Стан археологиясы


ҤІI-тарау  ЖАЗБА ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕККӚЗДЕРІНДЕГІ



бет117/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

ҤІI-тарау 

ЖАЗБА ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕККӚЗДЕРІНДЕГІ 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫ

Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Ҧлы Жібек жолы. 
Б.з. II-V ғасырларында егер Шығыстан жҥре бастасақ, Жібек жолы 

Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ


ӛткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннінң солтҥстік сілемдерімен жҥріп 
отырып, Ҧлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен
барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шӛлін 
солтҥстік және оңтҥстік жағынан айналып ӛтетін. Терістік жолы Хами,
Тҧрфан, Бесбалық, Шихо кӛгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететіп; 
ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы
Ыстық кӛлдің оңтҥстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, 
Бактрияларды басып ӛтіп, Ҥндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап
кететін; бҧл Оңтҥстік жолы деп аталатын. Ал, Солтҥстік жолы Қашғардан 
Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бҧхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға,
Мысырға баратын. 
VІ-VІІ ғасырларда бҧрынғы жол (Ферғана арқылы) қысқа әрі қолайлы
болуына қарамастан, Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстан 
арқылы Батысқа қарай ӛтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың
бҧлай ауытқуын бірнеше себептермен тҥсіндіруге болады. Біріншіден, 
Жетісуда Орта Азиямен жҥретін сауда жолдарын бақылайтын Тҥрік
қағандарының ордалары орын тепті. Екіншіден, Ферғана арқылы жҥретін 
жол VII ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді,
ҥшіншіден, аса бай тҥрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер, 
теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса кӛп тҧтынатындар қатарынан
саналатын. Сӛйтіп, VII-XV ғасырларда бҧл жол маңызды болып, елшіліктер 
және сауда керуендерінің дені Жібек жолының осы тармағымен жҥретін.
Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз ӛзгеріп отырған, оның бір телімдері 
айрықша маңыз алып, кӛркейіп жатса, екінші бір телімдері жабылып, ондағы
қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалып жатты. Мәселен, VI-VIII 
ғасырларда негізгі кҥре жол Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтҥстік Қазақстан
– Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстық кӛл шҧңқыры – Шығыс Тҥркістан 
болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты
Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий ӛңірі даласына – Маңғыстау – 
Арал ӛңірінен ӛтіп, Оңтҥстік Қазақстанға жеткен. Бҧл жол Сасанидтер
Иранына қарсы, Батыс тҥрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік 
одағы жасалған кезде, Иранды айналып ӛтетін болған. IX-XII ғасырларда
жолдың бҧл желісі, Орта Азия мен Таяу Шығыс арқылы Кіші Азия мен 
Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға қарағанда, едәуір аз
пайдаланылған, ал XIII-XIV ғасырларда ол қайтадан жанданады. Қҧрлықтағы 
саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде
жҥрген кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған. Бҧл кездері 



314


Еуразияда Тҥрік қағанатынан кейінгі екінші еуразиялық мемлекет Моңғол
империясы пайда болған еді. Ҧлы Жібек жолы теңіз жолдары қалыптасқан 
кезге дейін жҧмыс жасап тҧрды.
Қазақстан аумағындағы Ҧлы Жібек жолы тӛмендегідей қалалар мен 
қоныстар арқылы ӛтті.
Оңтүстік Қазақстан, Талас пен Шу өзендері аралығындағы қалалар.
Шаштан (Ташкент) шыққан жол Тҧрбат асуы арқылы Испиджабқа келді.
Испиджаб-Сайрам – Оңтҥстік Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі – 
Сырдарияның сыртындағы отырықшы-егінші аймақтың орталығы болған.
Қала жазба дереккӛздерінде VІІ ғасыр бас кезінен бастап белгілі болады. 
Сюань-Цзянь жылнамасында «Ақ ӛзендегі қала» атымен аталған. ХІ ғасырға
жататын Махмҧд Қашқари хабарламасында: «Сайрам – «Ақ қаланың» аты 
(Әл-Мединат әл-Байда), ол Испиджаб деп аталады» деп кӛрсетілген.
Х ғасыр географы Ибн Хаукал былай деп жазды: «Испиджаб – шамамен 
Бинкеттің ҥштен бір бӛлігіндей қала. Ол мединадан, цитадельден және
рабаттан тҧрады, цитадель қираған, ал медина мен рабадта адамдар ӛмір 
сҥріп жатыр, медина дуалмен қоршалған, рабадты та бір фарсах
шамасындағы дуал қоршап тҧр. Рабадта бау-бақшалары мен сулары бар. 
Қҧрылыстары саз балшықпен тҧрғызылған... Мединаның тӛрт қақпасы бар,
соның ішінде Нуджакет, Фархан, Савакрарабад, Бҧхара қақпалары...». 
Испиджаб ірі әкімшілік орталық қана емес, транзиттік сауда пункті ретінде
де белгілі болды. Қаладағы рабадта сауда қатарлары мен керуен-сарайлар кӛп 
болған еді. Бҧлардың бірқатарына Нахшеба, Бҧхара, Самарқанд саудагерлері
иелік етті. Барлығы 1700 рабад есептелген. Испиджабтан басқа жерлерге бӛз 
мата, қару-жарақ, семсер, мыс пен темір жеткізілді. Қала бҥкіл Шығысқа қҧл
саудасының орталығы ретінде де танылды, онда соғыс пен шапқыншылық 
кезінде қолға тҥскен тҧтқындар сатылды.
Испиджаб округына бірқатар қалалар мен қоныстар қарады, олардың 
арасында Сырдария алқабындағы Фараб пен Шауғар, Сауран мен Шағылжан,
Жент пен Жанкент; Қаратаудың солтҥстік беткейлеріндегі Баладж; Талас 
алқабындағы Тараз, Сҧс, Жікіл, Атлах пен Жамуқат; Шу аңғарындағы Қҧлан,
Мерке, Невакет, Баласағҧн және тағы басқалары болған еді. 
Испиджаб ӛз округімен және жақын жатқан қалаларымен бірге адам
тығыз қоныстанған аудандардың бірі болды, қаланың ӛзі мен оның 
маңайында ХІ-ХІІ ғасырларда археологтар есептеуінше 40 мыңдай адам
қоныстанды. Адам санын арттырып тҧрған тҥріктер еді. Мҧны ортағасырлық 
авторлар да растайды. Мәселен, Махмҧд Қашқари мҧнда VІ-VІІІ ғасырларда
қоныстанған соғдылықтар ХІ ғасырда тҥріктеніп кетті деп жазады: 
«Баласағҧн тҧрғындары, Тараз бен Ақ қала (Әл-Мединат әл-Байда) халқы
секілді соғды және тҥрік тілдерінде сӛйлейді». 
Испиджабтың ӛрлеуі ХІІ ғасыр орта тҧсына дейін жалғасты, бҧдан кейін
жергілікті тҥрік халқы, қарақытайлар, наймандар мен Хорезм арасындағы 
қырқыстар басталып кетті. Хорезмшах пен қарақытайлар, одан кейін
хорезмшах пен наймандар арасындағы кҥрес хорезмшах Мҧхаммедтің 
Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстан қалаларын қарсыластарға кетіп қалмас ҥшін




315


қиратуға бҧйрық беруіне алып келді. Сол кездері мҧны кӛзімен кӛрген
«Мҥджам әл-бҧлдан» географиялық сӛздігінің авторы Якут әл-Хамауи 
Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникет пен Фараб қалаларындағы оқиғаларды
толымды сипаттап берген. Ол хорезмшах Мҧхаммед ибн Текештің біршама 
қалаларды кҥйреткендігін, басып алған қалаларды қашық болғандықтан
игере алмағандығын, ондағы шекаралық бекеттерді қиратып, талап алуға 
әскерлеріне бергендігін, халықтың жосып кеткендігін, кейіннен 1218-1220
жылдары моңғол-татарлардың басып кіргендігін, одан соң қираған ҥйінділер 
қалғандығын тәппіштеп жазып кеткен.
Алайда қаланың қирағанына қарамастан моңғол шапқыншылығы 
қарсаңында қалада тіршілік қалыпты жағдайда болғандығын топшылауға
болады. Ӛйткені дереккӛздерінде моңғолдар «Сайланды (Сайрамды) 
қоршаған кезде катапульта қолданды» делінген. Демек қаланың қорғануға
шамасы болған. Бірақ қала моңғолдарға бағынады. Сірә, олар қаланы мҥлдем 
қиратып жібермесе керек. Себебі 1221 жылы Сайрамнан ӛткен даос монахы
Чань Чунь қаланың жағдайы жақсы екендігін айтады және шәкірттерімен 
бірге мҧнда бірнеше кҥн тынығады. Отанына қайтар жолында Чань Чунь
1223 жылы тағы да қалаға соғады, бҧдан кейін мәтіндерінде автор оны 
«ҥлкен қала» деп атайды.
Сайрам, кейінгі орта ғасырларда да Ҥндістан, Иран, Араб Шығысы, Орта 
Азиядан Орталыққа Қазақстандағы Ақ Ордаға, шығыста Моғолстанға,
Хорезм арқылы батысқа, одан Оралға, Еділге және Еуропа мен Алтын 
Ордаға, Русь пен Византияға баратын жолдың тҥйіні болып қала берді. Ӛз
заманы ҥшін қала мықты бекініс болған еді. Сайрамның оры ХҤІ ғасырдағы 
оқиғаларды сипаттаған Хафиз-и Таныш шығармасында да айтылады.
Қазақтар иемденген соң, қала Қазақ хандығының маңызды тірегіне айналды. 
1681 жылы және 1683 жылы Сайрамға жоңғарлар жақындап келді, ал 1684
жылы қаланы олар басып алып, қиратты. 
Сайрам қаласының «қала» деп аталатын қалдықтары Сайрам ауылының
орталығында сақталынған. Қазіргі таңда ол тікбҧрышты тӛбешік. Биіктігі 6,5-
11 м аралығында және ауданы солтҥстіктен оңтҥстікке қарай 500 м, ал
шығыстан батысқа қарай 550 м. Оны бойлай жал, яғни бҧрынғы қамал 
қалдығы орналасқан. Қабырғаның қалдықтары ХІХ-ХХ ғасыр бас кезіне
дейін сақталған. Цитадель шығыс бҧрышта орналасқан. Соңғы уақыттарға 
дейін Қала ортағасырлық шығыс қалаларына тән жоспарын сақтап қалған.
Қаланың бір-біріне қарама-қарсы орналасқан тӛрт қақпасы болды, олар кесіп 
ӛтетін магистраль кӛшелермен жалғанып жатты.
Қала топографиясы кейінгі орта ғасырларда қалыптасты, дегенмен ол 
ерте уақыттардағы кескін-келбетін сақтап қалса керек.
Ежелгі және орта ғасырлардағы Сайрамның қазіргі кҥнгі қҧрылыс 
астында қалуы оны археологиялық тҧрғыдан зерделеуді едәуір қиындатады.
Кӛне замандардағы мәдени қабаттарды аршуға кейінгі орта ғасырлар 
стратиграфиясы да елеулі кедергі келтіреді.
Алайда кездейсоқ жиналған және археологиялық барлау нәтижесінде 
алынған материалдар қаланың қалыптасуы біздің заманымыздың бас кезінде




316


орын алған деп тҥйіндеуге мҥмкіндік береді. Оның қараханидтер тҧсында да
ӛркендеп тҧрғандығын топшылауға болады. 
Сайрам қаласында атқарылатын кең ауқымды археологиялық жҧмыстар
әлі алда. Оны алғашқылардың бірі болып М.Е.Массон зерттеді. Бҧл ғалым екі 
қатар «ҧзын қабырғаны» сипаттап ӛтті. Ол екінші қабырғаны ІХ ғасырда
саманидтік Нҧқ бҧйрығымен кӛшпенділер шапқыншылығынан егістік пен 
жҥзімдікті қорғау мақсатында тҧрғызылған деп пайымдау жасады. Бҧл әбден
мҥмкін, себебі қала сыртындағы бҧл аумақ диаметрі 18 км шамасында.
Мҧнда орналасқан ірі ескерткіштердің қатарына Ұлықтөбе мен Мәртөбе 
қалалары, сондай-ақ ӛзен террасасында орналасқан кӛптеген қорымдар 
жатады. Сайрамсу мен Бадам аңғарларында Испиджаб жазирасына кіретін
ондаған қоныстар мен қалалар бар. 
Сайрам орталығынан шығысқа қарай 5 км жерде жатқан Мәртӛбе
қаласында қазба жҧмыстары жҥргізілген. 
Қала қатты қираған, қазір тек орталық тӛбешіктің бір бӛлігі ғана
сақталған, оның табанындағы ауданы 20х30 м, биіктігі 10 м, қасында оған 
ауданы 60х20 м, биіктігі 4 м жалпақ тӛбешік жалғасқан.
Орталық тӛбешік кесіндісінің негізінде қала стратиграфиясы анық 
кӛрінеді. Одан екі мәдени қабат байқалады. Мәдени қабаттардан шикі
кірпіштен тҧрғызылған қабырға қалдықтары, отырған кҥмбездер мен 
қҧрылыстар іздері нақты кӛрінеді. Отырар-қаратау мәдениетіне жататын
олжалардың, соның ішінде ең алдымен керамиканың шығуы, Мәртӛбені 
біздің заманымыздың І мыңжылдығының алғашқы жартысымен мерзімдеуге
жетелейді, бҧл мағлҧматтар аталмыш кӛгалды аймақта урбанизация б.з.б. І-
мыңжылдық соңы мен б.з. І-мыңжылдығының бас кезінде басталғандығын
нақты аңғартады. 
Куфи жазулы тас колонна, тҥргештік, қараханидтік және кейінгі
ортағасырлық монеталар, Х-ХІІ ғасырлардың суармалы керамикасы мен 
шынылары, қола келі секілді кездейсоқ табылған олжалар Испиджаб-Сайрам
сынды астаналық қаланың мәдениетінен молынан хабардар етеді.
Ортағасырлық Манкет қаласының атауы қазіргі кҥні Манкент елді
мекенінің атауында сақталған. Оның қасында ҤІ-ХІІ ғасырларға жататын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет