Микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік
Микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.
Вальрас бойынша тепе-теңдік- ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = Qs) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі .Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады.