СРСП тапсырмалары. ЖМ, 1 курс Тапсырма 1 Гинекологқа әйел адам лактация пайда болғанын, бірақ ол жүкті емес екенін айтып шағымданды. Оған гормондардың мөлшерін анықтауға қаннан анализ тапсыру ұсынды. Қандай гормондар лактацияны тудыру мүмкін?
Зат алмасуын және ағза қызметін реттеуші жүйенің иерархиялық деңгейлері туралы не білесіздер?
ОЖЖ жоғарғы бөлімдері мен эндокриндік бездерді біріктіретін иерархиялық жүйедегі қай мүше маңызды орын алады?
Онда қандай гормондар түзіледі?
Тапсырма 2 Пациентте қатты айқын емес гипергликемия, полиурия, глюкозурия. Кетонемия және кетонурия жоқ. Зәрде мочевина және басқадай азоттық өнімдердің мөлшері жоғарылаған. Науқасқа ұзақ мерзімді стероидты гормон енгізілген (кортизон). Оған қант диабеті деген диагноз қоюға бола ма? 1.Глюкокортикоидтардың синтезін, әсер ету механизмін сипаттап жазыңыз; 2. Глюкокортикоидтардың синтезделуі орнын, нысана мүшелерін, синтезі мен секрециясының реттелуін көрсетіңіз.
Тапсырма 3 Науқастың кенет қан қысымы, жалпы алмасу, қант мөлшері, қанда БМҚ мөлшері жоғарлаған, плазмада адреналин және норадреналиннің мөлшері 500 есе көтерілген, гликозурия пайда болған. Қай ағзада патология болу мүмкін?
Катехоламиндердің синтезін, әсер ету механизмін сипаттап жазыңыз
Катехоламиндердің синтезделуі орнын, нысана мүшелерін, синтезі мен секрециясының реттелуін көрсетіңіз.
Тапсырма 4 Пациентте ұйқы безінің ісігі. Сондықтан инсулин синтезі жоғарылаған және онда келесі симптомдар байқалған: әлсіздік, шаршау, тершеңдік және өзін үнемі аш адамдай сезінеді. Неліктен жоғарыда келтірілген симптомдар дамиды?
Инсулиннің артық мөлшерінің зат алмасуына әсері;
Осының салдары неге ми жұмысының бұзылысына әкелуі мүмкін?
Инсулиннің синтезін, әсер ету механизмін сипаттап жазыңыз.
Тапсырма 5 Асқынған акромегалияның көріністерінің бірі қант диабеті болып табылады.
Туындау себебі?
Акромегалия дамуы немен байланысты?
Акромегалиямен ауыратын науқаста зат алмасу қалай өзгереді?
Гормонның синтезін, әсер ету механизмін сипаттап жазыңыз.