Шешендік өнердің пайда болу тарихы



бет1/10
Дата24.02.2023
өлшемі53,65 Kb.
#170058
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Øåøåíä³ê ?íåðä³? ïàéäà áîëó òàðèõû


    1. Шешендік өнердің пайда болу тарихы

Сан ғасырлық тарихы бар шешендік өнердің қай кезде туып, қалай қалыптасып дамығанын үзілді-кесілді айту қиын. Сөз жоқ, түркі халықтары соның ішінде қазақ шешендік өнерінің түп-төркіні тереңде екені анық. Ғалымдардың айтуына қарағанда, біздің дәуірімізге дейін де ежелгі түркілерде билер кеңесі болғандығы жайлы Дьяконовтың дерегінен білуге болады. Герадоттың жазуы бойынша, мидиялықтарда халық кеңесі болғандығын білеміз, сондай-ақ ең ардақты ақсақалдар кеңесінің болғандығы да даусыз.1


Ендеше, осындай келелі кеңестерге қатысып, сөз сөйлеген шешендердің болғанына да күман келтіруге болмайды. Сондай адамның бірі – шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 620-555 жылдары өмір сүрген скиф Анахарсис. Біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырда жасаған скиф ханзадасы Анахарсистің сөз өрнегіне, өмірі мен өнеріне көңіл аудармайтын болсақ, онда бұл қазақ шешендік өнерінің тарихы үшін де, оның байырғы өкілдерінің рухани мұрасы алдында да үлкен айып болар еді...
Анахарсис скиф даласынан Эллада еліне біздің заманымызға дейінгі 594 жылы келеді. Анахарсис скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы кәсібі туралы 800-ден астам шешендік сөз, толғау қалдырған.2
Өзінің мән-мазмұны терең сөздері, ғажайып ақыл-ойымен танылған дала данышпанының есімі көп елдерге тарайды. Эллада жұртында Анахарсистің ғұлама деген аты кеңінен мәлім болады. Тіпті “Скифиялық Анахарсис жеті ғұламаның бірі ретінде” (Секст Эмпирик) аталады.3
Сонымен көне дәуір оқымыстыларының жазбалары арқылы бізге жеткен скиф ханзадасының тапқырлығы мен тауып айтқан шешендік ой-тұжырымдары қазақтың би-шешендерінің сөздерінен алшақ еместігін ескерсек, шешендік өнердің бастау-көзі де арыда екені аңғарылады. Зерттеушілердің Анахарсисті ежелгі түркі шешендерінің бірі ретінде қарауы да орынды. Өйткені түркі халықтары соның ішінде қазақ халқы да біздің заманымызға дейін бірқанша жыл бұрын өмір сүрген сақтар мен ғұндардың ұрпағы.
Түркі халықтары соның ішінде қазақ халқына тән фольклорлық мұралар V-VІІІ ғасырларда тасқа жазылған руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің не бір көне үлгілерін көреміз.4 Бұдан шығар түйін сол – талайды тамсантқан шешендік өнердің бастау-көзі арыдан тамыр тартқаны даусыз.
Бір кездері Сырдария өңірін мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан Қорқыт айтыпты дейтін ұтымды нақыл-тақпақ, даналық-өсиет сөздер де халық арасында кеңінен мәлім. Бұдан шығар түйін “Қорқыт кітабының” қазақ шешендік өнерінің бастауларына қатысы бар деуге болады. “Тым ерте кездерде шыққан таңбалар, әдепкі жазу-сызулар, өлеңді тіркестер, мақал-мәтелді жолдар, толып жатқан өлеңдер, аңыз-әңгімелер – осылардың бәрі-дағы халқымызды бейнелі ойға, шешендік өнерге жетелеген”5.
“Сүйектен өтер сөзді” ажарлы да айшықты айта білу екінің бірінің қолынан келмейді. Айтар ойын ашық та айқын тапқыр-татымды жеткізу – шешенге қойылар басты талаптың бірі. Сондықтан шешеннің сөзін көптің жаны жадырап не жабырқап, тұщына, қызыға тыңдауы шарт. Осындай шеберлікке жетудің басты құралы – тіл. Өйткені тіл арқылы шешеннің сөз байлығы мен ой даналығы танылады. Тумысынан сөзге бейім халықтың ішінен небір сөз маржандарын қиыннан қиыстырып айтатын шешендер көп шыққан.


Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас жел толқытса, шығады.
Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса, шығады, –

деп даланың ойшыл данасы Асан қайғы айтқандай, көмескі тартқан “таза мінсіз асыл сөздердің” тоқсан толғауын парақтайтын кез келді.


Қазақ халқы шешендіктің құдірет-күшіне ерекше ден қойған. Сыртқы жаудың, ішкі даудың түйткіл-түйіндерін дуалы шешен-билер әділ үкім-биліктерімен шешіп отырған. Ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептері болмаса да, халық от ауызды дарынды шешендерді ерекше құрметтеген және “тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады” деп тапқыр ділмарлардың дәлел-дәйегімен айтқан сөздеріне тоқтай білген. Өнер атаулының бәрінен сөз өнерін биік қойған. Майқы бидің (ХІІ ғ.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет