Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі39,94 Kb.
#5556
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында.

Сабақтың мақсаты: диалог, монолог, өлең, тақпақ, мақал-мәтел, нақыл сөздер, ән, қойылым арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

1.Білімділік:

-таныс емес сөздердің мағынасын сөз құрамы, контекст, сөздік арқылы анықтау;

-грамматикалық тұлғаларды айыра білу;

-сөз тіркесін сөйлем ішінде айыра білу;

-мәтіннен етістіктерді таба білу;

-мәтіндегі пәрменді сөздерді оқу;

-сөйлемдерге синтаксис талдау жасау;

-пәрмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасау.



2. Дамытушылық:

-оқушының ойлау қабілетін, ізгі ниетін, жақсы қасиеттерін, сөйлеу тілін, жылдам жұмыс жасау қабілетін дамыту;

-естігенін іс-әрекетте қолдана отырып, нәтиже шығаруға баулу.

3. Тәрбиелік:

-таза сөйлеуге, тіліне сақ болуға, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс - тәсілдері: мәтінмен, тақтамен, үлестермелі кәртішкелермен, диалогпен жұмыс жасау, тыңдалым, жазылым, айтылым, оқылым, қойылым, әңгімелеу, сұрақ қою, жауап беру, түсіндіру, қайталау.

Сабақтың көрнекі-құралдары: кестелер, мақал-мәтелдер, үлестірмелі кәртішкелер. Сабақтың барысы:




Сабақ кезеңі

Мазмұны

Ескерту

1.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, кезекшімен сұхбаттасу.




2.

Дыбыстық жаттығу

Мақал – мәтел: Адам - ардақты ат.

Адам – бір- біріне қонақ.



жаттау


3.

Грамматика Үй жұмысын тексеру

Қазақ тіл – қандай тіл?

Қазақ тілі қашан мәртебе алды?

Қащақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

Қазақ тіліне қандай тілдер жақын?

Біздің мемлекет қандай ел?






4.

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс




Сөздік:

әрқайсымызға – каждому

талап қою – предъявлять требования

ауызекі – устно

еркін – свободно

ынта қою – усердие, усилие

әзірлеу – готовить, подготовить

сөздермен фонетикалық талдау
Қазақ тілі сабағында

Біз биыл алтыншы сыныпта оқып жүрміз.

Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл – қазақ, неміс, ағылшын тілдерін оқиды.

Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындлаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап береміз, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік талдаулар жасаймыз, диктант, мазмұндама, шағын шығарма жазамыз.Біз сабақта көбіне ауызекі сөйлесеміз. Сурет бойынша әңгіме құрап, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз, өлеңдерді жаттаймыз.

Біз қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысамыз, өйткені қазақ халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді. Сол үшін қазақ тілі сабғында ынта қойып көп әзірленеміз, үйде де, аулада да, мектепте де қазақша сөйлейміз.
Айтылым

Диалог:


  1. Биыл сендер нешінші сыныпта оқып жүрсіңдер?

  2. Мектептің оқущылары қайндай тілдерді оқиды?

  3. Қазақ тілі сабағында қандай тілде сөйлейсіңдер?

  4. Сабақта қандай жұмыс түрлерін орындайсыңдар?

  5. Қазақ тілін не үшін білігін келеді?






5.

Топпен жұмыс

1 топ. Тапсырма: тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұның айтып беру.

2 топ. Тапсырма: Мәтін бойынша диалог құрастыру.

3 топ. Тапсырма: мақал-мәтелдермен сайыс.


карточкамен

жұмыс




6.

Жазбаша жұмыс

Синтаксис талдау:

Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі.

Біз сабақта көбіне ауызекі сөйлесеміз.





7.



Үй жұмысы



Мәтін құрастыру «Қазақ тілі сабағында»







8.

Қорытындылау

Бағалау



Сабақта нені үйрендік?

Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?


  1. Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек.

  2. Сөздерді жаттау керек.

  3. Қазақша газер-журнал оқу керек.

  4. Теледидар көру керек.

  5. Үйірмеге қатысу керек.

  6. Сабаққа дайындалу керек.

Бағалау парағы бойынша.


суретпен

жұмыс



Каталог: uploads -> doc -> 08b9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08b9 -> Қарасу ауылы Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі
08b9 -> Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев "Қайырлы түн", "Қара өлең" Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет