Сүрлемді сақтау жағдайы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,85 Kb.
#82300
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word
Антивирустар

Сүрлемді сақтау жағдайы


Қоймаларды сүрленетін азықтармен толтыру кезінде оларды біркелкі етіп төгістеп, үздіксіз тығыздап отырады. Сүрлем дайындалатын шұңқыр неғұрлым тез толтырылса, соғұрлым қоректік заттар шығыны азаяды. Күнделікті жиналған сүрлем биіктігі 1,0-1,1 метрден кем болмауы тиіс. Олай болмаса жағдайда тапталған азықтық жылуы жоғарылап, қоректік заттар шығындалып, дәмділігі нашарлайды. Сондықтан орды толығымен толтыру жұмыстарын 3-5 тәулік ішінде бітіру қажет. Технология бойынша дайындалған сүрлемнің температурасы 30-35 градустан аспайды, бұндай сүрлемнің сапасы өте жоғары болады.
Сүрлем дайындаудың екі түрі белгілі.

  1. Салқын әдіс - оның температурасы 30-35° жылыдан аспауы керек (1,5 пайызға дейін сүт қышқылы, 1 пайызға дейін сірке қышқылы түзіледі). Мұндай әдіспен дайындалған сүрлемді 8-10 күн ішінде малға беруге болады. Оның түсі жасыл сары, иісі тұздалған көкөніс немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсініп жейді.

2. Ыстық әдіс. Бұл әдіс бойынша ор азыққа бірден толтырылмайды, алдымен азықты қалыңдығы 1,5 м өтіп салады да, бір-екі күн нығыздамай сол күйінде қалдырады. Сонда мұндай шөп өздігінен қыза бастайды да 45-500-қа дейін көтеріледі. Бұдан соң оның үстіне тағы да қалыңдығын сондай етіп шөп салады, осы шөп салмағымен төменгісі тағы да қызады. Кейіннен қымтап жабылады. Бұл әдіспен дайындалған сүрлемнің жұғымдылығы салқын әдіске қарағанда төмен (Мейралд реакциясы).
Сүрлемді дайындау және сақтау технологиясы бұзылған жағдайда май қышқылы пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет