Стан археологиясы



бет59/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Бесшатыр қорымы. Бҧл қорым Іле ӛзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр
тауының қойнауында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 170 км жерде 
орналасқан. Қорым солтҥстіктен оңтҥстікке қарай 2 км-ге, шығыстан батысқа
қарай 1 км-ге созылып жатыр және де ол 31 обадан тҧрады, олардың 21-і таспен, 
ал қалғандары қиыршықтас және топырақ ҥйінділерімен жабылған.
Обалар қорымда жҥйесіз орналасқан, алайда солтҥстік және оңтҥстік топтарға 
жіктелінеді. «Ҥлкен оба» деп аталған ең ҥлкен оба қорымның солтҥстік-шығыс
бӛлігінде орналасқан. Оның диаметрі 104 м, орташа биіктігі 15 м. Ҥйінді тӛбесі 
қиық конус тәрізді, жалпақ тӛбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы
табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат теселген, бҧл — орасан зор ҥйінді 
орнатқан цоколь секілді болып кӛрінеді. Ҥйіндінің солтҥстік және оңтҥстік
жақтарында тӛменге қарай тҥсетін ордың (ені 2 м) ізі байқалады. Ҥйіндінің 
айналасынан 5-7 метр қашықтықтан тас дуал етеді (ені 2 м және сақталып қалған
биіктігі 50-60 см). Ҥйіндімен қатар бір басы кемілген ірі тас бағандардан 
(менгирлерден) және ҥлкен кой тастардан қоршау тҥрінде тҧрғызылған дӛңгелек
қҥрылыстар салынған. Ҥлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. 
Кейбір тік тҧрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап
салынған. Обаның солтҥстік-шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, 
олар оңтҥстік-шығыстан солтҥстік-батысқа карай созылып жатыр. Олардың
жанынан қыш ыдыстардың кӛптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың 
тҧтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың кӛпшілігінде тайыз жерден кҥл-ыс
дақтары табылды, екеуінен сҥйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен 
моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға
және қҧрбан шалу ғҧрпына байланысты болуы ықтимал. 



179


Басқаларынан солтҥстікке таман орналасқан Бірінші Бесшатыр обасының
диаметрі 52 м, биіктігі 7 м. «Ҥлкен» оба секілді оның да тӛбесі жалпақ болды. 
Ҥйінді ҥш қабаттан тҧрады. Жоғарғы қабат тӛбесінен бастағанда қалыңдығы 1 м-
ге жететін және негізінен 3 м болатын таспен жабылған. Ең қалыңы екінші кабаты, 
ол қалыңдығы 3,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршақтастан
тҧрады. Ҥшінші немесе тӛменгі қабатының астында Тянь-Шань шыршасының 
ӛңделген тҧтас бӛренелерінен салынған ҥлкен ағаш қҧрылыс табылды. Сағана
ҥйілген топырақ астына жерленген адамның ҥстіне тҧрғызылған, бҧл тҥгелдей 
жер бетіндегі қҧрылыс.
Сағанасы дәлізден (дромостан), тамбурдан (қабірдің алдынғы кірер аузы) 
және жерлеу камерасынан тҧрады. Дәліз ҧзын, биік және тӛбесі жабылмаған
ауданы 5,75х1,50 м қҧрылыс, оның биіктігі 5 м-ден астам. Тамбур жерлеу 
камерасының шығыс қабырғасына жалғасады. Дәліз кӛлденеңінен қойылған
кеспелтектер арқылы екі бӛлек жайға бӛлінген. Жерлеу камерасы бҧрыс шаршы 
пішінінде, бҧрыштары әлемнің тӛрт тараптарына бағытталған, 16 қатар Тянь-
Шань шыршаларынан тҧрады. Тӛбесі мен шатырына қабырғасын бойлай 
бӛренелер тӛсеніші қойылған. Тӛсеніш қалыңдығы 7-8 бӛренеден тҧрады.
Қабырғасын сыртқы және ішкі жағынан тігінен қазылып қойылған 16 бӛрене 
ҧстап тҧрған. Барлық бӛренелері жақсы ӛңделген: бҧтақтары мен бҧдырлары
тегістеліп, қабығы аршылған. Бӛлменің қабырғасын қҧрайтын бӛренелер мҧқият 
тегістеліп, бір-біріне тығыз қиюластырылған. Бӛренелерде қашау мен пышақ
іздері жақсы сақталған. Тасымалдау ҥшін олардың екі шеті мен ортасына арқан 
байлайтын кертік тҥсірілген. Жерлеу бӛлмесінің беренелерден тҧратын жалпақ
тӛбесі шиден есілген арқандармен буылған қамыс тӛсеніш қабатымен жабылған. 
Жерлеу ғҧрпынан кейін бӛлмеге апаратын есікке ірі тастар каланып, дәліз
белігі қиыршақ тас араластырған кесек тастармен тӛбесіне дейін бекітіліп 
тасталған. Осыдан кейін ғана жерлеу қҧрылысының ҥстіне тас пен қиыршақ тас
аралас кӛлемі 5 м-ден астам зор ҥйінді ҥйілген. 
Жерлеу камерасы тоналған. Еденді ҥйіндіден тазалағаннан кейін ер және
әйел адамдар қаңқаларының, жануарлардың шашылып жатқан сҥйектері, 
беймәлім бір бҧйымның ағаш аяғы аршып алынған.
Басқа Бесшатыр обаларында да дәл осындай архитектура сақталған, алайда 
олар оба мен сағана кӛлемдері бойынша бір-бірінен ӛзгешеленеді. Мәселен,
«Ҥшінші» обадағы қазба жҧмыстары ҥйіндінің 17 қабаттан тҧрғандығын 
анықтауға мҥмкіндік берді, сонымен қатар обаны айналдыра бастапқыдағы
биіктігі 1 м-ден астам қабырға болғандығын дәлелдеді. «Алтыншы» обаның 
(диаметрі 52 м, биіктігі 8 м) ҧзындығы 55 м шамасында жерасты жолдары мен
катакомбалары болды. Жолдардың кҥмбезі жарты шеңбер тәрізді, жерасты 
жолдарының биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75—80 см-ге шейін жетеді.
Қорымдағы обалардан басқа алты қоршау анықталған, оның тӛртеуі 
обалардан батысқа қарай, қалғандары солтҥстік-шығыстағы тӛбешікте
орналасқан. Қорым жанындағы тігінен қойылған тастардан (менгирлерден) 
тҧратын бҧл қоршаулар дербес ескерткіштер емес, олар обалар архитектурасына
қосымша қҧрылыстар болып табылады. Олардың бірқатарына тау ешкі, қабан мен 
қасқыр бейнелері қашап тҥсірілген.




180


Шағын обалардың ҥйіндісі топырақтан және ӛзен малта тастарынан
тҧрғызылды. Ҥйінді астында ҧзынша келген топырақ шҧңқыр орналасты, әдетте 
ол шығыстан батысқа қарай бағытталды. Мҥрдені шалқасынан жатқызып, басын
батысқа қаратып жерледі. Шҧңқырдың беті ағаш кеспелтектермен жабылды. 
Бесшатыр жанында орналасқан Қызылауыз қорымындағы екі бейіттен ҧжымдық
жерлеу салты анықталған; олардың біріндегі мҥрделер екі қатар (ярус) етіп 
жерленген.
Әдетте, камераның оңтҥстік және батыс жағына ыдыстар, ал солтҥстік 
жағына тақтайдан жасалған еденге мҥрде қойылды. Бесшатыр қорымы б.з.б. V-ІV
ғасырлармен мерзімделді.
«Есік» обасы. Ол Алматы қаласынан шығысқа қарай 40 км жердегі 40-тан
астам обадан тҧратын ҥлкен қорымның оңтҥстік шетінде орналасқан. Обаның 
диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Ҥйінді кӛп қабатты (3-4 қабат), малта тас қабаты
қиыршық-сазды қабатпен ауысып отырады. Ҥйінді астында екі қабір: орталық 
және бҥйірдегі (оңтҥстік) қабірлер бар. Орталық қабір тҥгелімен тоналған. Бҥйірдегі
қабір сол кҥйінде сақталған.
Жерлеу камерасы немесе лақыт Тянь-Шань шыршасының ӛңделген
бӛренелерінен салынған, оның кӛлемі: ішінен ӛлшегенде 2,9x1,5 м, сырты — 
3,3x1,9 м, бӛренелер қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3-1,5 м.
Қабір қҧрылысы былайша тҧрғызылған: әуелі ҧзына бойы батыстан 
шығысқа бағытталған тікбҧрышты қабір шҧңқыры (қазаншҧңқыр) қазылған. Оның
тҥбіне бӛрене қима-лақыт жасалған. Оның қҧрылымы ӛте қарапайым: 
ҧзындықтары бірдей бӛренелерді кӛлденеңінен лақыттың қабырғасы болатындай
етіп қаластырған. Бҧрыштарында бӛренелер ӛзара байланбаған, тек тҥйісіп қана 
тҧр, лақыттың ҧзын және кӛлденең қабырғаларындағы бӛренелердің ҧштары
қабірдің опырылып тҥспеуі ҥшін кезек-кезек ҧмсындырылып шығарылған. 
Лақыттың қабырғаларына бӛренелер бес қатар етіп салынып, ол ҥстінен де ҧзын
қабырғаларына кӛлденеңінен қойылған бӛренелермен жабылған. Тҥбіне 
жақсылап ӛңделген он тақтайдан бір біріне жақсы қиюластырып еден тӛселген.
Еденге ӛлік пен неше тҥрлі нәрселер қойылған.
Еденнің ӛлік жатқызылған тҧсына ҧсақ алтын қаптырмаларымен әшекейлеп
тігілген мата тӛсеніш тӛселген. Тӛсеніш ҥстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бес 
қаруы тҥгел асылған елік қойылған. Орныққан салт бойынша, ӛлік аяқ-қолы
созылып, басын батысқа, бетін жоғары қаратып шалқасынан жатқызылған, оң 
қолының саусақтары кіндігінен тӛмен қойылып, сол қолы бір жағына созылып
жатыр.

Оң жағында бел тҧсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін


аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар 
ӛткерме шегелеген. Белдіктің сол жағына шауып бара жатқан бҧлан мен ат
пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны 
бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары ҥшін
жасалған, бҥктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі 
қаптырма-тоға ерекше кӛз тартады.




181


Сол қолының қарында алтын ҥшты символды жебе, одан жоғарырақ сабы
жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, одан жоғарырақ - ішіне қола 
айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.
Лақыттың еденіне ӛлік тамағы салынған және ғҥрыптың ыдыстар қойылған. 
Жазуы бар кҥміс тостаған мен оқшауырақ тҧрған алтынмен апталған қола
тегененің де соларға жататыны анық. Оның ішінде жыртқыш қҧстың тҧмсығы 
мен тырнақтары тҥрінде жасалған бірнеше мҥсіндік алтын тіліктер жатыр.
Оңтҥстік қабырғаны бойлай ағаш ыдыс, оның арт жағында — екі катарда тӛрт 
табақша, ал алдыңғы жағында — тегене мен ожау тҧрды. Келесі қабырға жанына
қыш қҧмыралар бір-біріне тҥйістіріліп, бір қатарға тізіліп қойылған, олардың 
алдында тегенелер орналасқан, тегенелердің арасында екі кҥміс тостаған мен қасық
бірге қойылған. Кҥміс тостағандардың біріне 26 әріптен (таңбадан) тҧратын жазу 
жазылған. Қола аяқ бӛлек, қаңқаның бас жағында тҧр. Лақыттың шығыс қабырғасы
жағындағы еден бӛлігі заттардан бос. Сірә, лақыттың есігі оның шығыс жағында 
болса керек. Жерлеу ғҧрпы жасалып, дене қойылған соң лақыт қысқа
бӛренелермен жабылып, шҧңқыр топырақпен кӛмілген де, сонан соң топырақ 
ҥйілген.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 17-18 
жасар. Ол алтынмен мол тігілген сәнді киім киінген. Басына тҥгелдей тҥрі де,
кӛлемі де әр тҥрлі алтын қаптырмалармен сәнделген, тӛбесі шошақ, биік (65-70 
сантиметрге дейін) бас киім киген. Бас киім жылқы барыс, тау теке, кҧс
бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік 
жауынгерінің мойнында - ҧшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ
сырғаларында - перузадан жасалған салпыншақтары бар, кӛз салған алтын 
сырға болған.
Ҥстіне мата кӛйлек кигізілген, оның ӛңірі мен жеңдері неше тҥрлі алтын 
қаптырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп, кестеленген; кӛйлектің
сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары бешпенттің ӛн бойы 
жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен және ҥш сала жапырақ
формасындағы кішкене тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан 
зооморфтық стильде жасалған, кӛздің жауын алатын он алты кӛлемді
қаптырмамен қапталған қҧрама белдік тағылған. Белдіктің оң жағына қызыл 
қынға салынған ҧзын темір семсер, сол жағына бҧлан мен жылқы бейнеленген
алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Шалбар тігісі 
бойымен ҧсақ алтын шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей
алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сҧғындырылған. Сақ 
жауынгері саусағына екі алтын жҥзік таққан, олардың біреуі — сәнді бас киім
киіп қырын қарап тҧрған адамның бас бейнесі бар алтын (жҥзік-мӛр). Есік 
обасындағы қабірдің мерзімі б.з.б. IV ғасырдың соңы мен б.з.б. III ғасыр бас кезі
деп белгіленіп отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет