Срс тақырыбы: Көз ауруларының жіктелуі, балауы және емі (глаукома) Орындаған: Төлеу Мерхат


Қабақтың сыртқа айналуы (қабақьың сыртқа түйілуі) –



бет12/25
Дата27.04.2022
өлшемі5,05 Mb.
#141066
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
көз аурулары срс

Қабақтың сыртқа айналуы (қабақьың сыртқа түйілуі) – (ectropium palpebrae) бұл кемістікте қабақ жиегі толық немесе жартылай сыртқа қарай қайрылып, қасаң қабықтан ажырап, көз саңылауын жаппайды. Оның себептері: 1. Қабақ терісінің жарақаттары және оның дұрыс жазылмауынан (механикалық жарақат, күю, эгземалар, дерматиттер), Конъюнктивиттер, 2. Бет жүйкесінің салдануынан жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің жиырылуының болмауы (спазмалық птоз),

3. Кәрілікке байланысты жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің семуі т.б. Белгілері. Қабақ жиегі көз алмасын, қасаң қабықты толық немесе жартылай жаппайды. Конъюнктива ашылып былғанған, кепкен, қалыңдап, сірі қабықтанған. Қасаң қабық кепкен, жарақаттанған. Көзден үнемі жас ағып, астыңғы қабақтың терісінің жүні түскен, жарылған. Емі. Себептеріне қарай. Бет жүйкесінің салдануынан жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің жиырылуының болмауы (спазмалық птоз) мен кәрілікке байланысты жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің семуінде ем тиімсіз. Ал конъюнктивиттерден болған қабақ айналуларында негізгі ауруды емдеу қажет. Қабақ терісінің жарақаттарына байланысты болған қабақтың сыртқа айналуында оперативтік ем жасу тиімді. Операция техникасы: Ол бірнеше әдіс - тәсілдермен орындалады. Оларға Диффенбах тәсілі, Диффенбах - Греф тәсілі, Шимановский тәсілі және Кунтт – Мюллер тәсілі жатады.Бұл тәсілдердің бәрінің негізі қабақ терісінде босаңсыту тіліктерін жасау. Ол үшін жалпы қабылданған ережеге сай операция алаңы дайындалып, жергілікті ауырсындырмау жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет