371
сондай-ақ бірқатар жағдайлар бойынша сапалы жағдайына жеткізіле
кҥйдірілмеген; әшекейленген, бірақ кҥйдірілменген; кҥйдіру қуыстарындағы
керамикаға жасалған талдау шеберлердің мамандануы туралы айтуға
мҥмкіндік береді. Зерттеушілердің пікірінше бҧл моңғол шапқыншылығына
дейін-ақ болған жайт.
Кірпіш кҥйдіретін пештер мен шеберханалар санының кӛп болуы
қҧрылыс жҧмыстарының кеңінен қҧлаш жайғанын дәлелдейді.
Моңғолдар кезі мен моңғолдардан кейінгі кезде қола айналар ӛндірудің
едәуір ҧлғайғаны байқалады. Айна жасайтын жаңа орталықтар Орта Азияда
да пайда болады. Сондай орталыққа Отырар да айналған сияқты.
Суреттеліп отырған уақытта кҥмістен жасалған бҧйымдар ӛндірісінің
технологиясымен, әшекейлердің тҥр-тҥрімен және сипатымен байланысты
мәселелер ҥшін Отырардың ХІІІ ғасырдың 60-жылдарында жасалған деп
саналатын кҥміс заттардың кӛмбесі зор ынта-ықылас туғызады. Кӛмбеден
табылған зергерлік бҧйымдардың бір бӛлігін Оңтҥстік Қазақстан
қалаларының қолӛнершілері жасаған. Бҧлар - тҥп негізі ХІ ғасырдың ӛзінде-
ақ Оңтҥстік Қазақстан, Жетісу аудандары мен Орта Азияның солтҥстік
аудандарынан мәлім орама тәрізді білезіктер. Білезіктерді дайындаған кезде
тҥрлі сипаттағы кҥміс шанышқылар мен ширатпалар пайдаланылған.
Отырардың жылтыр білезіктері кҥміспен, бірақ неғҧрлым жоғары сапалы
кҥміспен қапталған дӛңгелек кҥміс кесегінен жасалған.
Қалаларда бҧрынғысынша тҥрлі тҥске қҧбылып тҧратын жасыл, кӛк,
кӛгілдір, қызыл, сары және қою-қошқыл шыныдан ыдыстар жасау дамыды.
Бҧйымдардың тҥр-тҥрі едәуір кӛп, олар қақпақтар, тостағандар, болкалдар,
рюмкалар, графиндер. Бҧйымдардың бір бӛлігі қалыпқа келтіріліп ҥрлеу
кезінде жасалатын басу, шеңберлер, ромбылар тҥрінде бедерлі ӛрнекпен
әшекейленген, бақа біреулері пісірілген талшықтардың, нақ ӛзіндей немесе
басқа тҥсті шиыршықтардың, қайырмалардың арқасында неғҧрлым әдемі
кӛрінеді. Шыныдан әшекей заттар – кӛз салып безендірілген білезіктер,
тҥрлі-тҥсті шыны талшықтарынан жасалған білезіктер, моншақтар, ҧсақ
моншақтар дайындалған.
Қалаларда Қазақстан қалаларына тән дәстҥрлі сҥйек ою кәсібі дамыған.
Олжалар арасында дӛңгелек ӛрнекпен безендірілген пышақ саптары,
тҥймелер мен қарсы ілгектер бар. Жылқы мен сиырдың ҧзын сан
жіліктерінің сҥйектерінен – жҥн ӛңдеуге арналған жылтыратқыш, қой мен
ешкінің жҧқа сҥйектерінен біз бен тҥйрегіш жасалған. Ҥй жануарлары мен
жабайы хайуандар - киіктің, қарақҧйрықтың, бҧғының мҥйіздері шикізат
ретінде пайдаланылған.
Тастан диірмен, әр тҥрлі шой балғалар, келсаптар, сҥргілер, қайрақ тастар
дайындалған. Ӛкінішке қарай, тоқыма кәсібін, кілем тоқу ісін және басқа да
қала қолӛнерін дәлелдейтін айғақтар аз сақталған, бірақ олардың дамығаны
даусыз. Мысалы, қала тҧрғындарының ҥйлерінен табылған мақта
қашақтарын, ҧршықбастарды тоқыма кәсібінің дамуын кӛрсететін дәлел
ретінде пайдалануға болады.