Сталинград шайқасы



бет2/2
Дата06.05.2020
өлшемі22,27 Kb.
#66304
1   2
Байланысты:
Сталинград реферат

СТАЛИН.

Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович (09.12.1879 Гори қаласы, қазіргі Грузия Республикасы – 05.03.1953, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922 – 53 жж), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945). 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» (үшінші топ) атты грузин социал – демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП – ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК – не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылдары Санкт – Петербургте жұмыс істей жріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 2 – съезінде (08.11.1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 – 22 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік – Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК – нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО – ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде «автономияландыру» (бүкіл республикалардың РКФСР – ге автономия құқығына енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1 – съезіне (1922 жыл желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П – ның 13 – съезі (1924 жыл мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын – сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО – ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғ. Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып – жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП – ның 1956 жылы өткен 20 – съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Соц. Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі қызыл алаңға жерленген.

Қолданылған әдебиет:

1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы (Алматы, 2006 жыл).

2.Такер Р. «Сталин, Путь к власти» 1997; Громов Е. «Сталин, Искусство и власть» 2004; Карпов В. «Генералиссимус» книга 1 – 2, Калининград 2004;

3.Жуков Ю. «Сталин, Тайны власти» 2005; его же, «Йной Сталин» 2005; (С.Тортаев).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет