Алдымен пайда болған терідегі үшбұрыш жарақатқа содан соң қабаққа параллел жасалған тіліктерге түйін тігістер салынады (сурет 3 – а).
Диффенбах - Греф тәсілі: Жоғарғы тәсілден тиімділігі жоғары деп есептелінеді. Орындалу тәсілі де күрделірек. Алдымен көздің сыртқы бұрышынан тағаны көздің ішкі бұрышына басталатын, төменгі қабақ жиегіне параллел үшбұрышты тері кесіп алынады. Қабақтың айналуы үлкен болған сайын үшбұрыштың тағаны да үлкен болады. Үшбұрышты теріні сылып алып тастаған соң оның негізінен көз бұрышынан «ваг» үшбұрышы пайда болатындай көлемі сылып алынған теріге тең тілік жасалады. Оның ұзындығы кесіп алып тасталған үшбұрыштың тағанына тең болуы керек. Бүл жердің де терісі сылынып алынып тасталады. «Ваг» бұрышын «вба» бұрышымен сәйкестендіріліп, «бв» жағы «ав» жағынан бастап түйін тігіспен тігіледі. Ал «аб» сызығы бойымен «аг» - ға қабақ жиегіне тігіледі (сурет 3 – 2).
3 – ші сурет. Қабақ сыртқа айналғанда операция жасап емдеу: 1 - Диффенбах тәсілі; 2 - Диффенбах – Греф тәсілі; а – б- в - үшбұрышты кесіп алынып тасталатын тері. Кунтт – Мюллер тәсілі. Диффенбах тәсіліне ұқсас. Тіліктер жасау мен тігістер салу бірдей. Айырмашылығы біріншісі конъюнктива жағынан жасаса, екіншісі қабақ терісі жағынан жасайды.