Шешендік өнердің пайда болу тарихы


Шешендік сөздердің зерттелуі



бет9/10
Дата24.02.2023
өлшемі53,65 Kb.
#170058
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Øåøåíä³ê ?íåðä³? ïàéäà áîëó òàðèõû

1.2. Шешендік сөздердің зерттелуі

Шешендік өнер елдің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Екінші жағынан, халық шешендікті сөз өнерінің биік сатысы ретінде жоғары бағалаған. Бір кездері ел ішінде болатын сан түрлі талас-тартыстың бәрі де халықтың жол-жоралғысын алға тарта отырып айтқан шешен-билердің аталы сөздері, әділ биліктері арқылы шешіліп отырған. Сондықтан қара қылды қақ жаратын әділ шешен-билерді халық қадірлеп, сыйлаған. Олардың табан астында тауып айтатын үлгі сөздерін жадында сақтап, ауызша таратқан. Сөйтіп, бастапқы нұсқасы сан ұрпақтың елеп-екшеуінен өтіп бізге жеткен.


Шешендік өнер ғылымының тарихына назар аударғанда алдымен шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) есімін айтқан орынды. Оның “Риторика” атты трактатында шешендік өнер хақында ғылыми-теориялық тұжырымдар айтылады. Шешен де шебер сөйлеудің қыр-сырын түсіндіреді. Пікірдің екі түрлі әдіспен қорытылатынын: не анық дәлелдеме арқылы, не иландыру арқылы болатынын айқындайды.13
Шығыс педагогикасы тарихында аса құнды шығармалар қатарынан орын алатын “Кабуснама” (ХІ ғ.) жәдігерлігінде шешендік өнерге жоғары баға беріледі және сөздің құнын бағалай білу керектігін ескертеді. “Халық алдында сөйлеген сөзің сұлу болып, оны жұрт ықыласымен тыңдасын. Сөз өнерін меңгеріп, биік дәрежеге көтерілгеніңді жұрт сөйлеген сөзіңнен білсін. Халық адамның қандай дәрежеде екенін сөйлеген сөзі арқылы біледі, керісінше, сөз дәрежесін адам арқылы білмейді. Өйткені әр адамның шама-шарқы өзінің сөйлеген сөзінің астарлы мәнінде жасырынып жатады”,14 – деген кеңес айтады.
Қазақ қоғамындағы билік пен шешендік жайында мәнді пікір айтқан оқымысты – Ш.Уәлиханов (1835-1865). Ол өзінің “Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты” деген мақаласында би атанудың екі түрлі шартын атап көрсетеді. Ғалым “Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би аталу үшін қазақ халық алдында әлденеше сайысқа түсіп, өзінің заң жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған”15 – дейді.
Бұған қарағанда халықтың әдет-ғұрып салтын жақсы біліп, көп алдында өзінің ойға ұшқыр, сөзге шешендігін көрсете алған адамға ғана би атағы берілмек. Халық шешендікті жоғары бағалаған. Шешен болмаса, би де бола алмаған.
Қазақ фольклортану ғылымында есімі ерекше орында тұратын адамның бірі – В.В.Радлов (1837-1918). Ғалым халық әдебиетінің көптеген үлгілерін, соның ішінде “Жиренше шешен” аңызын да жазып алады және қазақ халқының сөзге тапқырлығын да жақсы аңғара білген. “Қазақтар өзі тектес басқа халықтардан айрықша сөз мәнерімен, ғажайып шешендік тапқырлығымен дараланып көзге түседі. Қазақтар қашан да мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді. Өзінің ойын дәл және айқын ұғындыра отырып, өз сөзін белгілі мөлшерде мәнерлеп бере біледі. Тіпті ауызекі сөйлесіп отырған кездің өзінде олардың сөйлемінің ой кестесі өлең жолдары мен шумақтары секілді ұйқасып, үйлесіп келетіндігі сонша – нағыз өлең екен деп таң қаласың”, – деп жазады ол.
Ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин (1841-1889) өзінің “Қазақ хрестоматиясы” оқулығында бірнеше шешендердің (Ізбасты, Жәнібек батыр, Жиренше) сөздерін берген. Осы арқылы жастарды жатық, ұтымды сөйлей білуге және адамгершілікке баулуды мақсат еткен.
Билік-бітім айтатын адамның қандай болуы жөнінде ұлы Абай да “Үшінші қара сөзінде” пікір білдіреді. “Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы “Қасым ханның қасқа жолын”, “Есім ханның ескі жолын”, әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде кеңес болғанда “Жеті жарғысын” білмек керек”16. Бұған қарағанда халықтың жол-жорасы мен шешендікті ұштастыра білген адам ғана шешен-би атанғанын байқаймыз.
Тарихшы Құрбанғали Халид (1846-1910) “Тауарих хамсасында” халықтың әдет-ғұрпынан мәлімет береді. Қазақтың кейбір шешен-билерінің биліктері және “түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” атанған Майқы жайында дерек айтады.
Алқалы топтың алдында ешкімге бұра тартпай билік айту, дау-таласты басып, ынтымаққа келтіру оңай іс болмаған. Сондықтан кезінде қазақ қоғамындағы билік туралы “Дала уалаяты газетінің” бетінде де билер мен олардың қоғамдағы орны туралы бірнеше мақалалар (“Қазақ билері хақында”, “Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы”, “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы”) жарияланған. Солардың біреуінде: “Бағзы билер бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде қазақтың әдет-рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен. Солар көп уақыт билік қылып, әбден ысылып, халық арасында бір атақты би аталып, ешкім қарсы тұрмайтын болып, өз ойларыменен әділеттікпен іс кеседі екен, һәм солардың бітірген жұмысын ұқлы хандар да әрқашан бұзбайды екен”17, – деп жазылған.
Бұл тұжырым Шоқан, Абай пікірлерімен сәйкес келеді. Бұдан шығатын түйін сол – билер “бек білімді, ақылды, әділетті, әдет-рәсімдерді білетін, шешен болуы” керек екен. Қазақтың бұрынғы би-шешендерінде осындай қасиеттер болған.
Осы арада айта кетер бір жай “Дала уалаяты газетінің” беттерінде фольклорлық материалдар көптеп жарияланып тұрған. Солардың ішінде шешендік сөздерге де орын беріп отырған.

Елінің бірлік-бүтіндігін ойлаған Шәкәрім Құдайбердіұлы да (1858-1931) ел басқару, дау-шарды бітіру мәселесіне назар аударады. Ақын өз ойын “Би һәм билік туралы” мақаласында білдіреді. Бір кезде билік туралы қазақтың “ескі жолы” болғанын еске салып, солардың көп көңілінен шығатын қағида-ережелерін қайта іріктеп, талғап қолданса кейінгі күн талабына да жауап бере алатындығын еске салады.


Осы ретте ұлт қайраткері, аудармашы-журналист, фольклоршы Әлихан Бөкейхановтың (1866-1937) мақалаларын да айту орынды. Автор “Би һәм билік”, “Тағы да би һәм билік” атты еңбектерінде би мен билік қандай болуы керектігі жайында ой қозғайды. Орыс судьясына әлде шариғат жолына қол арту керек пе? Қандай жолды таңдау керек дей келіп: “Әділ би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болады. Әділ билік рәсімге сүйенсе, орнына келеді”, - деп бұрынғы билікті жоғары қойып, әділдікті талап етеді.
Халықтың тұнып тұрған мол мұрасын жинауды өмір бойы мұрат тұтып, осы жолға өзінің бүкіл саналы ғұмырын арнаған адамның бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931). Оның хатқа түсірген материалдарының ішінде шешендік сөздердің барлық түрлері бар. Өйткені ол шешендік сөздерді ұрпақ үшін, тарихты тану үшін қажетті мұра деп қараған. Өзі жинаған шешендік сөздерінің қандай жағдайда айтылғанына назар аударып, қысқаша түсініктеме беріп отырған.
Сонымен бірге Мәшһүр Көпеев жинаған материалдардың ішінде Асан қайғының жерге байланысты айтқан шешендік сындары да көптеп ұшырасады. Осы ретте шешендік-тапқырлық сөздерді Ә.Диваев (1856-1932) пен А.Васильевтің (1861-1943) жинаған материалдарының ішінен де кездестіруге болады.
Белгілі ғұлама Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) “Әдебиет танытқыш” деген еңбегінде (1926) көркем әдебиет пен сөз табиғатына, жанрлық түрлеріне, сыр-сипаты мен қоғамдық қызметіне байланысты байыпты байламдар айтады. Осы қатарда шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударады. Шешендердің мақсаты баяндау ғана емес, “пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту”. Осы айтылған мақсатты іске асыру үшін шешен сөздің “тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл” болуы керек. Мұны шешендікке тән сипат деп біледі. Сонымен бірге шешен сөз бес бөліктен құралмақ. Олар: бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы, қорытпасы.
Оқымысты шешен сөздерді төмендегідей түрлерге жіктейді: 1) саясат шешен сөз, 2) билік шешен сөз, 3) қошемет шешен сөз, 4) білімір шешен сөз, 5) дін жайында сөйлеген ғұламалар сөзі (уағыз деп аталады)18.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары әдебиет туралы зерттеу жазған адамның бірі – Халел Досмұхамедұлы (1883-1939). Ол “Аламан” (1926) атты зерттеуінде қазақ фольклорын бірқанша жанрлар мен жанрлық түрлерге (46 жанрға) бөледі. Солардың біріне шешендік сөздерді жатқызып, оларды “билік сөз” деп атайды. Билік сөздің қандай жағдайда айтылатынына сипаттама береді. Автор “Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр, жауапты, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады”19, – деп тұжырымдайды.
Академик-жазушы М.Әуезов (1897-1961) “Әдебиет тарихы” (1927) оқулығында “Билер айтысы” деген тарауша беріп, шешендік сөздерді осылай атаған. Ғалым жинаған материалдарының ішкі мазмұнына қарай билер айтысын төрт түрге бөледі, мысалдар келтіреді. Автор осы оқулығына жазған кіріспе сөзінде әдебиет тарихы мен оны дәуірлеу мәселесіне, ауыз әдебиеті және оның жанрлық сипаттары жайында ой толғайды. Билер айтысы ел әдебиетінің ең бір мол саласы екенін айта келіп: “Біздің қолымызда сондай көп мысал болмады. Екінші, әлгілер сияқты түрі көп бөлімдерге аса тереңдеп кету қисынсыз болды”, – деп түсініктеме береді. Билер айтысы толық жиналмағандықтан, бұл уақытша ғана жіктеу екенін ескертеді.
Отызыншы жылдардың ішінде қазақ фольклорын жинап, зерттеген адамның бірі – Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Ол 1932 жылы “Қазақ әдебиеті” атты зерттеуін шығарады. Осы еңбегінде халық әдебиетінің барлығы дерлік жанрларын ретке келітіріп жүйелейді. Өзі жинаған материалдарына сүйене отырып, зерттеулер жүргізеді. Фольклорлық жанрларға сипаттама береді. Осы ретте Сәкен шешендік сөздерге де назар аударады. “Билер дәуірінің әдебиеті”, “Билер сөздері” деген терминдерді қолдана отырып, шешендік сөздерді жеке жанр ретінде қарастырады. Автор осы зерттеуінде көптеген шешен билердің сөздерінен үзінді мысалдар келтіреді. Мәселен: “Алшынбай айтқан сөз”, “Жарылқасын шешеннің айтқаны”, “Бөлтірік айтқан сөз”, “Торайғыр би айтқан деген сөз”, “Асан би айтқаны”, “Байдалы би айтқан деген сөз”, “Төле би айтты деген сөз” ретінде келтіріп отырады.
Сондай-ақ Есет би, Түрке би, Боран би, Орманбай би, Мүңке би, Нұрке би, Аққожа би, т.б. би-шешендердің сөздерін дәйектеме дәлел ете отырып, талдаулар береді. “Көшпелі ел тұрмысы туғызған шешен-билердің осындай сөздері ереже, заң болған”, – деген орынды пікір айтады. Сонымен бірге олар заман, өмір туралы да толғаған дей келіп, мысалға төмендегідей шешендік сөзді ұсынады:
... Арғымақ жабы көрінер, –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет