Сүрлемді сақтау жағдайы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,85 Kb.
#82300
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word
Антивирустар
Сығымдалған пішенді дайындалғанда шөпті шабу, аударыстыру, дестелерге тырмалау, дестелерді жинап сығымдап байлау, теңдар мен рулондарды сақтау орындарына тасымалдау. Қоймада немесе маяда теңдер мен рулондарды қалау, қажет болғанда белсенді желдеткіш әдісімен қосымша кептіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдісте қол еңбегі мүлде қолданылмайды, шығын 2-2,5 есе азаяды. Соның нәтижесінде сығымдалған пішеннің сапасы 30 процентке артады,
Пішен дайындаудың технологиясы нақты жағдайға шабындық алқаптардың көлемі, жер бедері және мал фермаларынан қашықтығына байланысты таңдап алынады.
Пішенді кәдімгі төртбұрышты теңдерге байлау технологиясы игерілген. Әсіресе, бұршақ тұқымдас пішенді байлау тиімді. Ол үшін далада шөпті тездетіп кептіру әдісі қолданылады. Бұршақ тұқымдас шөптерді жаныштайды, соңынан бір-екі рет аударыстырғаннан кейін массаның ылғалдылығы 28-30% дейін төмендейді, осыдан кейін 20% ылғалдылыққа дейін кептіру үшін тырмалап дестеге салынады, Кептірілген пішенді байлап қалқанның астында сақтайды. Осындай технологияның нәтижесінде жапырақтардың шығыны 3-5 есе азаяды, пішендегі каротин мөлшері 72 мг/кг жетеді, еңбек шығыны 3,4-4,5 адам сағат/тоннаға теңеледі. Орал ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтының зерттеулерінде тайланған пішенде шашыраңқы пішенге қарағанда құрғақ зат мөлшері 1,5 ц/га, протеин 43 кг, каротин 18 г/га артық болды.
Жанышқыш цилиндр біліктерінің арасындағы саңылау 4-6 см болғанда сабақтар 50-60% ғана жаншылады. Жоңышқа массасы 30-35% ылғалдылыққа дейін дестелер жиналады ПОБ-1,6 байлағыш машинасы қолданылады.
Жиналған масса пішен сарайға тасымалданады және УВС-16А қондырғысының шошақ асты каналына 1-1,5 м қабатпен жазылады, соңынан істеп тұрған желдеткіштің астында пішен қабатын 2 м дейін өсіреді және тоқтаусыз 2 сөтке бойы кептіріледі. Содан кейін келесі қабат 1,5-2 м қалыңдықта салынады да желдетудің күшімен ылғалдылық 25% жеткізіледі, пішен қабаты қайтадан өсіріледі. Ылғалдылығы 35%-тен жоғары массаны қайтадан кептіреді, ал 25-30%-тен төмен пішенді маяға салады. Маяны қалыптастырғанда ауаны беркелкі тарату үшін вертикаль шахталарды толық қолданады.
Пішен кондициялық ылғалдылыққа дейін кептірілген соң шошақ асты каналының қондырғысы маядан алынады да осының есебінен маяның ұзындығы арттырылады, немесе жаңа орынға орнатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет