болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесі оқу 
пәнінің мазмұнын анықтайды. Оқу мақсаттары арқылы мұғалімдер сӛйлеу 
қызметінің тӛрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) 
қалыптастырады, сонымен қатар, оқушының жетістігін бағалайды және 
оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді және оның жүйесі 
бірізді,оңайдан қиынға қарай, шиыршық қағидаты сақталып жасалған.
Оқу мақсаттары қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін тӛрт 
саннан тұратын кодтық белгімен белгіленеді және коммуникативтік дағдылар 
түрлері бойынша оқу мақсаттары кешенді және түрлі нұсқада қолданыла алады. 
Бұл мақсаттар жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге қағидатымен 
орналастырылған. Негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнін кіріктіріп оқытуда жаңа әдістемелік логика ұсталынады, сабақты 
ұйымдастыру, ең алдымен, оқу материалының ерекшелігіне, сынып деңгейіне 
негізделеді. Жаңартылған коммуникативтік бағыт тек коммуникативтік 
әдістерді атап қана қоймайды, әрбір коммуникативтік әдісті іштей кіші 
бӛлшектерге бӛліп, олар кіші дағдылар – оқу мақсаты түрінде әрбір сыныпқа 
тӛменнен жоғары қарай дамып, күрделене түсетін спираль түрінде жүйелі 
құрастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет