Срсп №3 Құқық қорғау органдары қызметтері мен міндеттері



бет1/3
Дата27.11.2022
өлшемі18,03 Kb.
#160037
  1   2   3
Байланысты:
Основы права срсп 3


Орындаған: Жайлыханов Мирас
Тобы: ЦАФ 19-3
Пәні: Құқық негіздері, Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, модулі
СРСП №3


1. Құқық қорғау органдары қызметтері мен міндеттері.
Құқық қорғау қызметі - құқық қорғау органдарының міндеттерін орындау және құзыретін іске асыру жөнінде өкілеттік беретін құқық қорғау органдарының лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Прокуратураның міндеттері
Прокуратура заңда белгіленген шекте және тәртіппен:

1) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;


2) Заңды күшіне енген сот актілерінің;
3) Атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;
4) Құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың:

  • сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі;

  • қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы қызметінің;

5) Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың заңдылығын;
6) Заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі - қадағалауды) жүзеге асырады.
Прокуратура қызметі, құқықтық негіздері
Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституцияда және заңда айқындалады.
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң қағидаттары
Прокуратура төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.
Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз болу және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттарында жүзеге асырады.
Прокуратура органдары өз функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде олардың қызметiне араласуға тыйым салынады.
Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметіне тексеріс тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет