Сүрлемді сақтау жағдайы


Пішен дайындау технологиясы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,85 Kb.
#82300
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word
Антивирустар
Пішен дайындау технологиясы. Көптеген ғылыми деректер мен өндірістіктәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы пішен күйіс қайыратын малды, оның ішінде сауын сиырларды тиімді азықтандырумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бірқатар сүрлем мен пішендеме өндіру дәрежесінің артып, ал пішен үлесінің кемігеніне қарамастаң пішен бұрынғысынша күйіс малының басты көлемді мал азығы болып қала береді. Мұның өзі ең алдымен осы малдардың зат алмасуының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өйткені асқорыту процесі қалыпты дәрежеде өту үшін күйіс малының қарнында қолайлы мөлшерде талшықты мал азықтық масса болуға тиіс.
Малдарды азықтандыруды тиімді ұйымдастырудаң басты шарты мал азығының жақсы салалығы болып табылады, ал ол жеңіл қорытылатын қоректік заттардың жоғары мөлшеріне байланысты. Бір тонна ет пен сүтөндіруге бірінші класты мал азығы үшінші класқа қарағанда 30-35% кем жұмсалатыны есептелді.
Мал рационында пішен үлесі үлкен болғанда оның сапасы сауын малының өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді Зерттеулер көрсеткендей, жақсы сападағы пішеннің құрғақ затының сіңімділігі нашар сападағы пішенге қарағанда 32% жоғары екендігі дәлелденді. Жақсы сапалы 1 кг пішенді осындай мөлшердегі нашар сапалы пішенмен айырбастағанда сиырлардың сүт өнімі екі есе азайды
Сауын малын жоғары сапалы пішенмен азықтандырғанда сүт өндірісінің жоғары тиміділігі қамтамасызетіледі. Мәселен, сиырларды жоғары сапалы пішенмен (шикі протеиннің мөлшері 14,9%, қорытылатын протеин 107 г/кг, шикі клечатка 20,4 %,азықтық өлшем бір кг құрғақ затқа 0,77 сіңімділігі 75% азықтандырғанда төмен сапалы пішенмен азықтандырғанға қарағанда 1 кг сүттің өзіндік құны 67% төмен болды.
Шөптің жинау мерзімі кешіккен сайын пішеннің сапасы төмендей береді. Мысалы, бурлену кезеңінде дайындалған 1 кг жоңышқа пішенінің қоректілігі 0,56 азықтық өлшемге теңжәне онда 146 г сіңімді протеин болады. Гүлденудің бас кезінде тиісінше 0,54 және 134,0 тұқым пайда болған кезеңде -0,37 а.ө. және 66 г.
Тамырында тұрып қалған шөптен дайындалған пішенді мал нашар жейді. Ертерек мерзімде дайындалған пішенді мал сүйсініп және көп мөлшерде жейді. Мәселен, пішеннің қорытылатын органикалық заттарының желінуі 9-10 шілдеде дайындалғанда 100% деп есептегенде, 3-4 маусымда дайындалған пішеннің желінуі 82% жоғары болды. Сонымен ерте дайындалған пішенмен екі есе көп органикалық заттар пайдаланылады. Оның үстіне ерте дайындалған пішеннің қоректік заттарының сіңімділігі жоғары болғандығы байқалады.
Шөп жинауда әрбір кешіктірілген күн пішеннің сапасын бір процентке төмендетеді. Сондықтан бір шалғындықтағы көпжылдық шөптердің жинау ұзақтығы 10-12 күннен аспаған жөн.
Себілген көпжылдық шөптердің ең қолайлы шабу мерзімі бұршақ тұқымдастарда - бүрлену-гүлденудің басы, астық тұқымдастарда масақтанудың бас кезі (сіпсебастың шашақтануы). Аңызда кептірілгеннің өзінде масақтанудың басында жиналған қылтықсыз арпабас пен еркекшөптің әрбір килограмының қоректілігі 0,55-0,57 а.ө. жетті. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді, әсіресе еркекшөпті, шабуды кешіктірген сайын пішеннің сапасы күрт төмендей береді. Мәселең гүлдену кезеңінде жиналған 1 кг еркекшөп пішенінің қоректілігі 0,40-0,42а.ө.ғана болды.
Даладағы шығынды азайту үшін шабу мен жинаудың арасындағы алшақтықты барынша кеміту керек. Пішен жинаудың ұзақтығы негізінен шабылған шөптің кебу жылдамдығына байланысты. Ылғал жоғалту жылдамдығы кезеңіне, ауаның температурасына, оның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығына байланысты. Гүлдену кезеңінде шабылған шөптер бүрлену мен масақтану кезеңдеріне қарағанда 2-3 есе тезірек кебеді.
Пішеннің кебуіне шабылған массаны жаншу, дестелерді аударыстыру арқылы тездетуге болады.
Сабақтар мен жапырақтардың біркелкі кебуін қамтамасыз ететін тиімді технологиялық тәсіл-сабақтарды жаншу болып табылады, бұл көбінесе бұршақ тұкымдас шөптердің пішенін дайындағанда қолданылады. Жоңышқаның сабағын жаншып кептіргенде бұл процент 1,5-2 есе жылдамдайды, мұның өзі қалыпты кептіру әдісімен салыстырғанда құрғақ заттардың шығынын 1,5-2есе, шикі протеиннің шығынын 2-4есе азайтуға мүмкіндік береді.
Айнымалы ауа райында пішен кептірудің жаншу әдісін қолданбайды, өйткені жаншылған сабақтар ылғалды көп жұтады да соңынан ұзақ кебеді. Оның үстіне кенеттен қоректік заттардың бір бөлігі жуылып кетеді.

8-кестеПішенді әртүрлі технологиялармен дайындауындағы қоректікзат мөлшері (СКМҒЗИ)



Дайындау
технологиясы




Құрғақ зат


шығыны

Құрғақ заттағы қоректік заттар




Протеин

қант, %

клечатка,%


Каротин, мг/кг


Бастапқы көк балауса


0,0

14,0

2,5

21,0

96

Табиғи көптірілген пішеншашыраңқы пішен

33,9

8,2

1,8

30,1

18

Сығымдалған пішен

25,2

11,7

3,3

25,4

34

Белсенді желдету турде дайындалған сығымдалған пішен

21,3

12,1

3,6

27,8

58

Белсенді желдету түрде дайындалған ұсақталған пішен

21,4

12,3

3,8

27,1

60


Шабылған шөпті аударыстыру да оның кебуін тездетеді. Шөптіліктің өнімі жоғары болғанда мұның маңызы арта түседі, өйткені шөптер қалың қабатқа жатады, кейбір жерлерде олардың қалыңдығы 20 см және одан да жоғары болады. Аударыстырмаса мұндай қабаттағы шөп тіпті ыстық күннің өзінде әркелкі және баяу кебеді. Күн сәулесінің энергиясын молырақ жұтқызу мақсатымен массаның бірінші аударыстыруын шөп шабылысымең ал келесісін бірнеше сағаттан соң жүргізеді. Жауынға шалдыққан массаны аударыстырудың да маңызы зор. Бұршақ тұқымдас шөптерді 50% ылғалдылықта, ал астық түқымдастарды 40% ылғалдылықта жапырақтары үзіліп түсіп қалмау үшін тырмалап дестеге салады.
Мал азығын дайындаудың тиімді және жоғары өнімді технологиясы-пішенді сығымдап байлау (тайлау) оның шығынын азайтып, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет