Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет194/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Ізғали Жоламан.Жоспарлау мен оқытуда саралау тәсілдерін қолдану. 
Әдістемелік құрал /Использовании дифференцированых способов в 
планировании и обучении. Методическое пособие /– Атырау / 2019.
2.Саралап оқыту ауыл мектебінде сабаққа қызығушылықты тәрбиелеу 
құралы. Қашықтықтағы семинар. 14 қаңтар 2011 жыл.
https://burabay.akmoedu.kz/documents/view/F9D97E1FB2988BAA.html

3.Каирбаева Жанна. Сабақты жоспарлау кезіндегі саралау 
тәсілдерін қарастыру.Мақалалар. 2019-05-14.Қарағанды қаласы.
 
https://bilimainasy.kz/ 
4.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім 
беру мазмұнын жаңарту аясында). Негізгі орта білім беру (5-9 
сыныптар) 
5.А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы. Ана тілі. 1992жыл. 
6. 
Аяпбергенова Сауле Шабанбаевна.
Саралау қай кезде жүзеге 
асырылады?  
Мақалалар
. 2020-06-26. Нұр-Сұлтан
 қаласы.
HTTPS://BILIMAINASY.KZ/26-06-02/ 
7.Магзумова Арайлым, Мунбаев Сакен.Саралап оқыту тәсіліндегі 
тереңдету принципін жүзеге асырудың тиімді жолдары 
8.Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру 
(саралап деңгейлеп окыту). 2002.https://bilimainasy.kz/ 
ҚАЗАҚ ТІЛІН САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Кансеитова Айгуль Байдильдаевна 
№42 Хамза атындағы ЖОМ, Шымкент, Қазақстан 
 
 
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Мемлекеттік тілді ӛзге ұлт мектептеріндегі 
оқушыларға үйрету аса күрделі ізденісті қажет етеді. Қазіргі таңда мемлекеттік 


тілді оқытуда жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны жүйелі түрде 
қалыптастыра білу – уақыт талабы. 
Ғылым мен техниканың жылдан-жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты 
жаңа технологияларды енгізу олардың білімін кӛтеруге үлкен әсер етіп отыр. 
Жаңа технологияларды қолданғанда оның әрбір кезеңдерін мұғалім ӛзі жақсы 
түсініп, оқушыларға жеткізе білуі қажет. Технологияның
деңгейлеп саралай оқыту, блокпен оқыту, бейімдей оқыту, ұжымдық оқыту, 
М.М.Жанпейісованың модульдеп оқыту, Ш.А.Амонашвилидің білім беруді 
ізгілендіру технологиясы, сондай-ақ В.Ф.Шаталов технологиясы деген тағы 
басқа түрлері бар. Солардың бірі – саралап оқыту технологиясы.
Саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен қолдауға, 
оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне 
жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді. 
Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі ретінде 
жеке құрылымдарға бағдар беру; білім мазмұнының сипаты мен кӛлемі, оқу 
жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымын 
атауға болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы 
ӛзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді, 
деңгейлеп оқыту әр оқушыға ӛз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім 
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді, деңгейлеп оқыту әр түрлі 
категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі 
қарастырылады: ең тӛменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген 
деңгей. Оқытудағы саралау әдісінің әдістік негіздері - оқушының оқу 
материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі, алынған нәтижені 
ӛлшеуге болатындығы, оқу үдерісінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы, 
бағалаудың жетелеушілік қасиеті, дамыта оқытудың әдісі. 
Деңгейлеп-саралау негізіндегі педагогикалық технология әдістемесіне келсек, 
жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан 
тұрады. Оның басты мақсаты – білім алушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» 
деген жіктерге бӛлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра отырып, 
сапалы білімге қол жеткізу. Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған 
әрекет. Ол ӛз бетінше, әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз 
басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б.Ананьев, 
Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Саралай оқытуды 
ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай ӛрлейді, ілімдік 
ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу 
әрекеті әрбір сабақтың ӛзегі деп түсінуі керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру 
арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті 
емес нәтижеге жетеді.
Мұғалім қазақ тілі пәні бойынша оқу модельдерін әзірлеп, әдістемелерін 
жинақтауы керек. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғасын зерттеп, деңгейлеп-
саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға 
ықпалын анықтау және оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын 
тудыруға ықпал етеді. Егер деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-
тәрбие үдерісіне енгізіп, ғылыми-әдістемелік құжаттармен, ұсыныстармен 


қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз 
етіледі, оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй 
тапсырмасы азаяды), оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ 
бағаланады, оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады, 
дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар 
жасалады, танымдық үдерістерді, оқушылардың танымдық қабілеттерін зерттеу 
әдістері жүйеленеді, олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық 
жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен, олардың 
ықылас-жігерін, ынтасын, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, жалпы білім 
деңгейін зерттеуі керек. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру 
деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне 
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, 
ата-аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері 
сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды, т.б. тиянақтау 
сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген 
сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті 
есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгерімдері 
тӛмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. 
Оқыту үдерісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін 
оқу-тәрбие жұмысында пән мұғалімі ӛзіне лайық әдіс енгізеді.
Мұғалімдерге сабақты жоспарлауда дағдыларды дамытуға негізделген саралау 
тапсырмаларын анықтау, саралау түрлерін алдын-ала жоспарлау мен қолдауды 
қажет ететін оқушыларға бағыттау үшін әдіс-тәсілдерді қолдануда шеберлікпен 
қатар әдіс те керек. Қалыптасқан кең ауқымды дағдылар оқушылардың ӛз 
білімдерін кез-келген жағдайға қалай бейімдеу керек екенін біліп, болашақта 
кездесуі мүмкін кез-келген күрделі тапсырмаларды шешуге кепіл бола алады. 
Ал, бұл дағдыларды дамыту оқу бағдарламаларының жүйелі түрде жүзеге 
асуына байланысты болмақ. 
Білім беру технологиясы дегеніміз, В.П.Беспальконың сӛзімен айтар болсақ, 
«Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы»[1]. Қазақ тілін басқа ұлт 
ӛкілдеріне үйретуде жаңа технологияларды қолдану олардың ӛз бетімен немесе 
бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануына, ізденуіне, ӛз 
нәтижесін кӛріп, ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қарап, жеткен жетістіктеріне қуануына 
кең мүмкіндіктер береді. 
Тіл үйретудің нәтижелі болуы кӛптеген жағдайларға, атап айтқанда, тіл 
үйренушінің қабілетіне, мұғалімнің шеберлігіне, мұғалімнің тілді үйрету 
тәжірибесіне, оқыту тәсілдеріне, тіл үйренушінің тілді үйренуге деген 
ынтасына байланысты. 
Саралап оқытудың тереңдету принципін жүзеге асыру кезде бастапқы 
теориялық мәліметтер қажеттілігі байқалады. Даму психологі және Гарвард 
университеті жанындағы білім берудің Жоғары мектебінің білім беру 
профессоры Говард Гарднер ойлауды лингвистикалық, логика-математикалық, 
музыкалық, дене-кинестетикалық, кеңістік, тұлғаралық, тұлғаішілік және 
табиғат зерттеуші деп сегізге жіктеген[2]. Бұл оқушыларды қабілетттері 
бойынша бӛлу үшін ӛте маңызды, яғни сәйкесінше оқушылардың оқуы, 


ақпаратты есте сақтауы, тапсырмаларды орындауы мен түсінуі әртүрлі 
деңгейде. Оның айтуынша, егер мұғалім оқыту мен бағалаудың түрлі әдіс-
тәсілдерін пайдаланса, оқушылардың білім сапасы жақсарады. Бұл кӛп 
оқушыны қамтып, олардың мазмұнды игеруін жақсартады. 
Сабақ кезінде әртүрлі қабілетпен, дайындық деңгейімен келіп отырған 
оқушыларға жаңа ақпаратты меңгертіп қана қоймай, оған қоса сол ақпаратты 
басқа, тиімді жолмен ұсына отырып, ӛмірмен байланыстыруға да болады. Әрбір 
оқушыға кез-келген ақпараттарды тиімді түсіндіруге болады. Алайда оқушы 
тілін табудың ең тиімді жолы – бұл дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар, жаңа 
тиімді әдістерді кең қолдану.
Үдерісті саралау – бұл жаңа материалды ұсыну жолдары, оқушылар 
орындайтын жаттығулар, қойылатын сұрақтар, оқыту әдістері мен 
оқушылардың бойында дамытылатын ойлау үдерісі. Әр оқушы үшін оқу үдерісі 
– оның ӛз ұғымын жетілдіру үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын 
игеруі. Үдерісті оқушының ӛзара әрекеттесу барысында пайдаланатын ойлау 
үдерісі ретінде қарастыруға болады. Саралау үдерісі анағұрлым жоғары 
деңгейлі ойлау үдерісін пайдалануды ынталандырады. Мұғалімдер білім беру 
бағдарламасын тиімді саралау үшін келесі ӛзгерістерді енгізе алады:
Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары: Пайдаланылатын әдістер ақпаратты алуға 
емес, оны пайдалануға айрықша баса назар аудару керек; оқушылар 
мәліметтерді жаңа жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін 
пайдалануы, орындылығын бағамдауы және оны жаңа ӛнім жасау үшін 
пайдалануы керек. 
Ашықтық: Жаттығулардың басым бӛлігі ашық жаттығудан, яғни жалғыз дұрыс 
жауабы болмайтын, одан әрі ойланып, зерттеуге жетелейтін тапсырмалардан 
тұруы керек. 
Жаңалық ашу: Жаттығулардың басым бӛлігі оқушылардың заңдылықтарды, 
идеяларды және негізгі қағидаттарды аңғару үшін ойлау үдерісін пайдалана 
алатын түрлі жағдаяттардан тұруы керек. 
Ой-пайымдарының дәлелі: Оқушыларға ӛз қорытындыларын ғана емес, осы 
қорытындыны жасауға негіз болған пайымдарын да айтуды ұсыну керек. 
Таңдау еркіндігі: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру 
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілуі керек. 
Қарқын және әралуандылық: Жаңа материалды таныстыруда мүмкін болса 
қарқынды жылдамдату және оқушының қызығушылығын қолдайтын және әр 
түрлі оқу стильдерін қамтитын әдіс-тәсілдерді пайдаланған дұрыс. 
Саралау үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын түрлендірудің кӛптеген 
тәсілдері бар. 
Кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының 
үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасаудың 
бірден-бір жолы тӛменде берілген саралау түрлерін тиімді таңдай алу. 
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар: 
Тапсырма: мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған 
тапсырмалар кіреді, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (кӛмек керек пе, әлде 
күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен 


тапсырмаларды жасау, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын 
тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз. 
Дереккӛздер: кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым 
күрделі дереккӛздермен жұмыс істей алады, дереккӛздердің ауқымы 
талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сӛздерді және 
күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады, баспадан 
шыққан және электронды дереккӛздер де пайдалануы мүмкін. Бұл материалды 
пайдаланудың анағұрлым ауқымды кӛлемін кӛрсетеді. 
Қарқын: кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, 
қосымша тапсырмаларды кӛп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін 
қолдануға болады,негізгі тапсырмаларды түсіндіруде кӛмек қажет ететін 
оқушыларға біршама уақыт беріледі. 
Қорытынды: барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың 
нәтижелері әртүрлі болады, мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» 
жауаптың бағытында жұмыс істеуден гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және 
әлсіз тұстарына қарай жауап береді, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау 
бере отырып, олардың әрқайсысының ӛздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне 
кӛз жеткізу керек. 
Диалог және қолдау кӛрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау 
барысында жан-жақты әрі нақты кӛмек қажет болады, мұғалім оқушыларды 
ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған 
сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сӛзбен қолдау 
кӛрсету және ынталандыру да маңызды рӛл атқарады. 
Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет 
пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі 
түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, 
жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс 
болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи 
аламыз. 
Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы кӛптеген 
тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе 
қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби 
дағдыларына қарай бӛлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас 
гендерлік топ, ұйымшыл топ. 
Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білген жӛн, 
сонда ғана жұмыс нәтижелі шығады. Ол үшін жұмыс түрлерін дұрыс таңдап 
алу керек. Бұл оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет