Байланысты: Сүт өнімдері Сүзбе өндірісінің технологиясы-engime.org
Көп секциялы сүзбе дайындағыш (3-сурет) жеті секцияға бөлінген сыймдылығы (жалпы секцияның ) 550л. Сүт түтік арқылы(11) сүт қабылдағышқа (12) беріледі. Сүт қабылдағышта сүт мөлшерін өлшеп отыратын қалқымалы бекіткіш клапан бар. Төртінші секцияда ашытылған сүтті бөліп тұратын бөлгіш қондырғы (7) орналасқан. Бөлгіш қондырғылар дегеніміз-көлденеңінен және тігінен орналасқан струналар. Сөңғы екі секция сүзгіш қызметін атқарады. Бұл секциялардағы цилиндрлі қабырғада винт арқылы бекітілген ажыратып алынған тор (4) және торлы қалқан бар. Сары су түпкі ыдысқа (6)кетеді де, дайын азық астау (9) арқылы басқа ыдысқа жегіледі. Бастапқы үш секцияда дайын сүттен қоймалжың дайындалады, төртіншісінде ұйындыны кескілеп бөлектейді, бесіншіде сүзу процесі жүреді де соңғы екі секцияда сорғыту процесі жүреді. Осы сүзбе дайындағыш тасқынды тізбекке кіреді. Онда пастерлегіш, салқындатқыш, нормалағыш, консекциялы сүзбе дайындағыш, хлорлы кальций мен мәйекті мөлшерлегіш жасады. Өнімділігі 250кг/сағ.