147
жіберілген деп есептелінеді. Бҧл ықшам аудандағы қоныстар қатарына кеуіп
кеткен Атасу ӛзенінің орта ағысындағы Атасу-1, Мыржық, Атасу-2 (Ақ-
Мҧстафа) мен Ақмая секілді ескерткіштер кіреді. Олар басқа
ескерткіштерден мыс қорыту ӛндірісі бойынша дараланады.
Атасу қоныстарынан оңтҥстікке қарай 120 км жердегі және Кенқазғаннан
оңтҥстік-шығысқа қарай 100 км орналасқан Оңтҥстік Болаттау кен орны да
қызығушылық туғызады. Ерте кездері Оңтҥстік
Болаттаудан кен
ӛндірілгендігін табылған тау-кен ісінің тас қҧралдары да растайды, олар
карьер шетінде және тҥбінде кӛптеп шашылып жатыр. Бҧлар негізінен тҥрлі
кӛлемдегі балғалар, қайлалар, кен уатқыштар еді.
Балқаш орталығы Солтҥстік Балқаш тӛңірегін қамтиды. Мҧнда ӛз
кӛлемділігі бойынша Қоңырат пен Саяқ секілді кен орындары белгілі. Олар
ӛз қоры бойынша Қазақстандағы ірі мысты-кенді орындар болып табылады.
Қоңырат кен орны Балқаш қаласынан солтҥстікке қарай 17 км жерде. Мыс
тау деген атпен Қоңырат жергілікті халыққа ежелгі уақыттан белгілі болды.
Тек шығарылған ҥйінділерінде ғана 225 мың тонна тотыққан мыс кентастары
болғандығы анықталған.
Шамамен Қоңыраттан шығысқа қарай 200 км жерде кен орындарының
Саяқ тобы (Саяқ-1-5, Тастау, Молдыбай,
Берқара желі, Орталық Жамбас)
орналасқан.
Саяқ тобына енетін кен орындарында ежелгі қазылған кен кӛздері
бірнеше жҥзге жетеді. Қазылған жердің орындары жайылып кеткен шҧңқыр
сияқты немесе кен денелерімен бірге 90-100 м-ге созылған тар саңылау
секілді карьерлер болып табылады. Алынған кентас осы жерде балқытылды.
Айналадағы тӛбешіктердің барлығынан металлургиялық қалдық кҥл кӛптеп
кездеседі. Әлбетте, ежелгі замандарда бҧл жердің табиғаты ӛзгеше
болғандығы анық, ал оның шӛлге айналуы кӛне металлургтер қызметінің
әсерінен де болған сыңайы бар.
Отын туралы сӛз қозғаған кезде Саяқтан оңтҥстікке қарай 100 км жерден
геологтар тапқан қызықты олжа туралы баяндап кетуге болады. Мҧнда
Қаратал ӛзеннің тӛменгі ағысындағы қалың тоғай арасынан металлургиялық
қалдық кҥлдер мен тотыққан мыс кентастарының кесектері табылған.
Қҧрамы бойынша олар саяқтық кентастарға қатты ҧқсас. Сірә, Саяқ
кентастары, сонымен қатар басқа да шӛлді аймақтардағы кен орындарынан
алынған кентастар басқа да алыс ӛңірлерге тасымалданған сияқты. Оның
себебі, ежелгі металлургтарға кентасты қорыту ҥшін жеткілікті дәрежеде су
мен отын қажет еді. Демек, Қаратал ағаштары
Саяқта кентас балқытқан
ежелгі металлургтар ҥшін отын кӛзі болған сияқты. Қалай болғанда да, оған
жақын отын кӛзі жуық маңнан байқала қоймайды.
Сӛйтіп, Қазақстан ТКМО-дағы кен орындарын пайдалана бастау,
жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда кемінде б.з.б. ХҤІІ-ХҤ ғасырларда
басталған сияқты. Бҧл хронологиялық шектің әлі де келешектегі ғылыми
ізденістер нәтижесінде кӛнелене тҥсетіндігі анық.
Қазіргі уақыттарда геологтар кен кӛздерінің қорын, соның ішінде
ӛңделгендерінің санын асқан дәлдікпен есептеп шығарған.
Қазақстан
148
металлогениясы бойынша ірі мамандардың бірі академик Г.Н.Щерба барлық
мәліметтерді мҧқият талдаудан ӛткізе келіп, кең тҥрде ӛндірістік қазба
жҧмыстары басталған ХІХ ғасыр ортасына дейін кен орындарынан кем
дегенде 450 мың тонна мыс алынған деп есептеп шығарған. Егер балқытуға
қҧрамында орта есеппен шамамен 5% кентас алынған десек,
онда алынған
кентастың жалпы кӛлемі 10 млн. тоннаны қҧрайды. Кенді Алтайда,
Мҧғалжар, Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы ірі кен орындарын есепке
алмағанда, Орталық және Солтҥстік Қазақстан кен орындарына алынған
кентастың 80%, яғни 8 млн. тоннадан астам ӛнім тиесілі болған. Бҧл сан
Қазақстан ТКМО-ндағы жекелеген кен орындарының мәліметтеріне сәйкес
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: