Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде». Алматы 2006 жыл.
2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл,
№4.
3.Педагогтың кәсіби деңгейін ӛсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері».
Қызылорда, 2004 жыл.
5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен
мәселелері». Алматы 2002 жыл.
6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына
Жолдауы//, 28.02.2007.
Кобдикова Ж.У. Орта білімді технологияландыру. (саралап-деңгейлеп оқыту).
Алматы, 2002.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕГЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ахметова Аида Сейсенгалиевна
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Мағжан Жҧмабаев атындағы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі
Бүгінгі таңда ХХI ғасыр табылдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа
тәлімтәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау
педагогика тәжірибесінің кӛкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы
ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты ӛркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-
халықтың барлық мұқтажын, ӛнер, мәдениет, дипломатиялық қарым-қатынас,
ғылым, ӛндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет
ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың
тәрбиесі сен білім деңгейінің жоғарғы болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру,
түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін кӛрсетеді. Тіл
тағдырын жетілдіру кӛп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне
байланысты. Ӛйткені, ӛскелең ұрпақтың балған санасына бай тіліміздің нәрін
сіңдіріп, кӛкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс. Бірақ,
оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің ӛзі бір құзырлыққа жету керек.
Сол оқушы санасына, қазақ тілі ертеңгі күні үлкен ӛмірге араласқанда оның
қоғамдағы қызметіне кӛмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті ӛмірінде
қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек. Қазақ тілін оқыту
барысында оқушының тілін дамытып, сӛз байлығын арттыру ең маңызды
жұмыстардың бірі.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім
беру жүйесінің басты міндеттері атап кӛрсетілген. Соның бірі: «Білім беру
жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық
коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін,
нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне кӛшу үшін әр мұғалім, жеке
тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен ӛзгерістерге батыл
жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік,
тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті
әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге
асырылады.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге
асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары
мынадай:
1.Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер кӛлемін ұлғайтады;
2.Оқыту жүйесінің кӛп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу
материалдарының сапасын арттырады.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу
материалын жүйелі беруге, ақпаратты кӛруге, есте сақтауға, қатысымдық
тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың
мүмкіндіктерін қолдануда тӛмендегідей нәтиже беруде:
-Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең
жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты,
саналы түрде қолдана білуі;
-Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, ӛз бетімен білімін
толықтыруға дағдылануы;
-Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, ӛңдеп, қорытындылап,
ӛз кӛзқарасын қорғай алуы;
-Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып,
белгілі бір ғылыми білім саласында ӛз мүмкіндігін кӛрсете алуы;
– Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын
іздеуге ұмтылуы тиіс.
Білім беру саласындағы кӛп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивтітақта
Мультимедия
Интернет кеңістігі
Электронды оқулық
Интерактивті тақтаны пайдалану
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Кӛрсетсең – естесақтаймын,
Іскекіріссең
–
үйренем.»
деген
екен
қытайдан
алығында.
Ендешеоқушыларинтербелсендітақтағаназараудараотырып,
ӛтіліпотырғансабақтарынұтымдытүсінугемүмкіндікалады.
Интерактивті тақта-топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды
құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды ӛте қызықты етіп түсіндіруге
кӛмектесетін кӛзге кӛрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі
мультимедиялық ресурстар кӛмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор.
Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы,
негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік
құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан
меңгерту; сӛйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде
әдеби тілде сӛйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік
қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік
тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға тілдік қатынасты игерту мақсатын
кӛздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық
технологияларын
пайдаланған
орынды.Сабақ
барысында
ақпараттық-
қатынастық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
1.Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
үрдісі үшін тиімді.
2.Әр сабақта сӛйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,
сӛйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
3.Әр сабақ тӛмендегілерді қамтиды:
а) компьютерменүзіліссізтілдікқарым – қатынас;
ә) бірнешереттыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында
дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
4.Компьютер оқушының ӛзіндік жұмысын ұйымдастырады.
5.Компьютер оқытудың аудио және бейнеқұралдардың мүмкіндіктерін
табысты байланыстырады.
6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік
сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің
дамуына мүмкіндік туады.
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу
әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әро қушының дербес
компьютердің және мұғалімнің кӛмегімен ӛзара түсінісу ортасында қазақ тілі
сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына
айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін
қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне кӛтереді.
Оқушылардың тілін дамыту және сауаттылығын арттыру жұмысы Енді
бір айта кететін жайт, қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялардың
оқушылар тілінің дамуына және жүйелі сӛйлеуіне тигізетін әсері мол. Менің ӛз
ойымша СТО проектісі оқушының ӛз бетімен жұмыс жасай отырып, тілін
дамуға мол ықпал етеді. Бұл проектті қолдану барысында, ӛтілген материалды
жақсы меңгеруге, оны кӛзқарасын айта білуге, ойлау қабілетін мен қиялын
арттыруға, жалпы оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына септігін
тигізеді. Сонымен қатар сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады
және оқушылардың бірінен-бірі қалғысы келмей тапсырмаларды орындап,
нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушы дәрежесіне кӛтерілуіне
мүмкіндік жасайды. Жоғарғыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
мұғалім ӛз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен
кемшіліктерін кӛре алады. Ӛзіне –ӛзі сын кӛзбен қарап отырып, кемшілік болса
түзеп, артықшылықтарымен ӛз әріптестерімен бӛлісе алады, олай ету әр маман
үшін ӛте тиімді. Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрену жұмыстарын орындау
дұрыс жолға
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде ақпараттық технологияларды
қолданудың маңызы ӛте зор.Ақпараттық технологияны қолдана отырып, қазіргі
заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиелеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |