Стан археологиясы



бет47/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Көкшетау орталығы Қазақ ҧсақ шоқыларының солтҥстік-батыс тау
тарамдарындағы Кӛкшетау қыратын қамтиды. Мҧндағы жер қойнаулары ірі 
кен орындары болмаса да, сан алуан пайдалы қазбаларға, соның ішінде мыс
пен қалайыға толы.
Зерттеушілер Имантау карьерінің ҥйінділерінде 48 мың тонна, ал
Алтынқазғанда 12-15 мың тонна мыс кентастары болғандығын есептеп 
шығарған.
Осы аумақ шеңберінде мыс ӛндіру ісінің іздері Боровое, Шалқар, 
Шағалалы, Сарғары, қоныстарынан, Имантау кӛлі жанынан анықталған.
Аталған қоныстардың материалдары кейінгі қола дәуірінің соңғы кезеңіне 
жатады.
Бірақ кӛкшетаулық кен орындарынан алынған кентастар тек аталған 
пунктерге ғана тҥскен жоқ, ол одан ары петропавлдық Есіл ӛңіріндегі
қоныстарға дейін таралса керек. Имантау кен орны солтҥстікке қарай 120-130 
км жерде орналасқан Петровка-2, Новоникольское-1 қоныстары секілді
орындар ҥшін осы аймақтағы бірден-бір кен кӛзі болғандығы анық. 
Кӛкшетау ТКМО-н б.з.б. ХҤІІ-ХҤ ғасырларға жатқызуға болады.
Баянауыл орталығы Баянауыл тауларының айналасында орналасқан.



145


Айтылып отырған ауданның ең ірі нысаны Бозшакӛл мысты-порфирлі
кен орны болып табылады. Ӛз қоры бойынша ол Қазақстандағы Жезқазған 
мен Қоңыраттан кейін ҥшінші орынды иемденеді деп саналады.
Геологтардың айтуына қарағанда, Бозшакӛлде кен ӛндірудің ісінің ежелгі 
іздері кӛптеп байқалады. Одан басқа кӛне кәсіпкершілік нысандарының
қатарына Ескіжҧрт (Спасское), Тезекбайсор, Анненское, Александровское, 
Сарыадыр, Қазанауызды жатқызуға болады. Олардың әрбірінде бҧрынғы
кездегі игеру жҧмыстарының іздері сақталған, бірақ дәл уақытын анықтау 
әзірге мҥмкін болмай отыр.
Баянауыл ТКМО-ндағы кен орынды игерудің басталғандығын жанама 
тҥрде болса да айғақтайтын қола дәуірінің зерттелген жалғыз ескерткіші кӛне
металлургтердің қонысы Тағыбайбҧлақ болып табылады. Қоныс кейінгі қола 
дәуірімен мерзімделінеді.
Успенск-Қарқаралы орталығы Сарыарқаның қақ ортасында, батыста 
Сарысу ӛзенінен шығыста Шыңғыс тауларының ең шеткі тарамдарына
дейінгі ҧсақ шоқылардың ең биік бӛлігін алып жатыр. Успенск-Қарқаралы 
орталығындағы ең ежелгі кен орындары қатарына жататыны – Успенск. Онда
Қ.И.Сатпаевтың есептеуінше, ежелгі замандарда 200000 тонна кентас 
алынған. Успенск кен орнындағы тотыққан кентастардағы мыс ҥлесі 16%.
Ал Ольгинское-Алмалы және Алмалы-Ақбиік кен орындарын қамтитын 
Алмалы кентас алқабынан тереңдігі 8-10 м-ге жететін 18 және 17 кӛне кен
шығарылған орындар анықталған. 
Бесшоқы полиметалл кен орнынан алғаш рет кҥміс, мыс және қорғасын
кентастары бар ежелгі ҥйінділер табылған. 
Успенск-Қарқаралы ТКМО-ндағы маңызды кӛне кен орындарының
қатарына ӛткен ғасырдың орта тҧсында ашылған Қызылтас тауындағы 
Самомбет пен Берқара полиметалл кен орындарын жатқызуға болады. Олар
басқаларына қарағанда Қазақстан қола дәуірі ескерткіштеріндегі металдан 
жасалған жарқын бҧйымдар сериясы белгілі болған Қарқаралы қоныстары
мен Кент қонысына жақын орналасқан.
Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 70 км жерде Алтынтӛбе ежелгі кен
орны бар. Кен орны ауданынан бай металл жабдық-саймандары бар қола 
дәуірінің жерлеу орындары анықталған. Қоспа-бӛлшектерге қарағанда
табылған бҧйымдардың химиялық қҧрамы кен орнынан алынған кентастар 
қҧрамына ҧқсас. Бҧйымдар мен кентастар қҧрамы ӛте бірегей екендігі
анықталды, сол себепті зерттеушілер оларды мыстың жеке химиялық тобына 
бӛлді. Оған қорғасын мен висмуттың мол қҧрамда болуы, кҥшәла мен
сҥрменің аздығы, никельдің тӛмен болуы мен алтынның жоқтығы тән. 
Успенск-Қарқаралы ТКМО аумағынан мыс пен қола балқытқан ӛндіріс
орталықтары кӛптеп табылып, зерттелген. Металлургиялық ӛндіріс іздері 
Энтузиаст, Усть-Кенетай, Сораңғы, Зеленая Балка, Жосалы, Қомыттың-
Қарашоқысы, Қарқаралы-1-2, Упаис, Мырзашоқы, Суықбҧлақ, Ақ-кезең
Шортандыбҧлақ, Бҧғылы-1, т.б. қоныстардан байқалған. Олардың кӛпшілігі
кейінгі қола дәуірінің ақырғы кезіне жатады. 



146




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет