Стан археологиясы



бет49/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Үй кәсіпшілігі. Мал шаруашылығы тек қана тағам ӛнімдерін ғана емес
сонымен қатар киім мен аяқ-киім дайындау ҥшін де шикізат берді.
Қола дәуіріндегі тоқымашылықтың болғандығын қарапайым тоқыма 
станогының гҥрзі тастары, яғни сҥйектен, тастан және саз балшықтан
жасалған ҧршықтың басы секілді олжалар да растайды. Бҧйымдар биязы 
жҥнді қой мен ешкінің тҥбітінен тоқылды.
Қола дәуірінің тайпалары жабайы конопля, зығыр мен қалақайдан 
ӛсімдік жіптерін дайындады. Олардан шаруашылыққа қажетті арқан есті,
балық аулайтын тор жасады. 
Қабірлерден табылған аяқ-киім қалдықтарына қарағанда, ол теріден
жасалды, ӛкшесі болмады, тарамыс жіптермен тоқылды және де толарсақ 
тҧсынан баумен байланды.
Ерлер мен әйел адамдар қҧлақты жауып тҧратын жҥннен және теріден 
тоқылған бас киім киді. Ҥстіңгі киім де жҥн маталардан дайындалды. Ол екі
жағына бірдей қаусырмалы болды немесе жоғарғы бӛлігінде кесінді 
қалдырылып, сол жағынан бір тҥймемен тҥймеленді.
Әйелдердің киімдері кӛйлектен, бас киімнен және тері аяқ-киімнен 
тҧрды. Әдетте, жҥн матадан тоқылған кӛйлек тізеден біршама тҥсіп тҧрған
еді. Жеңі ҧзын болды. Олардың қайырмасына қола моншақтар тізілді. Юбка 
белінен бастап алдыңғы жағынан ақ пасталы моншақтармен кӛмкерілді.
Маталар қанық қызыл, кӛкшіл қызыл бояумен тҥстелді. 
Қабірлерден табылған кӛптеген әшекей заттарға қарағанда әйелдер
қҧлақтарына жалпақ алтынмен қапталған сырға мен сақина таққан, 
мойындарына гривна немесе қола моншақтар, қолдарына білезік пен жҥзік
тағып жҥрген. Киімнің мойын тҧсына айналдырыла шыныдан жасалған ҧсақ 
моншақтар тағылды, кӛкірек тҧсына дӛңгелек қапсырмалар жапсырылды.
Кейде ӛрнектелген табан, дӛңгелек және ромб тҥріндегі қосымшалар, белбеу 
қҧрсаушасы кеңінен таралды. Әшекей және қорғайтын зат ретінде ерлер де,
әйелдер де ҧлутастар, жыртқыш аңдар мен ҥй жануарларының азу тістерін 
тағып жҥрді.
Қоныс тҧрғындарының тіршілігінде қыш қҧмыра жасау маңызды орын 
алды. Оладың барлығы шаруашылық пен тҧрмыста қолдану ҥшін жасалды.
Қола дәуіріндегі қҧмырашылардың басым бӛлігі әйелдер болған еді. 



149


Ыдыстар қолдан жапсырылып дайындалды. Ыдыстардың кӛпшілігі
(қабырғасы тік немесе аздап шығыңқы банка тәрізді) жіпті (ленталы) техника 
бойынша жасалды. Ыдысты қалыпқа салу әдісі де болды, мҧндай қалыптың
рӛлін ішіне сулы қҧм толтырылған жҥн матадан жасалған қап атқарды. 
Жалтыратылғаннан кейін ыдыс беті тегіс те тығыз кҥйге енді, ал
кҥйдірілгеннен кейін сҧйықтықты жақсы сақтайтын қасиетке ие болды. 
Ыдыстар, әдетте, ӛрнектелді. Әшекей-ою алдын-ала кӛз мӛлшерімен-ақ
кҥйдірілгенге дейінгі ылғалды немесе аздап кепкен саз балшыққа тҥсірілді. 
Ыдыстарды кҥйдіру ашық отта жҥзеге асқан болуы керек. Кептіру кезінде
ыдыстардың жарылып кетпеуі ҥшін саз балшық майсыздандырылды, оған 
ҧнтақталған кварц, қабыршақ, қҧм, кейде шамот қосылды.
Қола дәуіріндегі тайпалардың кӛркемдік талғамы мен мәдениеті туралы 
әшекейлер мен ӛнер туындыларынан да байқауға болады. Ӛте сирек болса да,
«аң» стилінде жасалған заттар да кездеседі. Олардың арасында сҥйектен 
жасалған жануарлардың бастары да бар.
Ер адамның басы бедерленген Нҧра ӛзені жағалауынан табылған тас 
келсап та мамандардың қызығушылығын тудырып отыр. Сонымен қатар
осыған ҧқсас ӛнер туындылары басқа ӛңірлерден де ҧшырасқан.
Қола дәуірінің тайпалары ҥнемі жетілдіріліп отырған қару-жарақ та
жасады. Қару-жарақ қҧрамында ағашқа отырғызылған тӛлкелі және ҧшы 
жапырақ секілді пішінді ҧшы қоладан жасалған жебелер болды. Қоян-қолтық
ҧрыста ҧшы қоладан жасалған найза, шоқпар, балта (айбалта) қоладанылды. 
Кейбір жауынгерлер сҥйек немесе ағаш сапқа кигізілген қола қанжар ҧстады.
Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде саңырауқҧлақ басы тәрізді және айқышқа 
келіңкірейтін тҥгелдей қоладан жасалған қанжарлар пайда бола бастайды.
Қоғам. Отбасы қауымы ӛндіруші ҧжым болды, ал ҧжымдық еңбекте 
меншік ортақ болған еді. Уақыт ӛте келе, әсіресе кейінгі қола дәуірінде
кҥшейген жекелеген отбасылар ӛзімен-ӛзі болуға ҧмтылды, мҧның ӛзі 
отбасылық меншіктің шығуына алып келді.
Қола дәуірінің ерте және орта кезеңінде, тайпааралық қатығыстардың 
кҥшейген кезінде қоныстарды қоршап тҧрған ор мен жал ҥйінділері пайда
болады. Қорымдардан табылған қоладан және сҥйектен жасалған жебе 
ҧштары да тайпааралық қақтығыстардың болғандығын айғақтайды.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рулардың ыдырауы мен одан жекелеген
отбасылардың шаруашылығының бӛлініп шығуы нәтижесінде баспана да
ӛзгереді. Баспаналар далда арқылы дербес отбасыларға арналған жабық 
секцияларға бӛлінеді.
Мҥліктік теңсіздік шыққандығын қорымдардан алынған материалдар 
баяндайды. Қола дәуіріндегі қорымдардан қатардағы қауым мҥшелерінің
кедей қабірлерімен бірге аса бай қабірлер де кездеседі. 
Кент қонысы, беғазы-дәндібай мәдениетінің кесенелері, шеттен әкелінген
заттардың пайда болуы ақсҥйектердің бӛлінгендігін кӛрсетеді, ал бҧл ӛз 
кезегінде қоғамда саяси ҥрдістің басталғандығын, байырғы мемлекеттік
бірлестіктердің қалыптаса бастағандығын дәлелдейді. 



150




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет