Құмкент, Сүгүлкент қалалары бар еді. Бҧл жол не Таластың тӛменгі
жағынан шығып, содан жоғары ӛрлеп, Таразға баратын, не Билікӛлдің батыс
жағасымен жҥріп, Берукет-Паркет, Хутухчин қалалары арқылы бҧл да
Таразға жететін.
339
Қаратаудың солтҥстік беткейлеріндегі қалалар да ғылыми әдебиеттерде
кеңінен белгілі. Олардың кӛпшілігі ортағасырлық ӛз атауларын сақтап
қалған; мәселен, Созақ – Созақ, Қҧмкент – Құмкент. Ал Сҥгілкент –
Саудакент, Ҧрысоған – Қарасауын.
Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстан қалалары. Жібек жолының
Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу арқылы ӛтетін негізгі арқауынан жол
тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Казақстан
аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті Қыпшаққа, Ертіс
жагалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кеткен. Осы арамен атты
кӛшпелілер тайпалары жҥретін дала жолы ӛткен. Сӛйтіп малға, жҥн мен
теріге, металға (мыс, қалайы, кҥміс, т.б.) бай Орталық Қазақстан аймағы
сауда-саттық байланыс жҥйесіне, оның ішінде халықаралық жҥйеге
тартылып, кӛптеген керуен сҥрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен
тоғысады.
Жолдың Отрардан таралған бір желісі Арсубаникеттен ӛтіп, Арыстанды,
Шаян алқаптарына, сосын Каратаудың жатаған белесінен асты; ал Шауғар
мен Ясыдан шыққан желісі Тҧрлан асуынан асты; Сауран мен Сығанақ
тармағы, Янгикент тармағы – бәр-бәрі тҧс-тҧстан Орталық Қазақстан
жазығына шығып, Сарысу мен Қеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын
болған. Сол аймақтан орта ғасырлардың: Болған-ата, Жаманқорған,
Нөгербек-Дарасы, Домбауыл, Милықұдық, Ормамбет сияқты қала-
жҧрттарының қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр дереккӛзерінде
айтылатын Жұбын, Конгликет, Ортау мен Кейтаг сияқты қалаларды,
Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы маңайдан іздеген жӛн.
Янгикенттен шыққан жол солтҥстік-шығысқа қарай Білеуті ӛзенінің
жағалауына қарай жетіп, Қоңырат пен Қарсақпай аудандарына келгендігі
анықталған. Орталық Қазақстанға Сарысу жолы деп аталатын жол жҥрген
болатын: Отырардан шығып Шауғар мен Тҧрлан асуы арқылы Ақсҥмбеге,
Сарысу тӛменгі ағысы мен ӛзенді жоғары бойлай Ҧлытауға (Кендірлік тауы),
одан кейін Есіл мен Ертісті бойлай Сібірге жеткен. Басқа бір жол –
Бетпақдала шӛлі арқылы Жезқазған ауданына ӛткен. Тағы бір жол – «Хан
жолы» - Тараздан шығып Таластың тӛменгі ағысы бойымен Мойынқҧм қҧмы
мен Бетпақдала арқылы Атасу ӛзенінің жағалауына барған. Тараздан шыққан
тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс
жағасына, қимақтар қағанының сарайына барып, одан әрі асып, Енисейдегі
қырғыздар еліне тартатын болған.
Орталық Қазақстанның жақсы зерттелген қалаларының бірі Бұзоқ
(Бұзұқ), ол Астана қаласының шетінде орналасқан. Қаланың ХІ-ХІІ
ғасырларда қалыптасқандығын және ХІҤ ғасырға дейін мҧнда тіршілік
жанданғандығын қазба жҧмыстары кӛрсетіп берді. Қала аумағынан сыпасы
бар жертӛле бӛлмелері аршылып, бекініс қҧрылыстары, ХІІІ-ХІҤ ғасырларға
жататын бейіті зерттелген. Аршылған қабірлер арасында қару-жарақпен және
мол әшекейлермен жерленген әйел адамдардың да қаңқасы кездеседі.
Іле
алқабы Орталық Қазақстанмен Шу-Іле тауының теріскей
жоталарымен жҥріп Шуға шығады да, сосын оның бойын қуалап барып,
340
Сарысу ӛзені жағалауына шыққан. Жолдың ӛзге бір желісі Теріскей-Іледегі
Шеңгелді маңынан шығып, Кӛктал мен Бояулы керуен сарайлар арқылы
Балқаш ӛңіріне, сосын Іледен тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы
Ақтам қала жҧртының орнын басып, кӛлдің тҥскейінен 8 шақырым бҧгаз
арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бҧғазды кешіп етіп, Тоқырауын
ӛзенінің қҧярлығына жуық жерден шығады да, оның бойын қуалап, әрі
Ҧлытау жоталарына қарай кетеді деп топшылауға болады.
Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакӛлді батыс жағынан айнала ӛтіп,
Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен.
Тарбағатайда, Ертіс жағалауында қимақтың Банджар, Ханауш, Астур, Сисан
секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары
темірмен қҧрсалған орасан зор қала – «қағандар астанасы» орналасқан еді.
Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз,
Моңғолиядағы ҧйғыр қалаларымен, Шығыс Тҥркістанның кӛгалды
аймақтарымен байланысып отырған.
Батысқа қарай Еуропаға, Қырым мен Кавказға жҥрген жолдар Аралдың
оңтҥстік және солтҥстік жағалаулары арқылы Жайық-Орал ӛзені бойындағы
қалаларға жеткен.
Мҧндағы ірі қалалардың бірі Сарайшық болған еді. Ол Батыс Қазақстан
аумағындағы ортағасырлық қала. Бҧл қала жӛнінде ХІҤ ғасыр саяхатшысы
Ибн Батута былай деген болатын: «Сарайшық, шық деген кішкантай. Олар,
бҧлайша, оны Кіші Сарай деген мағынада айтады. Аталмыш қала суы мол
Ҧлысу деп аталатын ӛзеннің жағалауында, оның мәні «ҧлы су». Онда тура
Бағдаттағыдай қайықтан жасалған кӛпір бар. Бҧл қалада аттарымыз арба
сҥйреген саяхатымыз аяқталды...».
Осы және басқа да жазба дереккӛздері Азияның ӛзіндік бір қақпасы
болған бҧл қаланы Ҧлы Жібек жолындағы маңызды орталық ретінде
сипаттайды.
Сарайшық ҥйінділері Атырау қаласынан 50 км жерде, Орал ӛзенінің
жоғарғы ағысында. Әлі кҥнге дейін ежелгі қала орнында тҧрған кент
Сарайшық деп аталады. Оның аумағында, Орал ӛзенінің жағалауында
Сарайшық қаласы орналасқан. Бірнеше жылдан бері мҧнда археологтар
жҧмыс істеп жатыр.
Қала, дереккӛздеріне қарағанда, 1227-1254 жылдары ел билеген Алтын
Орда ханы Батудың ӛкімі бойынша қалыптасқан. Дәл осы қалада, тарихи
жазбаларға қарағанда моңғол ханы Берке (1257-1266) исламды қабылдаған,
бҧдан кейін ислам Алтын Орданың мемлекеттік діні бола бастаған.
Алайда Сарайшық одан да ерте кезде, яғни Х-ХІІ ғасырларда,
моңғолдарға дейін-ақ қалыптасқан деген де пікір бар, дегенмен мҧны тек
археологиялық ізденістер ғана нақты шешетіндігі анық.
Сарайшықтың ӛркендеуі Алтын Орда тарихымен тығыз байланысты
болған еді. Бҧл кездегі қалалар аумағы ҧлғайып, жаңа қалалар қалыптасып
жатты. Олар сауда мен қолӛнер орталықтарына айналады, аумақтарында
жаңа архитектуралық кешендер бой кӛтереді, мешіттер, кесенелер,
моншалар, керуен-сарайлар тҧрғызылады. Кӛптеген қалаларда монеталар
341
соғылды. Сарайшықта да монета шығаратын сарай жҧмыс істеп тҧрды. Бҧл
мекеме қҧны әркелкі тҥрлі мыс монеталар шығарды. Бірінің бетіне
«Сарайшық қаласында соғылған» деп жазылды, екінші бетіне гҥл мен
жыртқыш аң, бәлкім арыстан салынды. Сарайшықты қазған кезде шет жақтан
әкелінген, соның ішінде Алтын Орда, сондай-ақ Хорезм, Самарқанд, Иран
қалаларында жасалған монеталар ӛте кӛп ҧшырасқан.
Қаланың дамуына Сарайшықтың исламды таратудағы идеологиялық
орталық болуы да оң әсерін тигізді.
Мҧнда мҧсылман діни қайраткерлері мен уағызшыларының, Алтын Орда
хандары мен ақсҥйектердің пантеоны (моласы) болды. Дәл осы жерге 1290-
1312 жылдары Алтын Орданы билеген Тоқты хан жерленген. Оны белгілі
саяхатшы Марко Поло «Батыс патшасы» деп атаған еді. Кейіннен мҧнда
қазақ ханы Қасым да жерленді.
Қазба барысында Сарайшықтан тҧрғын махаллалар, ҥйлер аршылды.
Олар шикі кірпішпен тҧрғызылған. Әрбір ҥйде екі-ҥш бӛлмеден болды, олар
кан жҥйесі бойынша жылытылды.
Сарайшықтың бай ғимараттарынының бірі қазылған. Ол порталдан
(кірер бӛлігі), оны қоршап тҧрған бҧрыштарында мҧнаралары бар дуалдан
тҧрған.
Қаланы мекендеген қолӛнершілер сату ҥшін балық пен қҧс суреттері бар
геометриялық, ӛсімдік бейнелі ыдыстар; алтыннан, кҥмістен дайындалған
зергерлік бҧйымдар; тҥсті және бағалы тастар салынған сақина мен сырғалар;
сҥйектен жасалған тарақ, тҥйме, ілгек-қаусырма, т.б. дайындады.
Сарайшық ӛркендеп тҧруды да, қҧлдырауды да басынан кешірді, ал ХҤІ
ғасырда оған Дон казактары қарақшылық шапқыншылық жасады, сол кезден
бастап ол қала болуын тоқтатты. Дон казактары алтын іздеп молаларды да
ақтарып тастады.
Орал ӛзені бойында тағы бір қаланың қирандылары анықталған. Оны
археологтар тауып, зерттеді. Оған Арал маңындағы жол арқылы керуендер
келген. Бҧл қала шартты тҥрде Жайық деп аталған.
Қала аумағы алдын-ала 7-9 га деп анықталып отыр. Қаланың қолдан
соғылған дуалы бар. Оның бӛліктері, оры мен жалы сақталып қалған.
Қала ҥстіндегі екі тӛбешікті қазу барысында, олардың қоныс-жай
екендігі анықталды. Қҧрылыстары шикі кірпішпен тҧрғызылған. Тҧрғын-
жайлары кан жҥйесі бойынша жылытылған. Жҥйе сыпа астынан ӛткен. Қазба
барысында шаруашылық шҧңқырлары, қоқыс тӛгетін шҧңқыр, ташнау
(санитарлық-гигиеналық қондырғы) аршылған. Ҥйлердің жоспары оның
қҧрылысына Хорезм мен сырдария кӛгалды аймақтарындағы қала
мәдениетінің ықпалы әсер еткендігін кӛрсетеді. Жайық қаласындағы
ҥйлердің қҧрылысы ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Ҥргеніш, Отырар, Тҥркістан
баспаналарының жоспарымен сәйкес келеді. Ӛзгешеліктері кейбір интерьер
бӛлшектері мен жылыту жҥйесінде ғана байқалады.
Мҧнда ХІІІ-ХІV ғасырларда дамыған қала болғандығын, осы жерден
табылған монша қалдықтары да растай тҥссе керек.
342
Қаланы қазған кезде ХІV ғасыр бірінш жартысына жататын монеталар
алынған. Монеталар мен керамика материалдары қаланы ХІІІ-ХІV
ғасырлармен мерзімдеуге толық мҥмкіндік береді.
Қаладан шығысқа қарай 1,5 км жерден археологтар қала бейітін тапқан.
Онда бҧрын сәулетті кесенелер тҧрған.
Олардың екеуі қазылған. Кесенелердің архитектурасы мен жоспары
ортаазиялық кешендерге ҧқсас. Бҧлар екі камералы кірер аузы бар кҥмбезді
қҧрылыс. Сыртқы қабаттары оймышталған. Кҥйдірілген кірпіштен
тҧрғызылып, глазурь жағылған плиталармен сәнделген. Кейбір плиталарда
жазулар бар. Олардың біразы алтынмен жазылған. Рельефті ӛрнекпен
кӛмкерілген плиталар да кездеседі. Бір кесененің еденіне кҥйдірілген алты
бҧрышты плитка тӛселген. Ӛкінішке орай, кесене тонаушылар тарапынан
бҥлінген.
Қала атауы капитан Антоний Дженкинсонның 1562 жылы қҧрастырған
белгілі картасына тҥсірілуі де мҥмкін. Онда Сарайшықтан жоғарырақ Жайық
ӛзенінің оң жағалауында Шакафни (Shakafni) атты қала кӛрсетілген. Бәлкім
бҧл ағылшын транскрипциясында бҧрмаланған атау шығар. Бҧл қаланың
жергілікті халқы пайдаланған Шаған деген атауы болар, осы атау әлі кҥнге
дейін сақталған.
Әзірге қаланың не себепті кҥйрегендігін нақты анықтау қиын, бәлкім ол
1391 жылы Еділ бойына Әмір Темір жасаған жорықтан кейін қираған шығар,
ӛйткені сол кезде Алтын Орданың барлық ірі қалалары қиратылған болатын.
Сӛйтіп, Ҧлы Жібек жолы ежелгі замандар мен орта ғасырларда
Қазақстанның барлық аумағын қамтыды деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |