оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеу;
оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге дейін
ӛзгерістер енгізу;
оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу.
Дағды, білім, түсінік және сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі
жолымен келетінін кӛрсету;
оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;
оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не оқушы
топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру.
Саралап оқытудың негізгі түрлерінің бірі даралап оқыту болып табылады,
сондықтан авторлардың кӛпшілігі «саралап оқыту» туралы түсінікті «даралап
оқыту» (оқушының белгілі бір ерекшеліктерін, қасиеттерін ескеру) ұғымымен
тығыз байланыста қарастырады, бірақ әртүрлі анықтама береді (тәсілі, түрі,
кешені, топтастырылуы, құралдарына қарай және т.б.). Зерттеулердің нәтижесі
саралаудың екі түрін береді. Олар сыртқы және ішкі (сынып ішіндегі) саралау
болып бӛлінеді: Саралап оқытудың мақсаты: Әртүрлі оқушының
бейімділіктерін айқындауға, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау.
Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, ойлау қабілетін
жетілдіру және болашақ кәсіби қызметіне бейімдеу. Сыртқы саралау бұл
оқушыларды анық белгілеріне (қабілеттер, қызығушылықтар және т.б.) қарай
тұрақты топтарға бӛлу, бұл топтардағы білім мазмұны да, оқыту тәсілдері де
сондай-ақ ұйымдастыру нысандары да әр түрлі. Ішкі саралауда кездейсоқ
белгілер бойынша құрылған тұрақты топтағы балалардың ӛзіндік ерекшеліктері
ескеріледі. Бұнда топтарға бӛлу айқын немесе еркін болуы мүмкін, қойылған
оқу мақсатына қарай топ құрамы ӛзгеріп отырады. Сыртқы саралаумен қатар
оқу үдерісін ұйымдастыру барысында ішкі саралаудың қатар жүргені дұрыс.
Ӛйткені сыртқы саралау арқылы құрылатын сыныптар белгілі-бір белгілері
бойынша бір-біріне ұқсас болғанымен, басқа белгілері бойынша әр түрлі болып
келеді, осы жағдайда мұғалімдер ішкі саралауды қолданады. Саралау әр түрлі
деңгейде жүзеге асуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: