Стан археологиясы



бет110/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Мерке ғибадатханасы.
Тҥркілердің обасы, тас мҥсіндері, тас 
қаландылары жанында сақталған ғибадатхананы зерттеудің маңызы зор.
Бҧлар табыну мен культтық ғҧрыптарды ӛткізетін орындар болған. Әсіресе 
адам ӛте бермейтін биік тауларда орналасқан, жҥздеген жылдар бойы ешкім
тиісе қоймаған баяғы қалпында тҧрған ғибадатханаларды зерделеу ӛте 
қызықты.
«Қыпшақ ғибадатханалары» деп аталынған ХІ-ХІІІ ғасырлармен 
мерзімделінетін ескерткіштерден Азия бӛлігіндегі қыпшақтар мен
Еуразияның еуропалық бӛлігіндегі половецтер арасындағы мәдени-тарихи 
байланыстарды байқауға мҥмкіндік мол.
Мҧндай ғибадатханалардың бірі – биік таулы ауданда, альпілік шалғын 
аймағындағы Мерке ӛзені, Аралтӛбе, Белсаз, Сандық, Сҧлусай, Қарасай,
Қашқасу ҥстірттеріндегі – Мерке болып табылады.
Ескерткіштердің мейлінше шоғырланған жері Сандық ҥстірті. Бҧл
жердегі тас мҥсіндердің ҥлкен шоғыры туралы ХІХ ғасыр соңында белгілі 
болған, алайда оларды ӛткен ғасырдың орта тҧсында ғылыми айналымға
жергілікті ӛлкетанушы А.Н.Печерскийдің кӛрсетуімен Э.А.Новгородова 
енгізген болатын. Мерке кешенін зерттеумен ҧзақ жылдардан бері




289


А.М.Досымбаева айналысып келеді. ХХІ ғасырдың бас кезінде Жетісу
далалы аймағындағы VІ-Х ғасырларға жататын тҥркілердің ескерткіші 
Жайсаң ашылды. Мерке ӛзенінің жоғарғы ағысында жҥргізілген
археологиялық зерттеулер нәтижесінде тас мҥсіңдері бар ғҧрыптық 
ескерткіштер,
петроглифтер 
шоғырының
картасы

жасалды
(А.М.Досымбаева). Археологиялық-топографиялық картада барлығы бірнеше 


ондаған мҥсінді оба қҧрылыстары кӛрсетілген. Зерттеу барысында 64 тас
мҥсін анықталды, оның 31-і әйел адамның мҥсіні болып табылады. Ғҧрыптық 
ескерткіштердің статисткалық талдауы және типологилық мәліметтері
негізінде ғибадатхана қҧрамына 38 мҥсінді кешен кіретіндігін анықтап берді. 
Ал ғҧрыптық конструкцияның негізгі бӛлігі диаметрі 4-5 метрден 16 метрге
дейін, биіктігі 0,5 метрден 1,3 метрге дейін жететін тас ҥйіндіден тҥрады. 
Кейбір обалардың шығыс жағынан тастан қаланған қосымша қҧрылыстары
да кездеседі. 
Меркенің жарқын ескерткіштерінің бірі Сандық ҥстіртіне кірер жердегі
екі оба мен алғашқыда обада тҧрған қҧлпытас болып табылады. Оның бір 
жақ шетіне биік бас киім киіп тҧрған әйел адамның бейнесі салынған. Ол екі
қолымен ыдыс ҧстап тҧр. 
Басы ойықшамен бӛлініп, оны денесінен бӛліп тҧр. Қасы, кӛзі, жағы
(беті), иегі, кеудесі, қолдары мен ыдысы шығыңқы. Ҧзын тік мҧрыны мен 
қастары Т-тәрізді тҧрпатта шығыңқы сызықпен берілген, кӛздері сопақша
келген ойық арқылы берілген, ауызы ішке қай кіріңкіреп тҧрған. Нәтижесінде 
бет әлпетіне әсемділік беріліп, бҧрыс дӛңгелектер беттегі қызылын
(шырайын) келтірген. Әйел адам жалаңаш кҥйінде берілген, алақаны толық 
ӛңделмеген, ал қолдары білек тҧсында қайырылмаған. Ыдысы пиала (кесе)
тҧрпатты, алайда оның тҥбі кӛріне қоймайды. 
Жалаңаш ӛзенінің жоғарғы ағысынан екі обада орналасқан ҥш мҥсін
анықталынған. Бҧл №2, 3, 4 мҥсіндері бар қҧрбандық шалатын орын. №2 
және №3 тас мҥсіндер обаның орталық бӛлігіндегі тонаушылар қалдырған
шҧңқырда жатқан. Олар бастапқы орындарынан жылжытылған, нәтижесінде 
қҧлпытас терісінен қойылған.
№2 мҥсін қызыл граниттен қашалған (оның кӛлемі 0,74х0,29х0,19 м). 
Басы шабылған. Қолдарына денесіне параллель тҥрде кӛрсетілген. Қолдары,
саусақтары ӛңделе қоймаған. Екі қолындағы ыдыс кубок тҧрпатында 
(ернеуінің диаметрі тҥбінің диаметріне сай келеді).
№3 мҥсін дәл сондай (№2 мҥсін) граниттен қашалып дайындалған. 
Қазіргі таңда олар қатар жатыр. Бҧл мҥсіннің кӛлемі: 0,62х0,25х0,18 м.
Тӛменгі бӛлігі опырылып тҥскен, дегенмен аздап бҥгілген қолдары денесіне 
параллель орналасқанымен, ыдыс әдейі кӛрсетілмеген сияқты. Мҥсіннің тек
бір жағы (беткі) ғана ӛңделген. Шет (бҥйір) жағынан жалғыз-ақ сырғасыз 
қҧлақ қабыршағы ғана тҥсірілген. Басы денесінен кішкентай ойықша арқылы
бӛлініп кӛрсетілген. Мҧрыны мен қасы біртҧтас Т-тәрізді мҥсінде берілген, 
кӛздері миндаль тҥріндегі ойық, ауызы шығыңқы.
Қҧрбандық орнының осы тобына №4 мҥсін де кіреді. Ол ҧсақ тҥйіршікті 
қызыл граниттен қашалып дайындалған (0,68х0,28х0,16 м). Мҥсін обаның




290


ортасына орналасқан, жҥзі солтҥстік-шығысқа қаратылған. Тастың тек бір
жақ шеті ғана қашалған. Бет әлпеті схема тҥрінде берілген: Т-тәрізді мҧрын 
мен қас, т.б. Мҥсіннен адам жынысы нақты ажыратыла қоймайды. Киімі де,
қолдары мен ыдыстары, әшекейлері де кӛрінбейді.
Оңтҥстік-шығыстан
солтҥстік-батысқа қарай бірінен кейін бірі 
орналасқан сайлардан (Қоралас-сазы, Тоғансай, Жалаңаштың жартысы,
Сулы-сай, Қарасай, Шӛлсай, т.б.) ондаған тас мҥсіндері анықталған. Барлық 
конструкциялар мен мҥсіндер тпологиялық жағынан ӛзара жақын.
Әйтсе де ескерткіштер тҥрі тас мҥсіндердің сыртқы пошымына, санына, 
орналасу орнына қарай жіктелінеді.
Сҧлусай-7 обасында тӛрт мҥсін орналасқан. Бес ескерткіштен ҥш-ҥштен 
мҥсін анықталған, он бір обадан екі-екіден мҥсін саналған, ал 28
конструкцияда бір мҥсіннен болған. Конструкциялардағы екі немесе одан 
кӛп мҥсіндердің бірі міндетті тҥрде ер адамның мҥсіні болып табылады.
Қалғандарында әйел адамдар бәдізделген. Дегенмен екі ер адамның мҥсіні 
бар бір ескерткіш пен екі әйелдің мҥсіндері қойылған ҥш конструкция да
анықталған.
Қашқасу-1, Мҥйізді қора-2 (№1, 2 обалар) ескерткіштеріндегі диаметрі
6-10 м, биіктігі 0,5-1,2 м обалар қасынан оларға шығыс жағынан жалғасқан 
кӛлемі 1,5х1,8 м және 2,3х2,7 м тікбҧрышты қҧрылыстар анықталған.
Мҥсіндердің жҥзі шығысқа қаратылған. 
Шайсандық-1 қорымы ескерткіштің басқа тҥріне (типіне) жатады.
Диаметрі 7 м, биіктігі 0,6 м обаның ортасына әйел адамның мҥсіні 
орнатылған. Беті шығысқа қаратылған. Шӛлсай-3 және Сандық-2
қорымдарындағы әйел адамдардың мҥсіндері обаның шығыс жағында тҧр, ал 
обаның ортасында тонаушылар шҧңқыры сақталынған.
Қҧлпытас секілді статуялар (адам денесінің тек жоғарғы жағы ғана 
бедерленген мҥсіндер) ӛз кезегінде бір обада мҥсіндермен бірге тҧра береді.
Статуялардың бірнеше тҥрі жіктелген: бас киімі кӛсретілген мҥсіндер, ер 
және әйел адамдардың мҥсіндері.
Ер адамның бас киімі дӛңгелек пішінді, ол екі скульптурада кӛрсетілген. 
Алты мҥсінде мҧрт айқын бедерленген, бір ер адамның мҥсінінде сына
тәрізді сақалы нақышталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет