Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет186/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

«Кӛңіл-кҥй кестесі» 
әдісі
 
мұғалімнің басшылығымен оқылатын бүкіл хикая 
кезінде кейіпкердің эмоциясы қалай ӛзгеретінін кӛрсету үшін, тыңдаушылар 
қарапайым сызықтық кесте құрады. Бұл тапсырмалар мұғалімнің 
жетекшілігімен жүретін оқылым, үйге оқуға берілген кітаптарды оқып бітіру 
жаттығуы, сонымен бірге, тыңдалымға және айтылымға арналған жаттығулар 
болуы мүмкін. Осы әдісті де сабақ барысында Шұғаның шығрмадығы түрлі 
кӛңіл-күйін кӛрсетуді тапсырдым. Шәкірттерім қызығушылықпен шығарманы 
оқи отырып, Шұға қай тұста қуанды, қай жерде ӛкінді, мұңайды, жылады, 
берілген кестеге түрлі кӛңіл-күйін жазып кӛрсетті.
Пікірлер сызығы» әдісі уӛмегімен 
мәтінді бірлескен оқылым кезіндегі 
мәлімдеме байланысын құру, мысалы: «Менің ойымша, ол ..., басты кейіпкер 
дұрыс шешім қабылдаған жоқ». Тыңдаушылар пікірлер сызығына бӛлінеді, 
яғни, келісетіндер – бір жаққа, келіспейтіндер – бір жаққа. Тыңдаушылар 
мәтінге қатысты себептерді айта отырып, неліктен ол жерді таңдағандары 


туралы айтады. Басқа жауап берушілердің айтқан себептеріне сәйкес 
тыңдаушылар орын ауыстыра алады. Осы орайда біраз оқушыларым Шұғаның 
мұңға батып, психологизмге бой алдырғанын құптамаса, қарсы топ басына 
түскен сынақтың қиындығын айта отырып, қыздың тағдырының ауыр деген 
пікірлерін жеткізді. 
Жаңа сабақты қорытындылауда 
«БЕС СҦРАҚ» 
әдісі ӛте тиімді. Бұл әдіс 
ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең 
зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бӛлуге 
мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге кӛмектеседі. 
Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін 
әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды кӛздейді. 
Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені 
үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер 
оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму 
аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін 
икемді үдеріс. Топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда балалар бір-бірінің 
пікірін мұқият тыңдап, ӛзара бағалауды жүргізеді, әділ баға беруді үйренеді. 
Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен 
саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі жүзеге 
асады. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай алғы кӛш 
ілгерілейміз. 
Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін қажет. 
Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім сапасын, 
олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. 
Тәжірибе 
корсеткендей, 
сенімді 
түрде 
алға 
жылжу 
оқушыларды 
шабыттандырып, оларды қарқынды жұмыс істеуге ынталандырады. 
Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін 
нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттырады. 
Қазақ елінің болашағы білімді жастарымыздың қолында, жас ұрпақтың әлемдік 
деңгейде бой кӛрсетіп, жетістікке жетуі – ұстаздардың біліктілігіне 
байланысты, еліміздің ұстаздар қауымына артып отырған жүкті жұмыла 
кӛтеріп, қашан да зейінді шәкірттеріміздің ортасында, толағай табысымызбен 
білім саласында қызмет етеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет