Стан археологиясы


Жетісу археологиялық ескерткіштері



бет39/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Жетісу археологиялық ескерткіштері 

Жетісу жеріндегі қола дәуірі ҧзақ жылдар бойы нақты зерттеліне қойған


жоқ. Мҧны ескерткіштердің жҥйелі тҥрде зерттелмеуімен тҥсіндіруге 
болады. Әйтсе де қолдағы мағлҧматтар қола дәуірінде Жетісу жері де ірі
мәдени ошақтардың бірі болғандығын дәлелдеп отыр. Әсіресе соңғы 20 
жылдай уақыттан бері атқарылған далалық ізденістер мҧнда бірнеше
археологиялық мәдениеттердің орнын анықтауға мҥмкіндік берген болатын. 
Кейбір тҧжырымдар бойынша б.з.б. ХҤ ғасырдан бастап андроновтық
тайпалар оңтҥстікке қарай жылжи бастады. Дегенмен бҧл кездерде орын 



127


алған дала тҧрғындарының миграциясы туралы ғалымдар арасында біркелкі
байлам жоқ. Кейбір мамандар осы уақыттарда халық саны артты, олардың 
оңтҥстікке және оңтҥстік-шығысқа жылжуы жайылым жерлердің
жетіспеушілігінен 
туындады
деп

есептейді.


Басқа

зерттеушілер


андроновтықтардың қоныс аударуының негізгі себебін б.з.б. ІІ-мыңжылдық 
ортасындағы қҧрғақшылықпен байланыстырады. Табиғатта орын алған
ӛзгерістер андроновтықтарды Жетісудан жаңа жайылымдар іздестіруге 
мәжбҥрледі. Бҧл кезеңде жылқыны кӛлік ретінде мініп жҥру кеңінен таралған
болатын, мҧның ӛзі алысқа қарай миграция жасауға да мол мҥмкіндік берген. 
Дегенмен, бҧл кӛзқарас археологиялық материалдар бойынша нақтылана
қоймаған, себебі кӛпшілік мамандардың пікірінше: жылқыны мініп жҥру 
кеңінен таралған уақыт андроновтықтардың қоныс аударуынан кейін орын
алған. Расын айтқанда, табиғаттағы ӛзгерістер, халық санының артуы және 
жаңа жерлерді игеру андронов тайпаларының Жетісуға қоныс аударуына
себепкер болған деуге болады. 
Жоңғар
Алатауындағы тау алдында, Іле Алатауының шығыс 
бӛктерлерінде және Кҥнгей Алатауында сібірлік андронов мәдениетінің
дәстҥрі анық байқалады. Қорымдардан алынған әйел адамның әшекейлері 
арасынан кең ауызды сырғалар кӛптеп кездеседі, жерлеу ғҧрпында мҥрдені
ӛртеу салты басымдық танытады. Десе де бірқатар ескерткіштердің ӛзіндік 
ӛзгешеліктері байқалады. Мысалы, Кӛлсайдан және Шелек ӛзенінің жоғарғы
ағысындағы Ҧзынбҧлақ, Алғабас қорымдарынан ағаштан жасалған жерлеу 
камералары кездеседі. Ал Жетісудың оңтҥстік-батысында мҧндай белгілер
сиректеу ҧшырасады. 
Жетісудың батыс бӛлігінде андроновтықтар б.з.б. ІІ мыңжылдық
ортасында пайда болса керек, ӛйткені Тамғалы шатқалындағы, Аңырақай мен 
Кіндіктас
тауларындағы 
ең
ежелгі

ескерткіштер


осы

уақытпен


мерзімделінеді. Шамамен осы кездері қоныстанушылардың бір бӛлігі Кӛксу 
ӛзенінің аңғарына жылжыды, бірақ Жоңғар Алатауындағы тау алды жазығын
қоныстанудың мерзімі б.з.б. ХІІ-Х ғасырларды қамтиды. 
Б.з.б. ХІ-Х ғасырларда Тҥрген, Асы, Шелек, Кеген ӛзендерінің
аңғарларындағы биік таулы жайылымдар игерілді.
Кейінгі қола дәуірінде Кӛксу ӛзеніндегі Талапты, қазіргі Алматы
қаласының аумағындағы Тереңқара, Баянжҥрек тауларындағы Тасбас 
қоныстарында адам баласы тіршілік етіп жатты. Олардан басқа кӛптеген
ескерткіштердің материалдары Жетісу жеріндегі қола дәуірі жайлы мол 
мәлімет береді.
Сӛйтіп, Жетісу аумағын қола дәуірі тайпаларының игеруі бірнеше жҥз 
жылдықтарға, соның ішінде б.з.б. VІІІ ғасырға дейін созылды.
Жетісу аумағынан қола дәуірінің қорым, қоныс және жартас суреттерінен 
тҧратын кӛптеген ескерткіштер ашылған. Жетісудың оңтҥстік-батыс
бӛлігінде қорымдар Қҧлжабасы мен Шу-Іле тауларының жоталары 
аралығында; Ой-Жайлауда және Аңырақай тауларында орналасты.
Жетісудың солтҥстік-шығыс ескерткіштері Кӛксу ӛзені аңғары мен Жоңғар 
Алатауындағы биіктаулы ҥстірттен, Баянжҥрек тауларынан, Кӛлсай мен




128


Шелек ӛзендері алабынан табылған. Ал Жетісудың орталығындағы
ескерткіштер Алматы маңындағы Майбҧлақтан, Ақсай ауылы жанынан, 
Алматы қаласының аумағынан және де биік таулы аудандардан, Асы, Саты,
Кеген ӛзендері алабтарынан ашылған. 
Алғашқыда андроновтықтар даланың шағын ӛзендері жағалауын
қоныстанды. Жетісудағы қоныстар баспаналар мен шаруашылық 
қҧрылыстардан тҧрады. Б.з.б. ХІІ-Х ғасырларда халық тау алды аймақтарға
жылжыды. Б.з.б. ІІ-І мыңжылдық шегінде Іленің сыртындағы Алатау, Кҥнгей 
Алатау мен Жоңғар Алатауы игерілді. Бірнеше ондаған баспаналардан
тҧратын қоныстар пайда бола бастайды. Солардың бірі – Мҧздыбҧлақ. 
Қҧрылыс салу техникалық тәсілдері де бҧл кездері тҥрлене тҥседі. Егер
алғашқы кездері андроновтықтар жартылай жертӛле тҥріндегі баспаналар 
тҧрғызса, кейінгі қола дәуірі кезеңінде баспаналарды тау баурайларын
пайдалана отырып тҧрғызды, яғни жартас жыныстарын табиғи қабырға 
ретінде қолданды. Қоныстар жылы әрі қысты кҥні температура мейлінше
жоғары оңтҥстік баурайларда орналасты. 
Жетісу жерінде Орталық Қазақстанға тән малға арналған шаруашылық
қҧрылысы мен жататын орны қатар тҧрғызылған баспаналар ӛте сирек 
ҧшырасады. Мҧнда тас плиталарынан тҧрғызылған қҧрылыстар да жоқтың
қасы. Дӛңгелек және тікбҧрышты пішіндегі жартылай жертӛлелер бҧл 
ӛңірдегі кең таралған баспана еді. Кей жағдайларда бағана шҧңқырларының
орналасуы, бӛренелер мен қамыстардың қалдығы бойынша баспана шатыры 
екі қҧламалы (двухскатный) болған деп анықтауға болады. Ҥлкен ҥйлерде
кейде тӛрт қҧламалы шатырлар кездеседі. Кӛптеген баспаналарда біртіндеп 
ҥйдің ішіне тҥсетін дәліз болды.
Әдетте, бҥйірінен жерге қазылып қойылған тас плиталардан соғылған 
ошақ ҥйдің ортасында орналасты, оның кҥлін қырнап алуға арналған ойығы
болған еді. Кейбір қоныстардан саз балшықтан жасалған сопақша пішінді 
ошақтар ҧшырасқан. Бір бӛлмеден тҧратын баспаналарда кейде екі-ҥш ошақ
орны кездеседі, мҧның ӛзі баспана әлденеше рет қайта жабдықталып 
отырғандығын аңартады.
Ендігі кезекте археологтар тауып, зерттеген кейбір қоныстарға сипаттама 
жасап кетелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет