Хорионбиопсия – жүктіліктің 12 аптасына дейін жасалады. УД бақылаумен жатыр мойнының каналына катетр енгізеді. УДЗ арқылы катетрді хорион тініне қарай жылжытып шприцтің көмегімен аз мөлшерде осы тін сорылып алынады. Тағы бір әдісі жіңішке ұзын ине арқылы УДЗ – мен бақылаумен алдыңғы құрсақ қабырғасы мен жатыр қуысынан материал алынады. Бұл процедурадан кейінгі асқыну 2%. Генетикалық аурулардан басқа нәрестетың жынысын білуге болады. - Хорионбиопсия – жүктіліктің 12 аптасына дейін жасалады. УД бақылаумен жатыр мойнының каналына катетр енгізеді. УДЗ арқылы катетрді хорион тініне қарай жылжытып шприцтің көмегімен аз мөлшерде осы тін сорылып алынады. Тағы бір әдісі жіңішке ұзын ине арқылы УДЗ – мен бақылаумен алдыңғы құрсақ қабырғасы мен жатыр қуысынан материал алынады. Бұл процедурадан кейінгі асқыну 2%. Генетикалық аурулардан басқа нәрестетың жынысын білуге болады.
- Көрсеткіштері
- Жүкті әйелдің жасы 35 – тен жоғары
- Отбасында Даун синдромы немесе басқа да хромосомалық ауруы бар баланың болуы
- Көптеген туа біткен даму ақауларының болуы
- Ата – анасының кариотиптерінің аномалиялары
- УД немесе биохимиялық зерттеулерде нәрестета хромосомалық аурулардың немесе туа пайда болған ақаулардың маркерлерінің болуы
- нәресте жынысын анықтау.
- Қарсы көрсетілімдер
- Жедел қабынулық процесс немесе созылмалы қабынулық процестің өршуі.
- Клиникалық немесе УДЗ жүктілікке кері әсер етуі.
- Асқынуы
- Жыныс мүшелерінен қанды бөлінділердің бөлінуі. Трансцервикальды хорионбиопсия жасағаннан кейін әрбір үшінші науқаста байқалады. Көп жағдайларда қанды бөлінділер жүктілікке әсер етпей, өздігінен тоқтайды. Биопсиядан кейін 4% пациенттерде жүктіліктің 16-шы аптасында сорылатын ретрохориальды гематома пайда болады. Отадан кейінгі жыныс ағзаларынан трансабдоминальды қан кету аз кездеседі.
- Инфекциялық асқынулар. Хориоамниониттің даму қаупі 0,3% құрайды.
- Ұрықтық қапшықтың тұтастығының бұзылуы. Сирек кездесетін асқыну, жиі трансцервикальды хорионбиопсия кезінде кездеседі.
- Жүкті әйелдердің қан сарысуында α-фетопротеинінің деңгейінің көтерілуі.
- Транзиторлы сипат алады, физиологиялық қалыпқа 16-18 аптада оралады. Бұл жүктілердегі туа біткен тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға, биохимиялық скрининг жасауға т. б. көмектеседі.
- - Ұрықта аллоимунды цитопенияның дамуы.
- Хорионбиопсия жасалғаннан кейін бұлшыұетішілік антирезус иммуноглобулинді сенсибилизацияланбаған Rh-, Rh+ серіктесі бар жүктілерге 48-72 сағат салуды ұсынады:
- Егер зерттеу қорытындысы 48-72 сағаттан кеш алынса
- Егер хорионбиопсиядан кейін Rh+ нәресте анықталса
- - Жүктілікті тоқтату
Достарыңызбен бөлісу: |