Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет164/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Нәтиже бойынша саралау.
Нәтиже дегеніміз сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған 
білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді игерту мақсатында тапсырма 
береді, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері 
әртүрлі болады. Бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс жасаудан 
гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және 
жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойланғандары маңызды. Сабақта 
мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың 
әрқайысының ӛздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне кӛз жеткізулеріне әрекет 
жасайды. Оқу ортасы бойынша: мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу 
ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет. Сонымен 
қатар саралаудың айқын және жасырын түрлері де анықталған. Айқын саралау 
балалар ӛздерінің сараланып жатқанын білетін, кӛзге кӛрінетін саралау түрі.
Мысалы:
-
жеке жұмысқа арналған деңгейлік тапсырмалар; 


-
жоғары деңгейдегі оқушылар үшін күрдегенген тапсырмалар;
-
әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар; 
-
әр оқушыға жеке тәсіл;
-
жеке шығармашылық жұмыс;
-
сабаққа оқушының қосымша озық материалдар дайындауы;
-
шешімдер үлгілерін, теориялық анықтамаларды, қосалқы мәселелерді 
пайдаланып, тапсырмаларды орындау т.б.
Айқын саралау кезінде қиын балармен жұмыс істеудің, үлгерімі тӛмен 
оқушыларға кӛмектесуге, үлгерімі жоғары оқушыларға кӛңіл бӛлудің 
мүмкіндіктері пайда болады. Сондай-ақ, мықты оқушылар ӛз қабілеттерін 
кӛрсетуіне, үлгерімі тӛмен оқушылар ӛз жетістіктерін сынауына да мүмкіндік 
туады. Жасырын саралау дегеніміз «оқуды жекешелендіру» немесе 
оқушыларды деңгейімен «топтастыру» мен «жеке жұмысты» тең деңгейді 
қолдану дегенді білдірмейді. Жасырын саралау бұл оқыту үдерісінде 
оқушылардың жекелеген ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс-тәсілдерін 
есепке алу, қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды таңдау құқығын беру. 
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі тәсілдерін 
қарастыруға болады: Сабақты жоспарлауда және оқытуда жалпы ортақ 
қабылданған саралаудың осы тәсілдерін барынша орынды қолдануға 
машықтанған жӛн. Себебі, саралаудың осындай тиімді әдістерін қолдана 
отырып, оқушылар арасындағы ауқымды ерекшеліктерін ескеруге болады. 
Психолог Н.А.Менчинская «Оқыту тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне 
ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар тұлғасының жеке басының 
ерекшеліктеріне байланысты», - деген.
Демек, 
оқушыларға оқу мақсатына жетуді кӛздейтін тапсырма, 
жаттығуларды беру барысында баланың жеке ерекшелігі және қажеттілігі 
ескерілуі керек. Бұл мәселе аясында ұлы ғұлама Аристотельдің ӛзі былай деген: 
«Оқушылар биіктен кӛрінуі үшін алдыңғыларға жетіп, соңғыларды тоспауы 
керек». Яғни, әр бала ӛз ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне қарай 
тапсырмалар мен жаттығуларды орындай отыра оқу мақсатына жетуі керек. 
Жоспарлау және оқыту барысында тапсырманы саралаудың маңыздылығы 
басым. Саралаудың бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар 
ойластыруды кӛздейді. Оқушыларға жекелеп немесе топтарға олардың 
меңгерген білімдеріне негізделген тапсырмалар беріледі. Аса қабілетті 
оқушыларға айтарлықтай жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік 
беретін, проблемаларды шешу қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды 
талап ететін күрделі тапсырмалар беруге болады.
Бұдан біз саралау тәсілдерінің бірі оқушының қарқынын кӛре аламыз. 
Сыныптағы жұмыстарды кейбір оқушылар жылдам, ал кейбірі баяу істейді. 
Қарқыны баяу және де оқу деңгейі тӛмен оқушылар ӛз бетімен орындалатын 
жұмысты сыныптағы жан-жақты тексеру кезіне дейін үлгере алмайды. 
Сондықтан да тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт керек болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет