321
шикі кірпішпен ӛрілген. Дуалдардың бҧрыштарында дӛңгелек мҧнаралар
орналасқан.
Тараз маңында
Дех Нуджикес және
Адахкет қалалары болған. Олардың
орындары Ибн Хордадбех пен Кҧдама мәліметтері бойынша анықталынады.
Қимақтарға барар жолды сипаттаған олар Тараздан 7 фарсах қашықтықтағы
Кевакет (Кевакиб) маңындағы екі қонысты атап кетеді. ІХ ғасыр авторы әл-
Факих олардан да дәл мәлімет береді, ол Тараздан Кевакибқа дейін 7 фарсах
дейді да, қимақтарға баратын жол Тараздан солға қарай, яғни солтҥстікке
қарай жҥреді деп кӛрсетеді.
Адахкет пен Дех Нуджикес Тараздан солтҥстік-шығысқа қарай жатқан 30
км жердегі Ассы аңғарында болуы мҥмкін. Бҧл жердегі ескерткіштерді
аэрофото тҥсірілім жасап, кӛзбен мӛлшерлеген кезде Қаракемер-1 және
Қаракемер-2 қалаларынан ҧзын дуал орны анықталған. Бҧл жазира Кевакибке
келіңкірейді, ал қалалар осы аталған екі қала болуы ықтимал.
Тараздан оңтҥстікке қарай
Шелжі, Сұс, Көл және
Текабет қалалары
орналасты.
Олардың арасынан Шелжі кеңінен танымал. Тараз бен Шелжі арасы 4
фарсах жол болған. Зерттеушілер бір ауыздан Тараздан 30 км оңтҥстікте
жатқан
Садыр-Қорғанды Шелжі деп есептейді.
Сҧс туралы, ол «ҥлкен қала, ал Кӛл одан кішкентай», «Текабет – ҥлкен
қала, оның тҧрғындарының жартысы діннен жаңылысқандар (мҧсылмандар
емес)» деп айтылады. Аталған қалаларды
Орлов Ақтөбесі (Көл), Талас
Ақтөбесі (Текабет) және Чалдовар (Сұс) қалаларымен сенімді тҥрде
салғастыруға болады.
«
Кенджақ-Сеңгір – Тараз маңындағы қала» деп алғаш рет Махмҧд
Қашқари кӛрсетеді. ХІІІ ғасырда қала Кенджақ атауымен тіршілік етіп
жатты. Дереккӛздерінде былай делінеді: Янги – тӛрт қала. Олардың
әрқайсысының арасы бір фарсах, әрбір қаланың ӛз атауы бар. Бірі – Янги,
келесісі – Янги-Балық, ҥшіншісі – Кенджақ, соңғысы – Тараз». ХҤ ғасыр
бірінші жартысындағы Арабшахта Испиджабтан тӛрт кҥндік жерде Янги-
Талас қаласы бар дейді.
1253 жылғы саяхатшы Гильом Рубруктың жазбаларында
Кинчат қаласы
туралы айтылып кетеді. Одан Кенджақ атауын байқауға болады. Гильом
Рубрук қала мен бір кент туралы және бҧл жердің топографиясы, табиғаты
жӛнінде сипаттап берген.
Рубруктың жазбаларына қарағанда, Кинчат Таластың тӛменгі ағысында
болған. Бҧл жерден ХІІІ-ХІV ғасырлардың мәдени қабаты бар екі қала
белгілі: бірі
Шарвашлык (Шаруашылық), екіншісі –
Оххум. Кинчатқа
Шарвашлык, ал Рубрук келесі кҥні жеткенелді-мекен Оххум болуы әбден
мҥмкін.
Тараздың солтҥстік-батысында Хутухчин мен Берукет қалалары
орналасты. Берукет Х ғасырдан бастап белгілі. ХІІІ ғасырдағы армян
патшасы Гетум Тараздан шыққан соң,
Хутухчин, Пергант арқылы ӛтіп,
Достарыңызбен бөлісу: