Стан археологиясы



бет43/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Солтүстік Түгіскен – кейінгі қола дәуірінің ескерткіші. Оны М.А.Итина 
зерттеген. Сырдарияның тӛменгі ағысында, Арал тӛңірегінде кейінгі қола
дәуірінің бірегей кешені – Тҥгіскен кесенелерінің ең ерте уақытқа 
жататындары 4, 5 және 7-ші кесенелер тікбҧрышты (54х28х10-12, 48х32х10-
11 см) шикі (қам) кірпіштен тҧрғызылған. Жоспарында сыртқы шаршы 
қабырғалармен ҧштасатын дӛңгелек (диаметрі 14 м) негізге алынған. Ішкі
қабырғадан сәл шыққаннан кейін (1,6 м қашықтықта) дӛңгелегінен 8 немесе 
12 тікбҧрышты кірпіш колоннасы орнатылған, қазір одан екі метрдей бӛлік
қана сақталған (5а кесене). Ары қарай осы сақинадан 1,3 м қашықтықта 
орнатылған тӛрт немесе сегіз колонна ҥшбҧрыш тҧрпатты болып келеді.
Осындай бір-бірден колонналар қҧрылыстың әрбір сыртқы тӛрт бҧрышында 
болған (4 және 5а кесенелер). Бірінші, ҥлкен сақина колонналары ӛзара жҧқа
кірпіш қабырғамен (5а кесенесі) немесе ӛрілген екі қабырғамен жалғасқан. 
5а кесенесінде кірпіш қабырғаның сыртқы жағынан саз балшықтан
жасалған «орындықтар» орнатылған, олар колонналар арасын толтырып 
тҧрған, және де кірпіш қабырға тіреуіш қызметін атқарған. Бҧл 5а
кесенесіндегі камера ауданын бӛліп тҧрған екінші қатардағы колонналар 



136


ӛзара байланыса қоймаған. Сӛйтіп, колонналар жҥйесі тікбҧрышты
камераның ортасында орналасқан сыртқы және ішкі дәліздерге бӛлінген. 
Соңғысы 4 және 5а кесенелерінде тереңдетілмеген, тек колонналармен
шектелген; 7 кесенеде ол 0,2-0,3 м тереңдетілген, және де оның қабырғасына 
кӛлденеңінен жатқан бӛрене кеспелтектері қойылған. Кесенеге кірер есік
шығыс жақта болған және де ол тікелей ішкі дәлізбен жалғасқан. Сыртқы 
дәлізге кіру кейбір кесенелерде (5а, 7) мҥмкін болмаған, ӛйткені ол ӛтетін
жер қалдырылған екі қабырғамен бӛлініп тҧрған. Барлық кесенелер ҥстірт 
ҥстіндегі жер бетіне тҧрғызылған.
Кірпіш колонналарымен қатар, оларды қайталай ағаш бағаналар да 
тҧрған, бҧлардан тек едендегі шҧңқырлар сақталған. Сӛйтіп, кесене ішінде
айналып ӛтетін дәліздер жҥйесі қалыптасқан. Ортада орналасқан бӛлмеден 
және дәлізден қыш ыдыстар, қоладан жасалған қҧралдар мен қару-жарақтар,
алтын әшекейлер алынған. Орталық бӛлмеге қойылған мҥрде кесенемен бірге 
ӛртелген.
6 кесене Солтҥстік Тҥгіскендегі кейінгі уақытқа жататын ең ірі 
кешендердің бірі. Бҧл жоспары бойынша дӛңгелек келген (диаметрі 25 м
шамасында) жерлеу қҧрылысы болып табылады, ол шикі кірпішпен (50-
60х25-30х10 см) ӛрілген цилиндр секілді орталық массивтен (диаметрі 15 м)
тҧрады, оған шаршы тҥріндегі жерлеу камерасы енген. Массив сыртқа 
қоршау сақинасымен қоршалған, олардың арасында ені 2,05 м дәліз
орналасқан. Шығыс жағынан ішкі және сыртқа қабырғаларда 1 м шамасында 
ӛтетін жер қалдырылған. Жерлеу камерасының (ӛлшемі 7,8х6,9 м)
бҧрыштары әлемнің тӛрт тарапына қаратылған және де ежелгі жер бетіндегі 
деңгейден 1,3 м тереңдікте қазылған, одан жоғарыда жҧқа қамыс қабатының
ҥстіне ӛрілген кірпіш қаландысы тҧрған. Қаланды ӛрілгенге дейін батыс 
қабырғаның тлпырақ бӛлігінен екі шҧңқыр қазылған. Олардың бірі қабырға
астынан 2 м тереңдікке дейін барады, және де одан сҥйек қалдықтары, бәлкім 
сиыр қаңқасы шыққан. Бҧл «қҧрылыс іргесін қалау кезіндегі қҧрбандық».
Жерлеу камерасының қабырғалары қалың қамыс пен бҧтақтармен бекітілген, 
сірә бҧл сырғауыл мен бағаналар есебінен ҧсталып тҧрған тоқыма болса
керек.

6-шы кесене – ақсҥйектің қабірі. Мҧны ең алдымен бір бӛлігі шарықта


жасалған ыдыстардың (60-тан астам) аса бай топтамасы да дәлелдейді. Оны 
алтыннан жасалған олжалардың бӛліктері де растайды. Мҧнда ақсҥйек әйел,
тіпті абыз әйел жерленсе керек. 
Солтҥстік Тҥгіскеннің барлық кесенелері бір мәденитке жатқанымен,
олардың арасынан сыртқы қабырғасы шаршы тҥріндегі 4, 5а және 7 
кесенелерді ең ерте кезге, сыртқы қабырғасы дӛңгелек келген 4а, 5в, 6, 15
кесенелерді кейінгі уақыттарға жатқызуға болады. Кейінгі кезеңдегі 
ескерткіштер қатарына сол кірпіштерден ӛріліп, кесенеге жапсарластырылған
қоршауларды да атауға болады.
Едені сазбен сыланып, оған циновка тӛселінген. Қабырғалары, сірә, қола
шегелермен қағылған кілеммен немесе киізбен сәнделген сияқты. Мҧның 
бәрі де мҥрдемен бірге ӛртелген.




137


Ҥлкен кесенелерге жапсарластырыла шикі кірпіштен тік бҧрышты
бӛлмелер соғылған, олардың ішіне қабір шҧңқырлары орналасты. Жапсарлас 
қҧрылыстар ауданы 35-50 шаршы м аралығында. Бҧларда да мҥрде ӛртелген.
Обаларда қыш ыдыстар саны ӛте кӛп. Олардың бірінен 40-қа жуық қыш 
ыдыстар, сондай-ақ алтын мен ақық моншақтары, қола тҥйреуіш, алтын
сырға шықты. 
Жерлеу инвентары ішкі дәліздерден және камералардан табылған.
Жапсарлата салынған қоршаулардан алынған олжалар жерлеу шҧңқырын 
алып жатқан барлық аумақтан кездескен. Тҥгіскен кесенелерінен ерте
замандарда тоналғанына қарамастан, қазба кезінде қоладан, жартылай бағалы 
тастардан, алтыннан жасалынған әшекей бҧйымдар, қыш ыдыстар топтамасы
жинастырылды. Бҧл жерден шарықта және қолдан жабыстырылып 
жасалынған 200-дей бҥтін ыдыстар табылды. Қолдан жапсырылған ыдыстар
андроновтық дәстҥрді сақтаған, мҧндай ыдыстарға ойық немесе ҥшбҧрыш, 
ромб, меандр тҥріндегі тарақты ӛрнектер тҥсірілді.
Ыдыстардың бір бӛлігі – қҧмыра мен табақтар сҧр, қоңыр және қара 
тҥспен жалтыратыла кӛмкерілген. Бҥйірі дӛңгелек ыдыстар дандыбай-беғазы
ескерткіштеріндегі қыш ыдыстар кешеніне ҧқсас. Шарықта жасалынған 
ыдыс-аяқ сҧр тҥспен кӛмкерілген; қысқа мойынды, бҥйірі жарты шар тәрізді.
Ал, қабырғалары кедір-бҧдырлы. Геометриялық ӛрнекпен сәнделген, ақ 
пастамен толтырылған мойыны қысқа жалтыр ҧстағышсыз қҧмыралар да
ҧшырасады. Тҥгіскен кесенелері бҧл олжаларға қарағанда б.з.б. Х-VІІІ 
ғасырлармен мерзімделінеді.
Барлық кешендерден, соның ішінде 5б кесене сіндегі жерлеу қабірінен 
сҧр не болмас қоңыр тҥсті жалтыратылған қыш қҧмыралар табылған. Олар
ашық келген немсе табақша тҥріндегі тҥбі жалпақ, ӛрнексіз ыдыстар. Мҧндай 
артефактілер Хорезм ӛңіріне кеңінен таралған әмірабад кешендеріне (б.з.б.
VІІІ ғасыр) тән.
6-шы кесенеден егіншілікпен айналысатын мәдениеттерге тән екі хум
табылған. 
Жапырақ тәрізді тӛлкесі жасырылған және ҥкісі тар жебе ҧштары да
ҥлкен қызығушылық туғызады. Мҧндай типтегі жебе ҧштары Әмударияның 
тӛменгі ағысындағы, Солтҥстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы
ескерткіштерден табылған және де олар б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлармен 
мерзімделінеді.
Ғылыми әдебиеттерде «киммерлік тип» деген атаумен кеңінен танымал 
жапырақ тәрізді қола қанжар б.з.б. ІІ-мыңжылдық соңы – б.з.б. І-мыңжылдық
бас кезімен мерзімделінеп келеді. 
Тҥгіскен кесенелерінен табылған әшекейлер арасынан ағаш негіздемеге
орнатылған ҥш конус бекітілген ілгегі бар алтын қалқанды сырға ерекше 
назар аударуға тҧрарлық. Ортаңғы конус алтыннан жасалған, ал шеткілері
кҥмістен істелінген болса керек, олар ӛте нашар сақталған. 
Ілгекке орнатылған бір немесе екі қоңырауша тҥріндегі ірі сырғалар да
табылған, олар сыртынан екі немесе ҥш жарты сфера пішінді тоғалармен 
әшекейленген.




138


Солтҥстік Тҥгіскеннен табылған әшекейлер қатарына кҥмістен және
қоладан жасалған екі тҥйреуішті жатқызуға болады. Алғашқысының бас 
жағы екі сақина тҥрінде жасалған да, оған жарты сфера тҥріндегі алтын
тоғалар кигізілген. Оның пішіні Алдыңғы Азия мен Ҥндістанда қола 
дәуірінде белгілі болған биспираль басты тҥйреуіштерге еліктеуден туындаса
керек. Екінші тҥйреуіш басы бҧрыштары «қосалқылы» ромб тҥрінде. Ол 
Арал ӛңірінен оңтҥстікке қарай жатқан аймақтардағы ескерткіштерге тән
болып келеді. Сонымен қатар металл бҧйымдарды жарты сфера тҥрінде 
тоғалармен әшекейлеу тәсілдері шығыстан енгендігі белгілі.
Кҥміс тҥйреуіш пен қоңыраушалы сырғамен бірге бір кешеннен 
алтыннан және ақықтан (сердоликтен) жасалған моншақтар (соңғысының
оңтҥстік ӛңірлерден әкелінгендігіне шҥбә жоқ) да табылған. 
Солтҥстік Тҥгіскен жерлеу орындарынан табылған барлық заттар бҧл
ескерткішті қола дәуірінің соңғы кезеңіне, соның ішінде б.з.б. Х-VІІІ 
ғасырларға жатқызуға мҥмкіндік береді. Мҧнда андронов мәдени-тарихи
қауымдастығының дәстҥрі сақталған. Бҧл қоршауларда жерлеудің орын 
алуынан (мҧнда мҥрдені ӛртеу кең таралған), мҥрделердің басы батысқа
қаратылуынан да байқалады. Конус тәрізді сырғалардың андроновтық 
екендігі даусыз мәселе, бірақ андроновтық, дәлірек айтқанда федоровтық
қыш қҧмыралар пішіні мен ою-ӛрнегі мҧнда кеңінен таралған. 
Сырдария сағаларында жҥргізілген зерттеулер дамыған қола дәуірінің
кӛптеген тҧрақтарын зерделеуге мҥмкіндік берді, әсіресе оңтҥстік 
аймақтарда, Іңкәрдария сағаларында андроновтық мәдениетке жататын
ескерткіштер кӛп (бірен-сараны алакӛл мәдениетіне, басым бӛлігі федоров 
мәдениетіне жатады). Мҧның бәрі федоровтық мәдени қҧрауыш Солтҥстік
Тҥгіскен материалдары ҥшін жергілікті болған деп топшалауға итермелейді. 
Маңызы жағынан екінші орында әмірабад қҧрауышы (компонент) тҧрды,
ол қыш қҧмыралар бойынша нақты байқалады. Оның орын алуы 
Әмударияның тӛменгі ағысын мекен еткен тҧрғындармен кейінгі қола
дәуірінде орнатылған байланыстармен де тҥсіндіруге болады. 
Солтҥстік Тҥгіскен кесенелерінің архитектурасы мен мәдениеті Орталық
Қазақстанның беғазы-дәндібай ескерткіштерімен ҧқсас екендігін де жоққа 
шығаруға болмайды. Бҧл жекелеген жоспарлардан, ыдыстардың тҧрпатынан
да байқалады. Солтҥстік Тҥгіскен мәдениетінде оңтҥстік әсері де қатты 
байқалып қалады. Оны шикі кірпіштен тҧрғызылған кесенелердің кҥрделі
архитектурасынан да байқатады. 
Солтҥстік Тҥгіскен кесенелері Қазақстан мен Орта Азия тҧрғындары
арасында болған кҥрделі әлеуметтік және этномәдени ҥрдістерді кӛрсетеді. 
Олар ӛз кезегінде мҥліктік және әлеуметтік теңсіздікке алып келген мал
шаруашылығының дамуына, артық ӛнімнің ҧлғаюына, айырбас рӛлінің 
артуына байланысты болған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет