Срсп 1 Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау


Шағын және орта бизнес орта таптың негізгі бөлігі ретінде дәлелдеу



бет6/22
Дата13.04.2022
өлшемі45,71 Kb.
#139100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
1-11 cрсп
Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Наурыздың он бірі, Наурыздың он бірі, Наурыздың он бірі, A hundred years ago, The streets of the city are busy today, The streets of the city are busy today, The streets of the city are busy today
3. 3. Шағын және орта бизнес орта таптың негізгі бөлігі ретінде дәлелдеу.
Кез келген елдің ішкі нарығы сыртқа тәуелді болмаған кезде барып, оның дамуы мен экономикалық тұрақтылығы көтеріле бастайды. Дамыған елдердегі ішкі өндіріс, шағын және орта бизнес үлесі 80 %-дан асып кетеді. Осы себептен де, Қазақстан «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасын ұсынып, жаппай ел ішінде бизнесті дамытуды қолға алып отыр.
Қарпайым тілмен айтқан кезде, шағын және орта бизнестің өзіндік айырмашылығы бар.
Шағын бизнес – атадан-балаға нәсіп және кәсіп болып келе жатқан отбасылық, үлкен көлемде пайда әкелмесе де, ай сайын сол отбасын асырауға жететін мөлшердегі материалдық қажеттілік әкеліп тұратын бизнес. Мәселен, ата-кәсіпке айналып кеткен тері өңдеу, қолөнер секілді бизнесті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сол арқылы күнін көріп отырған болса, бұл шағын бизнес боп есептеледі.
Елімізде шағын бизнесті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жұмыстар бар. Себебі, қазақ халқы қолөнерге және шаруашылық өндірісін дамытуға бейімі бар. Шағын кәсіпті айналдыру арқылы әрбір отбасы өзін ғана асырап қоймайды, ол үлкейіп қасындағы адамдарды жұмысқа ала бастайды. Бір сөзбен айтқан кезде, өзінің де отбасын асырап қоймай, өзгелерге де жұмыс тауып бере алады. Жұмыспен қамту жағын шешуге септігін тигізеді.
Орта бизнес деп отырғанымыз, бұл ендігі үлкен компания, бірлестік. Бұл бизнес мемлекеттің тікелей экономикалық жақтан өсуіне көмектеседі.
Ел экономикасы сыртқа тәуелді болмауы үшін, дамуы үшін шағын және орта бизнес үлесі 50%-дан асуы керек. Бізде әзірге бұл көрсеткіш төмен. Дегенмен, өсім жоқ деуге тағы да болмайды. Елімізде шағын бизнесті жасап отырған жастардың саны басым. Негізінен аяқ киім, зергерлік, қолөнер мен ауыл-шаруашылық өндірістерін дамытып отыр. Ешкінің сүтінен балмұздақ жасау, таза отандық тері өндімерінен аяқ киім дайындау секілді кәсіп жылжып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет