Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет168/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Тыңдалым 
барысындағы 
психолингвистикалық 
 
ҥдеріс 
Ғалым Ф. Оразбаеваның айтуы бойынша, түсіну – сӛйлесім әрекетінің барлық 
түрлеріне тән ең басты кӛрсеткіш. Бір адам екінші адамның айтқанын 
түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сӛйлесу жүзеге аспайды. Сӛйлесім 
әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір 
хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Сондықтан «аудирование» 
дегенді түсіну емес, «тыңдалым» деп атайтынын, түсіну процесін осы 
әрекеттердің бәріне ортақ ұстаным ретінде танитынын айтады [3]. 
Тыңдалым әрекетінде аудиомәтінмен жұмыс оң нәтиже береді. Оқушы берілген 
материал бойынша ауызша, жазбаша тапсырмалар орындау нәтижесінде 
сӛйлесім әрекетіне түседі. Аудиомәтінмен жұмыс үш түрлі кезеңнен тұрады: 
мәтіналды жұмыс, мәтінмен және мәтіннен кейінгі жұмыс.Мәтіналды 
жұмыстарында оқушыға белгілі бір жағдаят туғызу немесе жекелеген сӛздер, 
сӛз тіркестері, суреттер, жоспар арқылы оқушыға тыңдайтын мәтін 
тақырыбына болжам жасату керек. Ал мәтінмен жұмыс тікелей мәтінді тыңдау 
барысында іске асады. Тыңдау барысында түсіну, қабылдау, түйсіну 
қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі фонетикалық, лексика-грамматикалық 
жаттығулар тілді коммуникациялық мақсаттарға қолдануға негіз болуы қажет. 
ОҚУШЫ 
ТҤСІНУ
ҚАБЫЛДАУ
 
ІШТЕЙ 
ӚҢДЕУ
 
ТАНЫП 
БІЛУ
ТЫҢДАУ 


Мәтіннен кейінгі жұмыста тыңдалған мәтінді түсіне білуі, алынған ақпаратты 
шығармашылық ӛңдеуден ӛткізе білуі, тілдік қарым-қатынаста қолдана білуі 
тиіс. 
Тыңдалым әрекетін меңгерту, бақылау, бағалауда жақсы құрастырылған тест 
тапсырмалары, жаттығулар жүйесі оқушының тіл үйренуге деген ынтасын 
оятады және тілдік білімін жетілдіруге жетелейді, кӛмектеседі. Сондай-ақ 
тыңдалымды меңгерту, бақылау мен бағалау міндетті түрде арнайы жазылған 
аудио, видеоқұрылығылар, интернет ресурстар және электронды оқу 
құралдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Сондықтан да мұғалімнен оқушының 
жас еркешелігін ескере отырып, әр тақырыпқа сай түрлі материалдарды алдын 
ала дайындауды қажет етеді. 
Қорыта айтқанда, тыңдалым әрекеті оқушылардың талдау, салыстыру, 
абстракция, нақтылау сияқты сӛйлеудің мағыналық қабылдау түрлерін және 
жаңа тілдік және сӛйлеу материалымен танысып, мәтін мазмұнына сай ӛзіндік 
ойын жеткізу дағдысын қалыптастырады. Сонымен бірге жаңа материалдың 
мәнін, нысанын және қолданылуын кӛрсетуге талпындырады. Сондықтан 
сӛйлеу әрекетінің (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым, лексика-
грамматика) бірі тыңдалым тілдік қарым-қатынастың табысты процесін 
қамтамасыз етіп, оқушылардың мемлекеттік тілде сӛйлей және түсіне білуін 
дамытуы тиіс. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық, 2005. – 107 бет
2.
 
Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл-құрал./құраст. - Алматы, 2009
3.
 
Оразбаева Ф. Тіл әлемі: мақалалар, зерттеулер.- Алматы: Ан-Арыс, 2009. 
- 368 б. 
4.
 
Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы - Кӛпеш Күлән 
Бейсенбайқызы https://nur.nu.edu. 
5.
 
Соловова Е.Н. Методика обучения иностранным языкам:базовый 
курслекций. 4-е издание. M.: Из-во «Просвещение», 2006. С.78-79. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет