Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет167/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Әдебиеттер 
Жолдасов Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. – Алматы: 
Білім, 2007. – №5. – Б. 62-64. 
Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – Алматы: 
Білім, 2004. – 134 б. 
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім // Қазақстан мектебі. – 2008. 
– №4. – 35-37 б. 
Кӛшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын кӛтеруде 
пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 2008. – №4. – Б. 78-80. 
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – Алматы: Арыс, 
2007. – 128 б. 
ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН 
ОҚЫТУДАҒЫ ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Туғанбаева Айнаш Батырбекқызы 
Қосымша білім беру педагогі
№131 жалпы орта білім беретін мектебі, Шымкент қаласы 
 
Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана 
білу арқылы ғана жетуге болады. 
Ахмет Байтұрсынұлы. 


Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 
оқытудың әдіс-тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін 
арттыруды талап етеді. Оқыту үрдісін оңтайландыру, соның ішінде тілді оқыту 
жұмыстарын жандандыру тек бір күннің ғана емес, үнемі жалғасып, дамып 
отыратын процесс. Тілді оқыту қазіргі кезде жанжақты қарыштап дамыған 
кезде тілді үйретуде жаңа технологияларды пайдалану маңызды болып 
табылады. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып 
табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – 
сӛйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым, лексика-
грамматика) меңгерте білу. Сол себепті де тілді оқытуда тек жазба мәтіндермен 
шектеліп қалуға болмайды. Ӛйткені адам баласы ӛз ӛмірінде оқу әркетінен гӛрі, 
тыңдау әркетінде кӛбірек болады. Тыңдай білу-тілдік қатынастарда аса қажетті 
әрекеттердің бірі. Бұл дағдының күнделікті адам ӛмірінде атқаратын қызметі 
зор және адамның қатынас икемділігінің негізгі ӛлшемдерінің бірі болып 
табылады. Арнайы зерттеулердің нәтижесінде адам орта есеппен уақытының 
29,5% -ын - тыңдауға, 25,5% -ын - сӛйлеуге, 10% -ын- жазуға жұмсайтындығы 
анықталған. 
«Тыңдалым» – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту 
арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған 
аудиомәтіндегі сӛздерді, сӛйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау 
және түсіну дегенді білдіреді. Бұл атаудың ең басты мәні адамдар арасындағы 
қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді тыңдау, есту арқылы 
қабылдау және ұғу [1]. Сондықтан тыңдалым - сӛйлеу әрекетінің рецептивті 
түрі, яғни бір мезгілде сӛйлеуді есту арқылы түсіну және қабылдау. Тілдік 
қарым-қатынас екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың тілдік 
дайындығында тыңдалымды жете бағалау маңызды. Ӛйткені, оқытудың 
маңызды мақсаттарының бірі - оқушыларды дыбысты сӛйлеуді түсінуге үйрету 
болып табылады.
 
Ресейлік профессор, педагогика ғылымдарының докторы Елена Николаевна 
Соловова тыңдаудың тӛрт негізгі механизмы атап кӛрсеткен. Олар [5]: 
-
сӛйлеуді есту 
-
есте сақтау 
-
ықтималдық болжау 
-
артикуляция механизмі. 
Тыңдалым оқыту құралы ретінде оқушыларды жаңа тілдік материалдармен 
таныстыруды қамтамасыз етеді. Сол себепті орыс тілді аудиторияға тыңдалым 
әрекетінің маңызды орны бар. Әсіресе жекелеген дыбыстар, буындар, сӛздер, 
сӛз тіркестерін ажыратуға арналған тапсырмалар, қысқа сұхбаттар, ӛмірден 
алынған әңгімелер, теле-радио жаңалықтары, бейнежазбалар, ән клиптері, 
кӛркем фильмдерден үзінділер, аутентикалық аудиомәтіндер – қазақ тілі 
сабақтарында орындалатын тапсырмалардың ажырамас бӛліктері. Сондықтан 
тыңдалым жаттығуларына арналған тапсырмалар арқылы оқушыларды 
қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу 
керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану кӛп 
септігін тигізеді. Оқушыға тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін тапсырма 
түрлері қызықты болуға тиісті. Ал тыңдалымға арналған мәтінді іріктеу кезінде 


оқушының мазмұндық сипаттамасы, тілдік және композициялық ерекшеліктері, 
сондай-ақ, сӛйлеу, есту қабілеті, назары, сӛйлеу болжамына және ықтималдық 
болжауға қабілеттілігі, ішкі сӛйлеудің дамуы мен дәлелдей білу деңгейі 
ескеріледі. Сондай-ақ тыңдалым әрекетін меңгертуге арналған жаттығу түрлері 
тіл үйренушінің тілді білу деңгейіне, жас ерекшелігіне мақсатына, ӛмірдегі 
қажеттілігіне қарай құрастырылады. Сонымен қатар тыңдалатын мәтіндердің 
тәрбиелік мәні, тіл үйренушінің қызығушылығын арттыратындай белгілі бір 
мәселесі және сӛйлеудің әр түрінің (монолог, диалог, полилог) қамтылуы – 
мәтін мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі. Тыңдалған ақпарат 
қарымқатынас жасауға негіз болу керек. [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет