Әдебиеттер тізімі:
1.
James H., Xianxuan Xu. Instructional Methods for Differentiation and Deeper
Learning. – Publisher: Solution Tree Press, 2015. – p. 144
2.
Richard M.Cash., Ed.D., Advancing Differentiation: Thinking and Learning for
the 21
st
Century. – Publisher: Free Spirit Publishing; second edition, book with digital
content, 2017. – p. 240
3.
John McCarthy., So All Can Learn a Practical guide to Differentiation. –
Publisher: Rowman and Littlefield Publishers. – p. 202
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ САРАЛАУ
ТӘСІЛДЕРІ
Утембаева Динара Байдуллаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі
Шымкент қаласы А.Макаренко атындағы №41 мектеп- лицейі
Почта:
u.dina@list.ru
Телефон: +77073591209
«Болашақта еңбек етіп,
өмір сү ретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан да сол деңгейде болады.
Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр».
Қазіргі кезде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, саралап оқыту тәсілі-
оқушыға тапсырманы түсінікті, қиындық тудырмайтындай, ӛз деңгейіне
сәйкес жетістікке қол жеткізу үшін жағдай жасайды. Балалардың,
оқушылардың жас ерекшелігін, қабілетін, мүмкіндігін, талабын ескеру –
тапсырмаларды мүмкіндігінше деңгейін ескере отырып түрлендіруді, терең
ойлауды, мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Сондықтан,
оқушыларға оңтайлы мүмкіндік пен тапсырма орындауда алаңдаушылық
болмас үшін оқытудың түрлі әдістері мен саралау тәсілдерін қарастыру ӛте
маңызды.
Әрине бұл тұста тек жеңіл тапсырмалар беріп қана қоймай, жеңілден
күрделіге қарай, қабілеттерін, дағдыларын, қызығушылықтарын ескере отырып
сараланып беріледі. .
Дарынды
және қабілетті оқушы оқу мақсатына сәйкес алынған
тапсырмаларды орындауда белсенділік кӛрсетіп, ойын тұжырымдай алады.
Ал, тапсырма орындау барысында қиындық келтірген оқушыларға
жұбының қолдау білдіруі, кӛмек кӛрсетуі олардың кеңірек түсінуіне, дамып
жетілуіне оң әсерін тигізеді.
Мұғалім оқушылар арасындағы дербес ерекшелікті анықтау үшін олардың
сабаққа деген, тапсырмаға деген ынтасын, ойлау қабілеттерін мен есте сақтау
қабілеттерін, деңгейін мұқият зерттеп алу қажет. Бұл ерекшелікті анықтау
берілген білімді меңгеруін анықтауға арналаған сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу
маңызды. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақ барысындағы пысықтау
сұрақтарын беру кезінде, әңгімеге кіріспе кезінде ақпаратты қабылдау кезінде
ескерілгені жӛн. Әрине, бұл тұста қабылдауы қиын оқушыға ғана тапсырма
беріп шектелмей, жеңілден күрделіге қарай жүзеге асатындай етіп, сұрақ-
жауап, талқылау т.б ретінде ұсынылады.
Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір оқушыны ӛз мүмкіндігіне қарай білім, дағды
алатындай етіп окытқан жӛн. Мысалы, қабілетті оқушылар сыныпта логикалық
ойлауы жетілген, оқулықпен жұмыс істей алатын оқушылар үшін жаңа
материалды түсіндіргенде проблемалық ізденіс әдісін қолданған дұрыс. Ал
орташа, нашар оқушылары кӛп сыныпта репродуктивті әдісті қолдана отырып,
сабақты ойын, әңгімелеу түрінде ӛткен ұтымды. Саралап оқытудың ең басты
шарты - сынып оқушылары үш топқа бӛлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар
топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, ӛз
бетімен ойлау кабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім кӛмегін
қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы
бойында ғылыми, сын тұрғысынан ойлау бағытында ойлау қабілетін
қалыптастыру.
Ал ендеше сабақ мақсатының бағалау критерийлеріне қарай алынған
тапсырмалар, яғни саралау тәсілдері қалай жүзеге асырылатынына назар
аударайық:
Сабақтың басталуындағы
«Бұл қандай сӛз» әдісі
бойынша қорапқа
тақырыпқа сәйкес сӛздер жазылады. Оқушы қораптан қағазды алып, белгілі
ақыт ішінде сӛзді атамай, сипаттап түсідіруі қажет. Сӛзді тапқан оқушы
келесі сӛзді алып, ойынды жалғастырады. Қорапта ұялы байланыс, ұшақ,
бейнекамера сынды сӛздер бар. Осы сияқты сӛздер арқылы оқушылар
сабақтың тақырыбын анықтап, топқа бӛлінеді.
Сабақтың ортасы:
Тыңдалым мәтіні. Тақырыпқа сәйкес «Жаңа технология» тақырыбындағы
мәтін тыңдатылады.
Айтылым. 1-тапсырма.
«Тыңда, талқыла» әдісі бойынша оқушылар ӛзара
топқа бӛлініп, «Жаңа технология заман талабы» тақырыбында қарсы және
жақтаушы топ болып, пікірталасқа түседі.
Дескриптор:
Тақырыпқа сәйкес термин сӛздерді қолдана алады;
Пікірталасқа түсе алады;
Ӛз ойын нақты жеткізе алады;
Қалыптастырушы бағалау ауызша жүргізіледі. Ӛз ойыңды нақты жеткізе
алдың, термин сӛзді орынды қолдана алдың, пікіріңді толықтыр.
Саралап оқыту оқу үдерісін оқушылардың топқа бӛлініп, оқушы
бойындағы жеке қабілеттерін ескеру мақсатында әр түрлі тапсырмалар арқылы
ұйымдастыруды кӛздейді. Мысалы,
1- топ: «Сайлау» әдісі арқылы топтан екі оқушы таңдалынып алынады.Мақсаты
жас технолог атауына үміткер болып,ӛз жобасын ұсынады. Басқа оқушылар
олардың жобаны қорғауына , тапқырлығына, сӛйлеу шеберлігіне баға береді.
2-топ: «Жарнама» әдіс бойынша тақырыпқа сәкес технологияға қатысты
сӛздерді қолдана отырып, техника ӛніміне жарнама жасауы қажет. Жарнамада
сӛздің нақтылығы, ойының дәлдігі, терминдерді, тіркестерді орынды қолдануы
ескеріледі.
Дескриптор:
Ойын нақты жеткізе алады;
Терминдерді орынды қолдана алады;
Қалыптастырушы бағалау ауызша жүргізіледі. Дәлелдер жеткіліксіз немесе
дәлелдер нақты , пікіріңді толықтыр немесе пікірің дәлелсіз.
Рефлекция: «Үш мәселе» әдісі
Сен үшін жаңа мәселе
Ерекше ұнаған мәселе
Дәлелсіз болған мәселе.
Міне, саралау тәсілі сабақтың ӛне бойында түрлі әдістер арқылы жүзеге
асырылып отырады. Саралауда оқушының ерекшелігі, деңгейі байқалады.
Сабақ үдерісі кезінде оқушылар да ӛздеріне саралау жасайды.
Саралау тапсырмалары қажеттіліктерін ескере отырып тпсырма беру, әр
түрлі дереккӛздерден алынған талқылау мәтіні, әр түрлі қиынды сӛздерді
құрастыру, кестелер,т.б тапсырмалар болуы мүмкін. Кейбір оқушылардың
шеберлігіне қарай қосымша тапсырмаларды да қарастыруды ұмытпаған жӛн.
Топқа бӛлуде ескерілуң керек қажеттіліктер:
-Деңгейі, қолдауы шамалас оқушылар;
- Талаптары түрлі оқушылар;
Мысалы,
«Жаңа технология» тақырыбы бойынша сабақта
«Жарнама»
әдісі
арқылы берілген тапсырманы орындауда тӛмен деңгейдегі білім алушылар
дайын тіркестер мен терминдерді қолдана алды. Орта деңгейдегі оқушылар
дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, жаңа технологияның бір
ӛніміне жарнама жасай алды. Жоғары деңгейдегі оқушылар жарнама жасауда
қосымша тың деректер іздеп, ӛмірмен байланыстыра алды . Бұл тұста мұғалім
дұрыс жауапқа ,ана емес, әрбәр оқушының мықты, әлсіз тұстарын назарға алып,
кері байланыс берген дұрыс. Себебі, тӛмен деңгейдегі оқушының да ерекше
қабілеті болады. Оқушыға сұрақтар қойып, ынталандыруға болады. Оқушыны
үнемі бғалап отыру керек, ерекшелігіне қарай бағалаумен атар саралау да
орындалып отырады. Педагогикалық оқу үдерісінде жақсарту мен түзету,
бағдар беру үлкен рӛл атқарады.
Саралау тәсілінде барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен , әр түрлі
деңгейдегі нәтиже күтіледі. Себебі, оқушының жылдамдығы , орындау уақыты
әр түрлі. Топтық жұмыс бірге орындалғанымен әркімнің ӛз атқаратын рӛлі бар,
бұл оқушының ӛз қабілетін кӛрсетуіне берілетін мүмкіндік.
- Мұғалім сұрақты оқушы деңгейіне қарай саралайды( түсінуден білу деңгейіне
дейін)
- Үй тапсырмасы берілгенде кейбір оқушыларға сынып жұмысын аяқтап келу
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |