Шешендік өнердің пайда болу тарихы



бет5/10
Дата24.02.2023
өлшемі53,65 Kb.
#170058
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Øåøåíä³ê ?íåðä³? ïàéäà áîëó òàðèõû

Жақсы адамның белгісі
Кісі хақын жемейді.
Жақсыны жәбірлеме,
Өлсе, аруағы жебейді.
Ілмелеп сөзді елейді,
Тәңірдің ісі таразы,
Кірге салып көп, азды
Бар мен жоқты теңейді, –

деп жақсы адам мен жаман адамды қатар алып сөйлейді. Халықтық қасиетті алға тартады. Жақсы адамдардың қадір-қасиетін білуге үндейді. “Тәңірдің ісі – таразы” екенін есертеді. Нақыл сөздер жастарды адамгершілікке баулиды.


Шешендік мақал жас ұрпаққа өмірдің белгілі бір шындығын астарлап-жанамалап жеткізе отырып, ақыл-кеңес айтады. Санаңа салып салмақта деген ишара жасайды.


Жақсы адамға мал бітсе,
Ағайынның жоғына қарасады.
Жаман адамға мал бітсе,
Көрінгенмен итше таласады, –

деген шешендік мақалды жоқ-жітікке қарасуға, қайырымдылық көрсетуге кеңес береді.


Шешендік сөздердің мазмұн-мағынасы кең. Ол тек билік-бітім түрінде ғана айтылып қоймай, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде мақалдап та, мысалдап та, жұмбақтап та, ақыл-нақыл түрінде де айтылған. Соның бірі шешендік мысалда біреудің басынан өткен құбылыстарды айтқан болып, сан адамның басына келетін көпке ортақ жайларды ғибрат етеді.


Ата-ананың қадірін
Балалы болып байқадым.
Ағайынның қадірін
Қаралы болып байқадым.
Жан ашырдың қадірін
Жалалы болып байқадым.

Мұндай жағдай көп адамның басынан өтуі мүмкін. Өзің балалы болғанда ата-ананың орнын жақсы ұғасың. Басыңа іс түскенде жақын-жанашырдың қадіріне жетесің дегенді құлақ қағыс етеді.


Шешендік жұмбақ кейде бір адамның ақыл-ой тапқырлығын, парасат-пайымын сынап байқап көру мақсатында да айтыла береді. Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдар жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:
– Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, – дейді Төле би.
– Айтыңыз, айтыңыз!
– Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отырғандар таң-тамаша болады.
– Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?
– Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз, – дейді Қаз дауысты Қазыбек.
– Рұқсат, рұқсат.
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман,
Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман,
Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман,
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман,
Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман,
Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман,
Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман,
Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман,
Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, – дейді Қаз дауысты Қазыбек.
– Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, - деп Төле би Қазыбекке разы болыпты.
Би-шешендер кейде бір істі жұмбақтап тұспалмен де бітіріп отырған. Ертеде үш би (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қазақ еліне келген елшінің аман қайтуына ашық сөйлеспей-ақ, астар-тұспалмен пәтуаласып келіседі. Шешендік жұмбақ адамның ой-өрісін кеңейтеді.
Шешендік толғаудың бір түрі – шешендік жауап. Адамдар өмір сырын, табиғат құбылысын, не жақсы, не жаман – бәрін білуге, түсінуге ұмтылған. Сондықтан көпті көрген көнелерге не көпті білген даналарға сауал беру арқылы өз ойларындағы мәселенің жауабын табуға ұмтылған. Сөйтіп, шешендік толғаудың бір түрі сұрақ-жауап түрінде айтылады.
Әз-Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: “Дүниеде не өлмейді?” – деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:


Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет