Стан археологиясы



бет32/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Измаилов қорымы. Ол А.С.Ермолаева тарапынан зерттелінген. Қорым 
қабірлеріне жекелеген жерлеу және қосымша қҧрылыстардың болмауы тән.
Қҧрылысына, жерлеу салтына, қабірге қойылған материалдарына 
қарағанда айтылып отырған кезеңдегі қабірлерді екі топқа бӛліп қарастыруға
болады.

Біріншісіне 10 жерлеу қабірі кіреді, ондағы конструкция негізін шаршы


және шаршыға жақын тҧрпаттағы бҥтін немесе қҧрама гранит тақтайлардан 
тҧратын жәшіктер қҧрайды; олар қоршауы бар 8 жәшіктен және қоршаусыз 2
жәшіктен тҧрады. 
Екінші топ кҥрделі қоршаулардан және бай қабірлерден, сонымен қатар
соңғы аталған орындағы әшекейлердің культтық сипаты басым екендігін 
білдіретін кешендерден тҧрады. Қҧрылыстардың екі тҥрінде де мҥрденің
басын шығысқа қаратып жарлеу кеңінен таралғандығын да айта кету керек.
№24 қоршаудан ӛртелген жабынды немесе жерлеу ӛртінің қалдығы
шыққан. Бірақ адам қаңқасы мен мҥрдеге о дҥниеде қажетті заттар отқа 
шалынбаған. Ал №25 қоршаудан от қалдықтары байқалмаған, есесіне оны
білдіретін қызыл және қоңыр тҥсті жосаның аздап себілген қалдықтары 
анықталған.




114


Измаилов қорымындағы қҧрылыстар конструкциясы жағынан Орталық
Қазақстандағы Саңғыру-1, Былқылдақ-1, Еңбек сҥйгіш, Айдарлы секілді 
беғазы-дәндібай ескерткіштеріне ҧқсас.
Екі топтағы олжалардың арасынан 50 шақты бҥтін және бӛліктерден 
тҧратын қыш ыдыстар маңызды орын алады. Барлық ыдыстар тҧрпаты
(пішіні), ою-ӛрнек элементтері мен дайындау технологиясы бойынша ҥш 
топқа жіктелген.
Бірінші топтаға ыдыстар тҧрпаты мен ою-ӛрнек элементтері бойынша 
Орталық Қазақстандағы беғазы-дәндібай ескерткіштеріне, Оңтҥстік Сібір
мен Алтайдағы қарасҧқ ескерткіштеріне, Солтҥстік Тҥгіскендегі кесенелер 
ыдыстарына ӛте ҧқсас.
Екінші топты 17 дана қыш қҧмыра сынды ыдыстар қҧрайды. Олардың 
алтауында тарақты штамп, немесе ҥш бҧрыш не қолмен басылған ойық
сияқты ою-ӛрнек бар. Қыш қҧмыралардың бірінің мойынында жапсырылған 
білік бар, ал қалған ҥшеуінің ернеуі тӛмен қарай қайырылған.
Тҧрпаты мен дайындау технологиясы бойынша бҧл топтағы ыдыстар 
Солтҥстік және Орталық Қазақстандағы сарғары-алексеев типіндегі, сонымен
бірге Шығыс Қазақстандағы трушниково типіндегі керамикаға ҧқсас.
Ҥшінші топқа шартты тҥрде 8 қҧмыра біріктірілген. Олардың екеуіне тән
нәрсе – тҥбі дӛңгелек және жапсырындысы бар.
Олжалардың қалған бӛлігін ат әбзелдері, қару-жарақтар, қоладан,
алтыннан, кҥмістен, сҥйектен жасалған әшекейлер қҧрайды.
Материалдар кешені тек кейінгі қола дәуіріне жататын мәдениеттермен
ғана емес, сонымен бірге ерте кӛшпенділерге тән мәдениетпен де ӛзара 
араласып жатуымен ерекшелінеді. А.С.Ермолаева пікірінше, бҧл әзірге
кейінгі қола мен ерте темір дәуіріндегі кӛшпелілер арасындағы 
этногенетикалық байланысты кӛрсете қоймайды, олардың қатар ӛмір
сҥргендігін және бір-біріне ӛзіндік тигізген әсерін жорамалдауға ғана 
мҥмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет