Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА



Pdf көрінісі
бет24/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА 
НЕГІЗДЕЙ ОТЫРЫП ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН 
 ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шералхан Гульмира 
Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп- гимназия 
Шымкент қаласы 
Әр пәннің ӛз мақсат-міндеті, ӛзіне тән ерекшеліктері бар. Сапалы сабақ 
және оның нәтижесі сабақ мақсатына тікелей байланысты. Саралау 
тапсырмалары, қолданылатын әдіс- тәсілдер, керібайланыс сияқты сабақтың ең 
маңызды алғышарттары осы сабақ мақсатына бағытталуы керек. Сондықтан да 
бүінгі қозғайтын мәселем осы мақсаттарға байланысты болмақ. Ӛйткені сабақ 
мақсаты - сабақтың жүрегі, сабақ құрылымының тірегі, тақырыптың ӛзегі.
Әуелі, қазақ әдебиеті пәнінің ерекшелігіне тоқталайын. Әдебиет - ұлы 
ӛнер. Адамдық асыл қасиетті бойға сіңіретін, ұлы сезімді жырлайтын, ізгіліктің 
нұрын себетін киелі ӛнер. Міне, осындай баға жетпес құнды дүниелерді 
оқытатын әдебиет – пәндердің тӛресі. Олай болса, оның оқытылуына бей-жай 
қарауға болмайды. Жаңартылған бағдарлама аясында қазақ әдебиеті пәні қалай 
оқытылып жатыр?


Жаңартылған мазмұнда білім беру – уақыт талабы. 
Бағдарлама мақсаты
– 
жаһандану заманында ӛзіндік кӛзқарасы бар, пікірін еркін жеткізе алатын, 
алған білімдерін ӛмірде қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға 
тәрбиелеу. Идея керемет! Жаһандану процесі үздіксіз жүріп, ғылым мен 
техника қарыштап дамыған, жылдам ӛзгермелі мына заманда жас ұрпаққа сол
үдерістің қатал талаптарына сай әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім 
беріп, заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгерген, әлеуметтік 
қарым- қатынасқа түсе алатын оқушыларды адамгершілік рухта тәрбиелеуге 
қол жеткізу –мұғалімдерінің алдында тұрған міндет. Бірақ жаңартылған білім, 
жаңа ағым, уақыт талабы деп жүріп, әдебиетті оқытудың ӛз мақсатын назардан 
тыс қалдырмағанымыз абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет