Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
Мемлекеттік өрт қадағалаудың ұйғарымы - мемлекеттік инспектордың өрт қауіпсіздігі талаптарын, соның ішінде салынып жатқан кәсіпорындардың, объектілердің, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, өндірістен алуды, өндіруді тоқтатуды және өнімдерді сатуды тоқтата тұруды қоса алғандағы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі, тиісті басшының, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың белгіленген мерзімде орындауы міндетті шаралар көрсетілген жазбаша өкімі;
Объект - ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық қондырғыларды, жабдықтарды, агрегаттарды, бұйымдарды және ол үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген өзге мүлікті қоса алғандағы заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның мүліктік кешені.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет міндеттері:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Экономикалық тергеу қызметі
Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі - Қызмет) - бұл заңнамаға сәйкес қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелері.
Қызмет, прокуратура, ішкі істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет секілді құқық қорғау органдарына жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қызметке анықтау мен тергеулер жүргізуге, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілеттік берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |