С¥раныс пен ¥сыныс теориялары. НарықТЫҚ тепе-теңдік



бет2/15
Дата05.02.2022
өлшемі255,12 Kb.
#130776
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Микро слайд

Микроэкономиканың негізгі мәселесі болып әртүрлі нарықтардағы тауарлардың бағаларының құрылуына әсер ететін факторларды талдау табылады. Тауар бағасы, өз кезегінде, тұтынушылар мен тауарөндірушілердің жеке мүдделерін айқындайды.


Микроэкономиканың негізін салушы неоклассикалық экономикалық теорияның өкілі Альфред Маршалл (1842-1924 жж., Кембридж университетінің профессоры). Оның негізгі еңбегі болып 6 томдық «Экономикс принциптері» (1890ж.) табылады.
Микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз.
Экономикалық теорияда басқа тауар өндiрiсiн ұлғайту үшiн бiр тауардың санын еш болмағанда бiр бiрлiкке шығармай қалуын альтернативтi шығындар немесе жiберiлген мүмкiндiктер шығыны деп атайды.
Тұтыну заттары мен өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiнiң көлемi тек қана альтернативтi емес, сонымен қатар өзара толықтырушы болып келедi. Өндiрiс мүмкiншiлiгі шегiнiң жоғары деңгейiне өту техникалық және ғылыми жаңалықтарды, жаңа кең орындарын ашу және т.б. қолдану кезiнде мүмкiн болады. Бұл өз кезегiнде, тартылатын ресурстардың өсуiне, яғни қосымша капитал салымдарын қажет етедi.
Өндiрiс үрдісiнде пайдаланатын ресурстарды өндiрiс факторлары деп атайды. Оларға жататындар: жер (табиғи ресурстар), еңбек, капитал және кәсiпкерлiк.
Өндiрiс мүмкiншiлiгі шегi берiлген экономикалық жүйеде қолдағы бар өндiрiс факторларын пайдалану кезiнде өнiмнiң қандай максимальды санын өндiруге мүмкiн болатынын көрсетедi.
Өндiрiс мүмкiншiлiгі шегiн кеңейту екi жолмен жасалуы мүмкiн: бiрiншiден, қолдағы бар өндiрiс факторларын тиiмдi технологиялы пайдалану (интенсивтi); екiншiден, қосымша ресурстарды тарту есебiнен (экстенсивтi).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет