291
жерлеу салты бойынша ӛзгешеленеді. Шҧңқырдан ат әбзелдерінің
қалдықтары (металл қапсырмалар, т.б.) алынған.
Бірнеше кӛне тҥркі қоршаулары
Көржайлау-7 қорымы қҧрамынан
ашылып, зерттелген. Қорымнан ҥш қоршау мен бір оба қазылған. Обадан
басы батысқа бағытталған, шалқасынан жатқызылған мҥрде аршылады.
Оның бас жағына қолдан жапсырылған, тҥбі дӛңгелек ыдыс қойылған, одан
қойдың қҧйымшақ сҥйегі мен тігінен ғҧрыптық асқа қадалған қадалған
пышақ шыққан.
№1 қоршауды шеттерімен қоса есептегенде шамамен 2 м-ден сәл ғана
асады. Конус тәрізді қосымша қҧрылыс негізгі конструкцияға оңтҥстік-
шығыс жағынан келіп қосылады. Қоршау қабырғалары тігінен қойылған тас
плиталарынан тҧрғызылған. Сыртқы жағын бойлай және қоршаудың ішкі
ауданы ҧсақ малта тастармен толтырылған. Қосымша қҧрылысқа тігінен ер
адамның мҥсіні орнатылған, тҥбі тастармен шегенделген. Мҥсінге қару мен
сол қолына пиала тәрізді ыдыс қашап тҥсірілген. Бет әлпеті мҧқият ӛңделген,
киімінің орамдары кӛрсетілген.
Мҥсіннің
сол қолындағы жҥзі қайрылып жасалынған қылыш
ескерткіштің хронологиясына тҥзетулер енгізуге мҥмкіндік береді, оны
зерттеген мамандар мҥсін ІХ-ХІІ ғасырларда тҧрғызылған деп пайымдайды.
Белсаз-1 қорымы диаметрі 5 м, 5 м және 8,7 м таспен ҥйілген ҥш обадан
тҧрады. Обалардың биіктігі 0,4-1,3 м аралығында. Диаметрі 8,7 м оба
ортасында граниттен жасалған ер адамның скульптурасы тҧрған.
Археологиялық тазалаудан кейін оба конструкциясының жоспары бойынша
тік бҧрышты кӛлемі 7,5х7,4 м қҧрылыстан тҧратындығы анықталынды.
Скульптура барельеф техникасында дайындалған. Мҥсіннің басы, денесі,
қарын тҧсында кубок тәрізді ыдысты ҧстап тҧрған қолдары айқын берілген.
Сондай-ақ мҥсіннің бет пішімі де мҧқият бедерленген. Мҧндай скульптура
ғибадатханалық ескерткіштерде кеңінен таралған және Мерке ӛзені
бойындағы биік ҥстірттегі туындыларға ӛте жақын.
Осы сипатталған оба қасындағы диаметрі 5 м-лік оба қазылған. Одан жас
баланың мҥрдесі анықталған. Мҥрде ӛртеу ғҧрпы бойынша жерленген.
Қасына бҧйымдар қойылмаған.
Белсаз-2 қорымы тас ҥйінділерінен тҧрғызылған обалардан тҧрады.
Олардың диаметрі 3-20 м, биіктігі 1,5-3 м аралығында. Екі обада қазба
жҧмыстары жҥргізілген. Диаметрі 6 м-лік обадан катакомбадағы қабір
аршылған. Диаметрі 11 м-лік екінші обаның ҥйіндісі ормен қоршалған.
Ауданы 2х1,5 м тік бҧрышты қҧрылыс обаның ортасында орналасқан және
шеттері бойынша оңтҥстік-шығыстан солтҥстік-батысқа қарай бағытталған.
Онда бір ер адамның, бір әйел адамның тас мҥсіні тҧрған. Әйел адамның беті
солтҥстік-батысқа, ер адамның беті оңтҥстік-шығысқа қаратылған.
Мҥсіндер граниттен, барельеф техникасында дайындалған. Екі мҥсіннің
де белбеу тҧсындағы қолында ыдыс тҧр. Әйел адамның мҥсіні ҧқыпты
қашалған, ҥшкір бас киімі, бет-жҥзі, кеудесіне тағылған әшекейлері сынды
бӛлшектері мҧқият берілген.
292
Мүйізді Қора-2 ғұрыптық ескерткіштері. Бҧл кешен екі оба тҥріндегі
қҧрылыстан тҧрады. Ҥйіндінің шығыс жағынан тікбҧрышты қосымша
қҧрылыс жалғасқан. Қосымша қҧрылыстардың екеуінен де шығысқа
қаратылған әйел адамдардың мҥсіндері анықталған. Екі мҥсін де граниттен,
барельеф техникасы бойынша жасалған. Кеуделері дӛңгелек тӛмпешік
ретінде берілген. Екеуінің де кіндік тҧсындағы қолдарында ыдыс
бедерленген. №1 обадағы статуя тҥбі жалпақ кубок тҥріндегі ыдыс ҧстап тҧр.
Бҧл мҥсіннің саусақтары нақты кӛрсетілген. Екінші мҥсін алғашқысынан
аздап ӛзгешелеу: мҧндағы ыдыс тҧғырлы кубок тәрізді; басынан бас киім
байқалынады.
Мерке ғибадатханаларынан анықталған мҥсіндер Оңтҥстік Орыс
далаларындағы половец ғибадатханаларына ҧқсас.
Мерке ғибадатханасындағы культтық кешендер бойынша зерттелген әрі
сипатталған ескерткіштер типі әдебиетте половецтік «жасырын ғибадатхана»
ретінде белгілі. Шығыс Еуропа далалы аймақтарындағы обалардан
мҥсіндермен бірге мҥрделер де анықталған.
Дәл осындай ескерткіштер Орталық Қазақстаннан да анықталған.
Оларды зерттеушілер ХІІ ғасырмен мерзімдеген.
Достарыңызбен бөлісу: