119
Орталық Қазақстаннан обалық ҥйінділер сирек кездеседі. Мҧнда сақина
тәрізді келген, бҥйіріне дейін жерге кӛмілген қоршау тҥріндегі тас плиталар
жиірек кездеседі. Кӛптеген қоршаулар 1-ден 9-ға дейін қосалқы
қҧрылыстардан тҧрады. Диаметрі 12-18 м болатын оба ҥйінділерінің биіктігі
0,9 м-ге дейін жетеді. Айталық, Қарағанды облысындағы Майтан қорымынан
51 (негізгі қоршау) мен 62 қосалқы қҧрылыс зерттелген. Кӛптеген
қоршауларда 1-ден 5-ке дейін ғҧрыптық орындар ҧшырасқан, қазба
барысында олардан қыш ыдыстар, мал сҥйектері (бас сҥйек, қҧйымшақ, т.б.)
табылған. Қайтыс болған адамдарды кӛбіне сол бҥйіріне және де ішінара оң
бҥйіріне жатқызып, аяқ-қолын бҥгіп, қолдарын бетке жақындата
орналастырып жерледі. Мҧндай поза ана жатырында жатқан баланы, яғни
жер-ана жатырында жатуды еске тҥсіреді. Екі адамның қатар жерленуі де
кездеседі: ер адам мен әйел адам, балалы әйел адам, кейде олардың беттері
бір-біріне қаратылды.
Қабірге қыш қҧмыралар, әшекейлер, еңбек қҧралдары қойылды. Молаға
1-3, кейде 4-5 ыдыс қойылды, олар мҥрденің бас жағына, кӛкірек тҧсына таяу
қойылды, аяқ жағына қойылған ыдыстар ӛте сирек ҧшырасады.
Әйел адам киіміне тағылған әшекейлер, негізінен, қоладан, кейбіреулері
пастадан, сҥйектен дайындалды. Айталық, Қостанай жеріндегі Тобыл ӛзені
ӛңіріндегі қорымдардан моншақтар, қапсырмалар, алтын қаңылтырмен
қапталған білезіктер, шашбаулар, сақиналар, бір жарым есе қайырылған
самай алқалары, т.б. кӛптеп табылған.
Әшекейлердің кҥнделікті ӛмірде де, о дҥниелік ӛмірде де ӛзіндік мән-
мағынасы болды, ӛйткені олар эстетикалық талғамды кӛрсетті, сонымен
қатар таңбалық, діни-магиялық қызметтерді атқарды. Олар адамдардың
ӛмірінде маңызды рӛл атқарды, одан дҥниетанымдық, соның ішінде циклдық
идея мен адам ӛмірінің толассыз дамитындығы туралы таным-тҥсініктерді
аңғаруға болады. Мысал ретінде бҧған кеңірек тоқтап кететін болсақ,
Солтҥстік және Орталық Қазақстан жеріндегі 7 петровтық-алакӛлдік
қорымдардан алынған 13 шашбаулықтарды зерттеген археолог Э.Р.Усманова
пікірінше, олар әйел адамның қоғамдағы статусын білдірген: кәмелетке
толған қыз (бірінші типтегі шашбаулық), қалыңдық (екінші тип).
Әдейілеп әшекейлер мен шашбаулықтарды жерлеу кезінде бҥлдіру ғҧрпы
ӛлген адаммен ара-қатынасты ҥзу ретінде, ал бҧларды молаға қою әлеуметтік
статусын сақтауға ҧмтылуды білдіруі мҥмкін.
Ер адамдар жерленген молалардан еңбек қҧралдары мен қару-жарақтар
(екі жҥзді қола пышақтар, жебе ҧштары, қайрақтастар, сҥйек сулықтар, т.б.)
кӛптеп аршылып алынады.
Алакӛл ескерткіштерінде мейлінше кӛптеп кездесетін археологиялық
материал қыш ыдыстары болып табылады. Олардың ӛзіндік белгілері,
сипаттары бар және де осы археологиялық дереккӛзі арқылы алакӛл
мәдениетінің ӛзіндік ерекшеліктері нақты аңғарылады. Алакӛл типіндегі
ыдыстарда мойын тҧсынан денесіне ӛтер тҧста кертпеші болады, денесінің
екі немесе ҥш бӛлігіне (мойын, дене, тҥбі) ою-ӛрнектер (топтастырылған
кӛлденең және ирек сызықтар, тік бҧрышты ҥшбҧрыштар, жеңілдеілген
120
меандр) тҥсіріледі. Ою-ӛрнектер кеспе сызық арқылы, кейде тарақты
штамппен тҥсірілді, сондай-ақ тҥрлі пішіндегі қолмен басылған ойықтар да
кездеседі. Ӛрнекті қыш қҧмыралармен қатар банка пішіндегі ою-ӛрнекті
немесе ӛрнегі жоқ ыдыстар да ҧшырасады.
Ою-ӛрнектің ең кӛп таралған комбинациялық элементтері – тең бҥйірлі
штрихты ҥшбҧрыштармен ҥйлескен горизонтальды сызықтар, ҥшбҧрышты
ойықтармен қатар орналасқан ирек сызықтар, меандрлы тең бҥйірлі
ҥшбҧрыштар, кӛлденең сызықтармен немесе ҥшбҧрышты келген ойықтармен
ҥйлескен меандр, кӛлденең сызықтар мен ирек сызықтар қатары.
Алакӛл мәдениеті андронов қоғамының тҧрақты тҥрде дамыған уақытын
айғақтайды. Бҧл кезде қоныстарды қоршаған бекіністік қҧрылыстар
болмайды, арбамен қоса жерлеу ғҧрпы кездесе қоймайды. Молалардағы
арбалы-жауынгерді салт атты малшы алмастыра бастайды. Шаруашылықтың
мал ӛсіру мен егіншілік секілді тҥрлері дами тҥседі, қола қҧю ісі,
тоқымашылық, қҧмыра жасау мен ҥй кәсіпшілігі ӛркендейді.
Достарыңызбен бөлісу: