Стан археологиясы


Сауда және керуен жолдары



бет143/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Сауда және керуен жолдары. Моңғолдар жаулап алған кезде
қалалардың талқандалуы, егіншілік алқаптары мен дала ӛңірінің 
қаңыратылып тасталуы қала мен оның тӛңірегінің, қала мен даланың
саудасына теріс әсер етті. Алайда, халықаралық сауда жолдары жҧмыс істей 
берді. Қытай мен Моңғолияны Орта Азиямен, Орта және Таяу Шығыспен,
Еуропамен жалғастырып жатқан Жетісу жолында бҧрынғыдай жҥргіншілер 
кӛп болды. Еуропаны Азиямен жалғастырып жатқан оңтҥстік орыс даласы,
Еділ бойы арқылы Оралға, одан әрі Хорезмге, Сырдарияға және Жетісу 
арқылы Алмалық пен Моңғолияға ӛтетін дипломатиялық және керуен жолы
зор маңызға ие болған еді. Бҧл жолмен Плано Карпини мен Вильгельм 
(Гильом) Рубрук жҥріп ӛткен. Плано Карпини жолын кейінірек ішінара
Андре де Лонжюмо миссиясы қайталаған. 
Мӛңке хан ӛлгеннен кейін ӛзара қырқысты соғыстар ӛршіді. Орта Азия
мен Жетісу арқылы ӛтетін жолмен жҥру қауіпті болды. Тек ХІV ғасырдың 
20-3 жылдары ғана моңғол иеліктерінде қайтадан халықаралық саудаға
қолайлы жағдай орнайды. Кӛпестер мен миссионерлер бҧрынғыша Кафадан 
Танға, Кӛне немесе Жаңа Сарайға, Ҥргенішке, Отырарға, Алмалық пен
Ханбалыққа сапар шегіп отырды. Балдучи Пегалотти (1340 ж.) есептеуінше
бҧл жол 290 кҥнге созылды. Халықаралық сауда нәтижесінде Батысқа жібек,
әшекей бҧйымдары жеткізілді. Пеголоттидің кӛпестерге полотно маталар ала 
барып, оларды Ҥргеніште сатуға және татар елдерінде ӛтімді кҥміс жамбылар
жинап алуға кеңес берген куәлігі сақталған. 
Аталған тауарлар ішінара Оңтҥстік Қазақстанның қалаларында қалып
отырды. Халықаралық сауданың кең кӛлемде жҥргізілгенін жоғарыда аталған 
кҥміс кӛмбе дәлелдей алады, онда Алмалық, Еміл, Пулад, Жент, Қырым,
Сивас теңгелері бар. Кӛмбе бҧйымдарының бір бӛлігі, мысалы, жоғарыда 
суреттелген қҧрама белдіктің бӛлшектері мен ҧйғырша жазбасы бар
қалақшалар Орта Азиядан, Шығыс Тҥркістаннан, кіші Азиядан шыққан. 
Халықаралық саудамен қатар жергілікті, облыс ішіндегі сауда да дами
бастайды. Тауар-ақша қатынасына дала тайпалары да тартылды. Кӛшпелілер
қабірлерінен, кӛмбелерінен табылған монета (мәнет) олжалар кӛп.
Қазақстан аумағындағы ақша айналымы тарихын осы кезеңдегі Орта Азия 
ақша
ӛндірісінен 

бӛліп
қарастыруға 


болмайды.
Шағатайлықтар 
империясындағы ақша ӛндірісі дамуын ҥш кезеңге бӛлінеді.
Бірінші кезеңге моңғолдардың Орта Азияны жаулап алғаннан кейінгі
ширек ғасырлық уақыты, яғни шамамен ХІІІ ортасына дейінгі аралықтағы
кез жатады. Екінші кезең шығарылған жеріне қарамай Шағатай мемлекетінде 
жҥрген барлық сапасы тӛмен алтын мәнеттер шығарумен сипатталады. Аясы
тар айналым ҥшін кҥміс жалатылған мыс дирхемдер шығарылды. Бҧхара, 
Самарқанд, Ходжент пен Отырарда мәнет сарайлары жҧмыс істеді. Осы
кездері ҧсақ ақша саудасы да жанданды. Айталық, Отырарда хижраның 649 
жылынан (1251-1252 жж.) 662 жылына (1263-1264 жж.) дейін тек қалада ғана
емес, сонымен қатар Оңтҥстік Қазақстан, Ташкент, Ферғана аудандарында
кҥміс жалатылған мыс дирхемдер саудада жҥрген.




373


Ҥшінші
кезең хижраның 670 жылында (1271-1272) басталған 
Масудбектің ақша реформасынан бастап есептелінеді. Реформа Орта Азия,
Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісудың кӛптеген қалалары мен облыстарында
бағалы кҥміс теңгелерді тҧрақты соғып тҧратын етті. Қазір ХІІІ ғасыр соңғы
ширегінде жҧмыс істеген 15-тен астам теңге сарайлары белгілі болып отыр, 
олардың арасында Отырар, Тараз, Кенже (Кендже), Жент сарайлары бар.
Нумизматикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның оңтҥстігі мен Талас 
алқабы сауда-саттық ҥшін қолайлы жағдайда болып келген.
1321 жылы Кебек хан жаңа кҥміс теңгелер – «кебектерді» айналымға 
енгізді. Бҧрынғысынша Отырар, Тараз бен Кенжеде мәнеттік ӛнімдер кӛптеп
шығарылды. ХІҤ ғасыр екінші жартысында Сығанақта да мәнеттер соғылды. 
Оңтҥстік Қазақстан қалаларында келесі экономикалық және мәдени
ӛмірдегі ӛрлеу – бҧл жерлердің Темір империясының қҧрамына кіруімен
байланысты, мҧны ХІV ғасыр соңы мен ХV ғасыр ортасында Самарқандта,
Бҧхарада соғылған кӛптеген мыс мәнеттер нақтылай тҥседі. Осы уақыттарда
Ҧлықбек те Отырарда мыс теңгелер соқтырды. Отырарда табылған Астрабад,
Герат, Йезд, Кашан, Кум, Шираз қалаларында соғылған кҥміс мәнеттер 
қоймасы – Оңтҥстік Қазақстанның сыртқы сауда байланыстарының нақты
кӛрсеткіші. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет