Стан археологиясы


Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштері



бет37/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштері. Кейінгі қола дәуіріне 
жататын ерте беғазылық кезең Ақсу-Аюлы-2 жерлеу кешені (Қарағанды
қаласынан оңтҥстікке қарай) бойынша толымды тҥрде сипатталынады. Ол 
біртекті топырақ обалардан тҧрады, оның сақиналы қоршау негізі бҥйірінен
қазылып қойылған ірі гранит плиталардан қҧралады. 
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі ең ҥлкен обаның биіктігі 2 м, диаметрі 30 м.
Ҥйінді астынан бір-бірімен қиыстырылған тӛрт тас қҧрылысы шыққан. Олар 
ҥш қоршаудан және тӛрт ҥлкен плиталардан тҧратын ӛте ірі тас жәшігінен
тҧрады. Бірінші, сыртқы қоршаудың бҥйірінен жерге қазылып қойылған ірі 
тас плиталарынан тҧратындығы анықталған. Екіншісі арнайы таңдап алынған
тікбҧрышты плиталардан кӛлденеңінен қалау техникасы бойынша ӛрілген 
қоршау. Оны ӛру сол замандағы жер бетінен басталған. Тҥп жағындағы
қабырғалары тік, жоғары қарай ол біршама ішке қарай ойыса тҥседі. Ҥшінші 
кіші қоршау екіншісімен қабысады. Жоспары бойынша ол тікбҧрышты
тҧрпатта және де бҧрыштары аздап дӛңгелене тҥседі. Екінші қоршау сияқты 
ол да эллипс пішінді. Оның батыс және шығыс қабырғалары жанынан бір-
бірден ҥлкен плита тік тҧрғызылып қойылған. Бҧл плиталарға қҧрылысты 
жапқан жабынның негізгі салмағы тҥскен. Жерлеу қҧрылысының орталық
бӛлігіндегі ауданы 4 шаршы метр және тереңдігі 1,5 м-ден астам топырақ 
қабатындағы шҧңқырда кӛлемді тас жәшік орнатылған, оның беті екі ҥлкен
плитамен жабылған. Жерлеу камерасының едені қиыршық тас, ҧсақталған 
тас пен саз балшық араластырылып қҧйылған. Тас жәшікте ҧзынынан
созылып жатқан адамның қаңқасы болды.
Бҧл обадан алынған қыш ыдыс ӛтпелі кезеңді кӛрсететін қыш қҧмыра
ҥлгісі бола алады. Пішіні мен ою-ӛрнегі бойынша ол андроновтық 
қҧмыраларға ӛте жақын. Оның ернеуі сызықпен тҥрленген ҥшбҧрыштармен




123


және кертпешті ойықтармен кӛмкерілген. Денесінің жоғарғы бӛлігін мәнерлі
меандр жолағы мен ҥлкендігі бҧршақтай дӛңгелек ойықшалар алып жатыр. 
Мҧндағы ою-ӛрнекті тҥсіру техникасы Орталық Қазақстандағы кейінгі қола
дәуіріне тән болып келетін кӛлденең тісті ірі тарақты штамп болып 
табылады.
Беғазы-дәндібай мәдениетінің дамыған кезеңіне Беғазы, Айбас-Дарасы, 
Аққойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-3 некропольдері және де Ҧлытау,
Шортанды-бҧлақ, Қарқаралы-3 қоныстары жатады. Бҧл қорымдар мен 
қоныстар баспана мен культтық архитектуралық-қҧрылыстардың озық
ҥлгілерін жасаудың біршама аяқталғандығын да білдіреді. Бҧл кездері 
мейлінше әсем кесенелер салынды. Сонымен бірге бҧл кез шар тәрізді қыш
қҧмыралардың жаңа тҥрлерінің кӛптеп жасалуын да айғақтайды. Олардың 
арасынан Беғазы қорымының тас плиталардан тҧрғызылған қоршаулары
ерекше орын алады.
Беғазы қҧрылыстары бҧрыштары әлемнің тӛрт тарапына бағытталған
шаршы пішінді бір не болмаса екі камерадан тҧратын кешендер болып 
табылады. Ішкі шаршының қабырғалары жерге қазылып қойылған, тігінен
жалпақ гранит плиталармен қапталған немесе кӛлденеңінен бут тастарымен 
қаланған. Қҧрылыстың қазылған бӛлігіндегі борттан жоғары қарай биіктігі
бір метрден астам жер бетіне қабырға тҧрғызылған. Ол айналдырыла тігінен 
қатарластырыла қазылып, бір-біріне тығыз қиюластырылған ірі гранит
плиталармен қапталған. 
Беғазы ескерткіштерін тҧрғызуға сҧр тҥсті гранит тастары таңдап
алынған. Кейбір тікбҧрышты плиталар салмағы ҥш тоннаға дейін жетеді. 
Беғазы кешендеріне жататын ірі қҧрылыстарының бірі шаршы тҥріндегі
қоршаудың сыртқы жағындағы кӛлемі 9,6х9,6 м, ішкі жағының ӛлшемдері – 
6х6 м. Қоршаудың ішкі қабырғасы плиталармен қапталған және 0,7 м-ге
дейін қазылған. Қаландының жалпы биіктігі 2,1 м, оның жер бетіндегі 
биіктігі 1,3 м. Екінші ішкі қабырғаның да биіктігі 1,3 м. Қаптама қаланды
арасы тас қиыршықтарымен толтырылған, оған саз балшық қҧйылып, мҧқият 
тапталған.
Беғазы «кесенелерінің» қызықты ерекшеліктерінің бірі ғҧрыптық заттар 
мен қҧрбандық шалуға арналған алтарьдың болуы. Бҧл «жер ҥстел» немесе
қҧрылыстың табанын қазу барысында қазаншҧңқырда жасалған сӛре. 
Ҥстелдің ҥстіне майлар және органикалық қалдықтар сіңіп қалған. Осында
қҧрбандық шалу іздері мен қой сҥйегінің ҥлкен шоғыры сақталынған. 
Қҧрбандық ҥстеліне қыш ыдыстар да қойылды. Мҧнда әшекейлер мен қару-
жарақ бҧйымдары да тҧрды. 
Кейінгі кезеңде алдыңғы уақыттағы кҥрделі жерлеу қҧрылыстарын
қоршаусыз ірі тас жәшіктер тҥріндегі қарапайым қҧрылыстар алмастыра 
бастайды. Бҧны айғақтайтын ескерткіштер Қарақаралы маңындағы Кент
тауларынан, Айдарлы, Бҧғылы-2, Қҧрылыс шатқалдарынан да табылған.
Қыш ыдыс алдыңғы уақыттағы дәстҥрді әлі де болса сақтап қалды. Бірақ
бҥйірі шығыңқы, мойыны қысқа, ернеуі сыртқа қайырылған қазандық 
пішінді ыдыстар, жағалы деп аталатын ыдыстар және де мойын тҧсына білік




124


жапсырылған ыдыстар ҥлесі басымдық таныта бастайды. Кертпеш, айқыш,
шырша тҥріндегі ою-ӛрнек тегіс штамппен тҥсірілді. Кейбір ыдыстарға ойық 
тҥсірілді, тырнақпен басу жасалды, жарты ай, дақыл дәні (пісте) таяқша
арқылы әсемделіне берілді. Жекелеген ыдыстардың мойын тҧсы ыдыс ішінен 
дӛңгелек таяқша арқылы шығарылған «маржандармен», яғни шығыңқы
дӛңгелекшелермен кӛмкерілді. 
Кейінгі қола уақытына жерлеу қҧрылыстарынан басқа Суықбҧлақ,
Тәгібҧлақ қоныстары да жатады.
Тас қабырғалы баспаналар конструкциясында ӛткен уақыттағы дәстҥр
сақталынғанымен жер бетінде тҧрғызылған қҧрылыстар саны кӛбейе тҥседі. 
Ҥйлер тікбҧрышты типте салынды, оның солтҥстік және шығыс жағынан
шығар есігі бар тас қҧрылыстары жапсарластырылды. Сыртқы қабырғалар 
қалың болып тҧрғызылды, кейде тіпті 1,5-1,7 м-ге жетті; олар екі қатарлы
жерге қазылып қаланған тас плиталарынан тҧрды, олардың арасы ҧсақ тастар 
аралас топырақпен толтырылды. Ішкі тҧратын жер мен қҧрылыстар
арасындағы далда (қалқа) да тастан соғылды, бірақ олар аса қалың емес еді. 
Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріндегі тайпалары Оңтҥстік
Оралдың (замараев мәдениеті), Алтай мен Енисейдің (қарасҧқ мәдениеті) 
туыстас тайпаларымен тығыз қарым-қатынаста дамыды. Дала кеңістіктері
бір-бірінен бӛліп жатқан бҧл облыстардың материалдық мәдениетін 
сипаттайтын қыш қҧмыра бҧйымдары, қола қҧралдар, тҧрмыс заттары мен
әшекейлердің жақындығы, кӛне тайпалардың тығыз мәдени және 
экономикалық ӛзара байланыс орнатқандығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет