159
танымал
асиан этнонимін кӛруге бейім. Бірақ, жаңа зерттеулер асиан
терминіне басқаша тҥсінік беруде:
асиан термині
ятия этнонимінің
диалектикалық нҧсқаларының бірі болуы мҥмкін, ал оның дәстҥрлі кӛне
қытайлық транскрипциясының формасы қазіргі
қытай тілінде юечжи болып
дыбысталатын иероглифтер болған.
Усунь терминінің транскрипциясына қатысты интерпретацияның тағы
бір нҧсқасы бар. Қазіргі қытай тіліндегі
у-сунь болып дыбысталатын екі
иероглиф
а-сман, яғни «аспан» болып оқылады.
Усуньдер ҥш бӛлікке бӛлінді: сол қол, орталық, оң қол (әрқайсында он
мың әскер болды).
Усуньдер ілкіде Орталық Азияда болған кҥшті этносаяси бірлестіктердің
бірі саналды. Усунь мәдениетінің ескерткіштері Жетісу, Ферғана (ішінара)
және де Шығыс Тҥркістан аумақтарына таралған. Б.з.б. ІІ ғасырда 630 мың
адамнан тҧратын усуньдер атты әскер мен жаяу садақшылардан тҧратын
ҥлкен әскер шығара алатын еді. Усунь кҥнбиінің
жеке жасағында және
тақтың екі мҧрагерінде 30 мың атты әскер болды, олардың әрқайсына
әскердің 10 мыңы тиесілі еді. Б.з.б. 73 жылы-ақ усуньдер аумағы сол
(шығыс), оң (батыс) және кҥнби басқаратын орталық сияқты ҥш бӛлікке
бӛлінді, және де барлығы «оған бағынатын». Усунь кҥнбиінің резиденциясы
Чананьнан (Қытай) 8900 ли қашықтықтағы Чигу қаласында орналасты.
Усунь тарихы бір-біріне қарсы тҧрған хунну мен Хань (Қытай)
саясатының жақтастары арасындағы ӛзара қырқыстарға толы. Айталық, б.з.б.
60 жылдар соңында хунну патшайымынан туылған кҥнби Унгуймидің
баласы – Уцзюту, патшалық қҧрып отырған Нимиді (Куанван) ӛлтіріп,
билікті тартып алды да, ӛзін кҥнби деп жариялады. Б.з.б. 14 жылы ҧлы кҥнби
Цылими кіші кҥнби Мочжэньцзянның тапсырмасы бойынша ӛлтірілді. Усунь
мемлекетінің ӛркендеуі б.з.б. 45-14 жылдары елді Цылими басқарған тҧсқа
сай
келесе керек, ӛйткені ол «билікті қолында мығым ҧстаған» еді және де
оның иелігінде «мҥлгіген тыныштық пен бейбітшілік орнады».
Усуньдер қол астына немесе ықпалына бірқатар иеліктер мен тайпалар
тҥскендігі жайлы сӛз қозғауға негіз бар. Мысалы, «Цяньханьшуда» усунь
«ӛзіне кӛптеген иеліктер бағындырып алды», ал «Даваньчжуаньда» - «кӛрші
жатқан ҧсақ иеліктерге шапқыншылық жасады» делінеді, мҧны
Янь Ши-гу
«бағындыра салысымен-ақ, вассалдарына айналдырады» деп толықтырады.
Мҧндай тайпалар мен иеліктер қатарына хюсюнь, гуаньду (цзюаньду), юйту,
немесе уш кірсе керек.
Басқа мемлекеттермен одақтастық қарым-қатынастарды усуньдер неке
арқылы да орнатып отырды. Мәселен, б.з.б. 69 жылы Вэн-Гуйми ӛзінің Диши
есімді қызын усунь билеушісі Кучи Гяньбиньге берді. Усуньдермен
одақтасуға мҥдделі болған Хань империясы мен хуннулар, кҥнбилерге
қыздарын беріп отырды.
Кейбір іргелес жатқан аумақтағы билеушілер дҧшпандары
шабуыл
жасаған кезде усуньдерден жәрдем сҧрады.
Хань дәуіріндегі династиялық хроникаларда усуньдердің саяси
тарихынан алынған фактілердің мазмҧндамасы б.з.б. ІІІ ғасырға дейін жетті.
160
Ҥзік-жарық мағлҧматтар кейінгі кездердегі, соның ішінде Ортаңғы империя
тҧсындағы дерекӛздерде кезедседі. «Бэйшу» (Юаньвэй әулетінің тарихы)
кітабында 437 жылы усуньдер Хань сарайына елшілер жіберген деп
айтылады.
Кӛптеген зерттеушілер усуньдер тҥрік тілді
халық болғандығы жайлы
айтады. Дегенмен соңғы уақытқа дейін усуньдердің тҥрік тілді екендігіне
кҥмән келтіруші кӛптеген мамандар, оларды қазақ халқынан аластатуға
ҧмтылып келді.
Археологиялық материалдар, әсіресе
Жетісу жерінен алынған
мәліметтер тҥрік кезеңіне дейінгі уақытта усуньдердің осы кең байтақ
аумақта ӛмір сҥріп жатқандығын дәлелдейді. Онымен тҧрмақ, осы
мағлҧматтар аздап тҥрік қағандарының бақылауында болғанымен ежелгі
усуньдердің мәдениеті бҧрынғы ӛмір сҥрген жерлерінде дами бергендігін
нақты дәлелдейді. Тіпті б.з. Х ғасырында дереккӛздерінің беттерінде
усунь
атауы кездеседі.
Сол себепті де, ежелгі усуньдер мен қазақ халқының қҧрамына енген
ҥйсіндердің генетикалық байланысы бар екендігі туралы айтуға барлық
негіздеме бар. Яғни, ҧлтымыз орта ғасырлардағы миграциялық процестер
нәтижесінде қалыптасты деген концепция шындыққа жанаспайды. Қазақ
халқы – ежелден келе жатқан автохтонды халық.
Достарыңызбен бөлісу: