Срсп 1 Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау


СРСП 4. Қоғамдағы этникалық топтар: әлеуметтанулық зерттеулер



бет9/22
Дата13.04.2022
өлшемі45,71 Kb.
#139100
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
1-11 cрсп

СРСП 4. Қоғамдағы этникалық топтар: әлеуметтанулық зерттеулер



  1. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.

  2. Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез-құлықтары және т.б. зерттесе, қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанатын отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды осы пәннің "этноәлеуметтану" деген арнаулы саласы зерттейді. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара байланысын зерттеу болып табылады. Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезінеді. Осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектенеді. Бұл халықтардың этникалық санадағы өздерінің тегі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері, өзге халықтардың ішіндегі өздерінің орны ілгері ме, кейін бе халықтың санасында көрініс береді. "Этника" деген ұғым ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы "халық" дегенге өте жақын. Сонымен адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігін білдіретін этностан "метаэтнос" және "субэтнос" деген терминдер шығады. Үлкен этникалық бірлік болып саналатын метаэтноста оның шығу тегі, мәдениеті, тілі және өзіндік сананың ортақ белгілер көп болады. Мысалға араб немесе түрік халықтарын алуға болады. Субэтнос немесе субэтникалық топ — бұл тұтас халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі. Сонымен этникалық қауымдастық деп өздерінің шығу тегі және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа түскен адамдар тобын айтамыз. Бұл белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы. Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну және т.б. белгілері болады. Этникалық қауымдастықтың өзіне тән шығу, даму белгілері және ерекшеліктері болады. Ол әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезендерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту үдерісі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, үғынуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап-тілегіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Этноәлеуметтану аса маңызды ұлттық-этникалық қатынастардың күрделі саласын зерттейді. Бұл қатынастарда этникалық қауымдастықтың табиғи және әлеуметтік-психологиялық сипаттары ашық байқалатындықтан, онда қайшылықты да, шатастырылған да жағдайлары болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет